ӨМІРБАЯН
ТАЙШЫБАЕВ Сәрсен (1922 ж.т. Гурьев қ., – 2012., Миялы) – соғыс және еңбек ардагері, ұстаз. Соғыста 642 атқыштар полкі, ІІ пулеметшілер ротасы, ІІ батальон,200 атқыштар дивизиясы, 669 ОКШР, Батыс фронтында болып, соғыс кезінде ВК (б)П мүшелігіне кандидат болған. Гурьев педагогикалық институтын бітіріп, еңбек жолын Сағыздағы №490 (қазіргі №9) темір жол мектебінде мұғалімдіктен бастаған. 1951-1957 жылдары сол мектепте оқу ісінің меңгерушісі, 1957- 1973 жылдары директор қызметін атқарған. ІІ дәрежелі «Отан соғысы» ордені, «Жауынгерлік ерлігі үшін», «Кеңес Одағының Маршалы Г.К.Жуков», «В.И.Лениннің туғанына 100 жыл», «Астанаға 10 жыл», «КСРО Қарулы күштеріне 50 жыл», «Жеңіске – 20 жыл» медалдарымен және «Социалистік жарыстың жеңімпазы» төс белгісімен марапатталған. Білім беру ісінің үздігі.