ӨМІРБАЯН
Булекбаева Қанзиба Кемелқызы 1955 жылы 16 наурызда дүниеге Жантерек теміржол бекетінде дүниеге келді. 1972 жылы Мұқыр орта мектебін бітіріп, 3 жыл теміржолшы болып еңбек етті. 1976 - 1981 жылдары Алматы шетел тілдері институтында оқып, ағылшын және француз тілдері мамандығы бойынша үздік дипломмен бітірді. Ұстаздық жолын өзі оқыған Мұқыр орта мектебінде бастап, 35 жыл оқушыларға ағылшын тілінен дәріс берді. 2006 - 2013 жылдары оқу ісінің меңгерушісі болды. 1991 жылы «Аға мұғалім» атағын алды.
1991 жылы Алматы қаласында республикалық педагогикалық оқуға қатысты.
2005 жылы «Қазақстан конститутциясына 10 жыл» мерекелік медаль иегері болды.
2007 жылы еңбектері кітаптарға еніп, «Авторлық құқық» иегері болды.
2007 жылы дүние жүзінің 11 елінен 1500 мұғалім қатынасқан «IREX» Халықаралық зерттеу бағдарламасына қатысып, АҚШ грантын жеңіп алып, 2 ай АҚШ – та тәжірибе алмасты, еңбегі еленіп, АҚШ – тың Небраска штаты Линкольн қаласында «Culler Middle School» мектебінде 2 апта әр түрлі ұлттан тұратын американдық балаларға сабақ беріп, Линкольн қаласының мэрі Chris Bentler дің қолынан «Линкольн қаласының құрметті азаматы» атағын алды.
2010 жылы 23 – 30.04 ТМД елдері білім беру қызметкерлерінің Астанада өткен І съездіне қатынысты.
2010 жылы «Инноватор меңгеруші - 2010» атағын алды. 2012 - 2015 жылдар аралығында білім сапасын бақылау департаментінде істеп, «Үздік сарапшы» атағын алды.
2014 жылы Қызылқоға ұстаздары, 2020 жылы Атырау ұстаздары энциклопедиясына есімі енді.
2020 жылы Қызылқоға ауданының «Құрметті азаматы» атағын алды.
2024 жылы Қазақстанның «Алтын кітабы» энциклопедиясына есімі енді.
2024 жылы Қазақстан Ұлттық телерадиосының «Өмір көркем» бағдарламасына шақырылып сұхбат берді. Өзі оқытып даярлаған 68 шәкірті ағылшын тілінің мамандары.