Жолаушылар мен багажды автомобильмен республикалық (ауылішілік) тұрақты тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету құқығына арналған конкурсты өткізу туралы хабарландыру

Жолаушылар мен багажды автомобильмен республикалық (ауылішілік) тұрақты тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету құқығына арналған конкурсты өткізу туралы хабарландыру

  1. «Қызылқоға аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ-сі 2025 жылғы «18» желтоқсан, Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Миялы ауылы, Абай көшесі №4 мекенжайы бойынша жолаушылар мен багажды автомобильмен республикалық (ауылішілік) тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету құқығына арналған конкурсты өткізу туралы хабарлайды.
  2. Конкурсқа мынадай маршруттардың пакеттері (маршруттар) шығарылады:

№1 лот, Миялы ауылішілік «Абай көшесі – Автобаза»

  1. Конкурсқа меншік нысанына қарамастан, меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде автокөлік құралдары бар кез келген жеке және заңды тұлғалар қатысады.
  2. Конкурсқа қатысуға тілек білдірушілер «Қызылқоға аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ-не конкурстық құжаттардың жиынтығын алуға жазбаша өтінімді Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Миялы ауылы, Т.Қарабалин көшесі №46, Қызылқоға аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің ғимараты мекенжайына немесе [kyzylkoga_zhkh@mail.ru] электронды поштасына ұсынуы тиіс.
  3. Конкурстық құжаттарды алуға өтінімдерді қабылдаудың және конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі: 2025 жылғы «5» желтоқсан, сағат 18:00-ге дейін.
  4. 2025 жылғы «24» қарашада Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Миялы ауылы, Абай көшесі №4 ғимараттың 2-қабатында конкурстық комиссия конкурсты өткізу мәселелері жөніндегі конкурс алдындағы конференцияны өткізеді.
  5. Анықтама алу үшін телефондар:

   8-71238-2-12-63; 8-778-928-28-02; 8-775-194-19-70

 

Жолаушылар мен багажды автомобильмен республикалық (ауылішілік) тұрақты тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету құқығына арналған конкурсты өткізу туралы хабарландыру
Дата публикации
17 ноября 2025