Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша есебі
ҚР «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша немесе өтінішінсіз жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес ауыл әкімінің аппараты 5 мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің түрін көрсетеді.
2024 жылдың қазан-желтоқсан және 2025 жылдың қаңтар-тамыз аралығында Тасшағыл ауылдық округінің әкім аппараты тарпынан мемлекеттік қызметтер тіркелген жоқ.
«Е-лицензия» АЖ арқылы көрсетілетін қызметті алушылардан электронды түрде өтініштерді қабылданып, мерзімінде орындалуда. ХҚКО интеграцияланған ақпараттық жүйесімен ықпалдастырылған.
2024 жылдың қазан-желтоқсан және 2025 жылдың қаңтар-сәуір аралығында мемлекеттік қызмет көрсету сапасына шағымданудың фактісі, қызмет алу мерзімі, бас тарту фактілері орын алмады.
Бұл бағытта аудан әкімі аппарат басшысымен жергілікті атқарушы органдарының жұмыс сапасына қанағаттану деңгейін арттыру жөніндегі медиа-жоспары бекітілген.
Аталған 5 мемлекеттік қызмет бойынша Тасшағыл ауылдық округінің әкім аппаратында қазіргі таңда «Жер учаскесін алу үшін кезекке қою» мемлекеттік қызметін көрсету қызметі бойынша 2025 жылы 104 тұрғын кезекте тұр.
Тасшағыл ауылдық округінің әкімі аппаратында «Өзіне-өзі» қызмет көрсету бұрышы ашылған. Қызмет көрсету бұрышында дербес компьютер мен принтер қойылып, жасақталған. Мемлекеттік қызметтер мен қажетті анықтамаларды, «Өзіне-өзі» қызмет көрсету бұрышы арқылы «онлайн» түрде алуда. Осы қызмет үшін жүгінген тұрғындарға бір маман бекітіліп, қажетті анықтамалары алынып берілуде.
Округ бойынша ағымдағы жылдың 9 айында «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышынан» барлығы 210 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Оның ішінде ЭЦҚ-147, мемлекеттік қызмет түрлері бойынша 63 тұрғын аталған қажетті қызметтерді алды.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері тұрақты бақылауда.