Заң мен тәртіп- мемлекеттің басты тірегі
Округ көлемінде жедел жағдайды қадағалау, қалыптастыру сонымен қатар, қылмыстың және құқық бұзушылықтардың, қоғамдық орындарда, көшелерде және бұрын сотталғандардың тарапынан қайталап жасалатын қылмыстардың, жасөспірімдердің қатынасуымен болатын қылмыстардың сондай-ақ жол көлік оқиғаларының алдын-алуда, оны болдырмауда бірқатар жұмыстар іске асырылуда.
Ағымдағы жылдың 19 наурызында «Жангелдин» мәдениет үйінде учаскелік полиция инспекторының қатысуымен мал ұрлығының алдын-алу, жолын кесу бағытында тұрғындар жиыны өтті.
2025 жылдың 31 шілде күні алкоголь өнімін сатуға лицензиясы бар «Нұрай» дүкенінің иесіне учаскелік полиция инспекторы А.Искаков пен бірлесіп, түсінік жұмыстары жүргізілді.
2025 жылдың 13 тамызында Жангелдин ауылдық округі бойынша жергілікті қоғамдастық жиналысында учаскелік полиция инспекторы А.Искаков ауыл тұрғындарына құқық бұзушылықтың және қылмыстың алдын алу мақсатында түсінік жұмыстарын жүргізді.
Округтегі әлеуметтік нысандар мен кәсіпкерлік нысандар және «Қазыбек би» мешіті бейнебақылау жүйелерімен жабдықталды.
Жангелдин ауылының 9 көшесі және кірме жолы толығымен жарықтандырылды.
Тас жол бойында 45 жол белгісі бар.
Жыл ішінде Д.Асанғалиев және М.Лұқпанов көшелеріне 2 баннер орнатылды.
Ағымдағы жыл ішінде округ көлемінде 35 профилактикалық іс-шара («Қару», «Мигрант», «Абайлаңыз балалар», «Мал ұрысы», «Қауіпсіз жол», «Учаске») шаралары учаскелік полиция инспекторымен бірлесе өткізілді. Жүргізілген іс-шаралардың басты мақсаты құқық бұзушылықтар мен
Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын-алу мақсатында 6 профилактикалық іс-шара өткізілді. Кәмелетке толмағандардың кешкі мезгілдегі қозғалысын бақылау мақсатында 7 рет рейд ұйымдастырылды.
Алдағы уақытта округ көлемінде қылмыстың және құқық бұзушылықтың алдын-алу, болдырмау, олардың жолын кесу бағыттарында учаскелік полиция инспекторымен бірлесіп жұмыстар атқаратын боламыз.
|
Жангелдин ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Ж.Куанышева |