Тұрғындар назарына!
2025 жылдың 8 желтоқсан күні сағат 16:00-де Ойыл ауылдық округі әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесінде жергілікті қоғамдастық жиналысы өткенін хабарлаймыз. Күн тәртібінде: Жасқайрат ауылынан жаңадан беріліп, тұрғын үй құрылысы жүргізіліп жатырған сандық көшелерге Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл толуына орай Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің есімін беру туралы мәселесі қаралып, ардагерлер ұрпақтарының ұсынысы бойынша Жасқайрат ауылының батыс бетінде орналасқан сандық көшелерге «Ағлақов Сатығали», «Бақтығалиев Тәжіғали» есімдерін беру қоғамдастық мүшелерінің тарапынан қолдау тапқанын қаперлеріңізге береміз.
Ойыл ауылдық округі әкімінің аппараты