2020 жылы 15 қазан күні кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі Қызылқоға аудандық комиссияның отырысы
«Мектепке жол» акцияның өткізілу барысы кезінде атқарылған жұмыстар туралы аудандық білім бөлімінің басшысы Адилов Утепберген Қалыбайұлы аудан бойынша 14 орта мектепте гуманитарлық пункттер жұмыс жасайтынын, мектептердегі гуманитарлық пункттерге түскен оқушыларға қажетті құрал-жабдықтар мен киім-кешектер 78 отбасындағы 152 оқушыға берілгенін, міндетті оқу қорынан атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасынан шыққан 277 балаға, атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардан шыққан 1013 балаға, жетім және ата –анасының қамқорлығынсыз қалған 8 балаға 51920,0 тенге (әр балаға 40 000 тенгеден) қаржылай көмек көрсетілгені, «Мектепке жол» акциясы аясында кәсіподақ атынан 6 балаға ұялы телефон, демеушілік есебінен 297 балаға мектеп құралдары, телефондар, киім-кешектер, роутер-модем алынып берілгені туралы хабарлама жасады.
Сонымен қатар аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Салықов Болат Еділұлы мүмкіндігі шектеулі балалардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын арттыру бағытында атқарылған жұмыстары бойынша ауданда қазіргі таңда 139 мүмкіндігі шектеулі бала есепте тұратынын, 2017 жылдың мамыр айынан бастап Миялы және Сағыз ауылдық округтерінен мүмкіншілігі шектеулі балалардың күндізгі сауықтыру бөлімшесі ашылып, жұмыс жасайтынын, емдеу сауықтыру мақсатында 2020 жылдың 8 айы ішінде квота негізінде Алматы ғылыми зерттеу орталығына – 6 мүмкіншілігі шектеулі бала, Астана республикалық балаларды оңалту орталығына- 5 бала, Ақтөбе облыстық балалар ауруханасына – 10 мүмкіншілігі шектеулі балалар барып емделгенін, сонымен қатар мүмкіншілігі шектеулі балалардың жеке оңалту бағдарламасына сай, сұраныста берілген көмекші техникалық құралдар, міндетті гигиеналық бұйымдар, арнаулы жүріп тұру құралдарынан: 2 – арба; протездік бұйымдардан: балаларға 3-жетек арбалар, 25 балаға жаздық-қыстық ортопедиялық-аяқ киімдер; міндетті гигиеналық бұйымдардан 19 мүмкіншілігі шектеулі балаға жөргектер алынып берілді. Сонымен қатар ағымдағы жылдан бастап «Әлеуметтік қызметтер Порталы» енгізілуіне байланысты, ауылдық округтердегі мүмкіншілігі шектеулі жандар арасында түсінік жұмыстары жүргізілгендігі туралы хабарлама жасады.
Комиссия отырысында әлеуметтік көмекті қажет ететін отбасындағы балалардың білім алу үшін толықтай қажетті құралдармен (компьютер. кітап, мектеп құралдары, киім –кешектермен) қамтылуын қадағалау, сабаққа қатысуын үнемі бақылауда ұстау, құқықбүзушылықтың алдын алу үшін кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдердің кешкі мезгілде көшеде жүруін қадағалау үшін бірлескен түрде рейдке шығу, атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылары нақты зерделеніп, әлеуметтік көмектер көрсету жалғастыру, балалардың денсаулығының алдын алу үшін мекемелерде, білім беру ұйымдарында санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтау, оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалану үшін мектеп жанындағы және қосымша білім беру ұйымдарындағы үйірме, секцияларға тарту және жетім және ата –анасының қамқорлығынсыз қалған, мүмкіндігі шектеулі балаларды ақысыз қатысуын қамтамасыз ету, мүмкіндігі шектеулі балалардың денсаулығына байланысты балаларға және ата –анасына консультациялық көмек уақытылы көрсетілу және денсаулығын оңалту мақсатында жолдамалар уақытылы беру, мүмкіндігі шектеулі балаларға сабақ беретін мұғалімдерді «инклюзивті білім беру» курсынан өткізу, мектептерден дефектолог, логопед штаттарын ашу, үйден оқитын балаларды диагнозы бойынша Облыстық психологиялық-медициналық- педагогикалық консультациясының берген қорытындысы негізінде компьютермен қамту жұмыстарын ұйымдастыру туралы талқыланып, жауапты мекемелерге ұсыныстар берілді.