«ТҮНГІ МЕЗГІЛДЕГІ БАЛАЛАР» АТТЫ РЕЙД ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

«ТҮНГІ МЕЗГІЛДЕГІ БАЛАЛАР» АТТЫ РЕЙД ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Аудандық кәмелетке толмағандар істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиямен, мектеп әкімшілігі, ауылдық округ әкімшілігінің мамандары  бірлескен түрде 2020 жылдың қазан-қараша айларында аудан бойынша «Түнгі мезгілдегі балалар» атты рейд ұйымдастырылды.

Мақсаты - кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдердің қауіпсіздігін, балалар құқығының қорғалуын қамтамасыз ету, түнгі сағат 23.00-ден кейін көшеде заңды өкілінсіз жүрмеуін көшедегі ауыл  тұрғындарының (ата-аналардың) есіне салу.

Сондай-ақ, түнгі клубта, ойын-сауық орындарында, компьтерлік клубтарда жүрген оқушыларды анықтап, оларға ескерту жасау.

Рейд кезінде есепте тұрған жайсыз отбасының мекен-жайлары бойынша  тексерілді. Сонымен қатар түнгі мезгілде көшеде жүрген кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдерді, жастар көп жиналатын орындар тексерілді.

Кәмелеттік жасқа толмаған балалары беймезгіл уақытта көшеде, ойын-сауық орындарында  жүрген жағдайда, ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Бірінші рет ескерту, екінші рет қайталанса, 3 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынатыны туралы мектеп әкімшілігі мен полиция қызметкерлері жиналыстарда ата –аналарға алдын ала ескерткен болатын.

Содан болар түнгі 11-ден кейін ата-анасының қарауынсыз жүрген жасөспірімдердің саны азайды. Бұл жасалып жатқан кешенді жұмыстардың нәтижесі.

«ТҮНГІ МЕЗГІЛДЕГІ БАЛАЛАР» АТТЫ РЕЙД ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
Дата публикации
23 ноября 2020