2025 жылдың қорытындысы бойынша Қызылқоға аудандық экономика және қаржы бөлімінде көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы
ЕСЕБІ
Қызылқоға ауданы бойынша 2025 жылы 25 маман 9 830,0 мың теңге көлемінде бір жолғы көтерме жәрдемақы (денсаулық сақтау 4 маманға, білім беру 11 маманға, спорт 4 маманға, ветеренария 2 маманға, мемлекеттік қызметші 1 маманға, әлеуметтік қамсыздандыру 3 маманға), 7 маманға 64 878,0 мың теңге көлемінде бюджеттік несие (денсаулық сақтау 3 маманға, білім беру 3 маманға, ауылшаруашылығы 1 маманға) берілді.
Көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттік кредит түріндегі әлеуметтік қолдау шаралары денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы және ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілерінің сұранысқа ие мамандықтардың тізбесі бойынша ұсынылады. Сұранысқа ие мамандықтар тізбесі atyrau.gov.kz сайтына, бөлімнің facebook, instagram парақшасына жарияланып отыр.
2025 жылы бөлімде орналасқан ақпараттық стендінің материалдары жаңартылып, «Заң және тәртіп» іс-шарасы аясында аудан және 10 округте мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша түсінік жұмыстары ұйымдастырылды. Сондай-ақ мемлекеттік органның gov.kz ресми сайтында көрсетілетін мемлекеттік қызмет туралы қағидалар орналастырылып, бөлімнің Facebook, Instagram әлеуметтік желісіне мақалалар жарияланып, түсінік жұмыстары мен тікелей эфирлер, жәрмеңкелер ұйымдастырылды.
Көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту, Қазақстан Республикасының мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнамасының бұзылуы фактілері, қарау мерзімдері бұзылған мемлекеттік қызметтер тіркелген жоқ, оның көрсету сапасына шағымдар түскен жоқ.