«Қызылқоға ауданы аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы» Қызылқоға ауданы әкімінің 2022 жылғы 19 шілдедегі № 26 шешімінің күшін жою туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Қызылқоға ауданы әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- «Қызылқоға ауданы аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы» Қызылқоға ауданы әкімінің 2022 жылғы 19 шілдедегі № 26 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28862 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
- Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.
Қызылқоға ауданының әкімі
К. Азмуханов