Қызылқоға ауданы бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің 2025 жылдың 12 айында атқарылған жұмыстары туралы
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 31 қаңтардағы №39/НҚ бұйрығымен бекітілген реестр бойынша 173 қызметтің ауданда 46 көрсетіледі.
2025 жылдың 12 айында 5490 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Оның 1365 ХҚКО арқылы мемлекеттік органмен, 1007 қағаз түрінде, 1375 электрондық түрде «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы, 359 ақпараттық жүйелер арқылы және «Е-лицензия» базасы арқылы 1376 қызмет.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді электронды түрде «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы алуға болатындығын тұрғындарға түсіндіру мақсатында аудандық «Қызылқоға» газеті мен облыс әкімдігінің ресми интернет-ресурсына 50 мақала жарияланса, одан бөлек 15 тікелей эфир, семинар кеңес 14, құқықтық оқыту 1, ашық есік күні 11, қоғамдық кеңес 4, онлайн-жәрмеңке 4 өтті.
«Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жәрмеңкесі» тоқсан сайын өткізіледі. Аталған жәрмеңкелерде аудан тұрғындарына барлық көрсетілетін мемлекеттік қызмет заңдылықтары кеңінен түсіндірілді.
10 ауылдық округ әкімі аппараттарында орналасқан «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары» арқылы 10022 қызмет көрсетіліп, 4585 электрондық цифрлық қолтаңба берілді.
Одан бөлек мемлекеттік қызмет көрсететін ауылдық округтер мен дербес бөлімдерге Ішкі бақылау жоспарға сай жүргізіледі. Ағымдағы жылға бекітілген жоспарға сай сәуір айынан бастап 5 ауылдық округ пен 3 бөлімге ішкі бақылау жұмыстары жүргізілді.
Алдағы уақытта да аудан көлеміндегі мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру мақсатында жұмыстар атқарыла бермек.