Қызылқоға ауданының 2026 жылға арналған оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы
Түсіндірме жазба
|
№ р/с |
Түсіндірме жазбада көрсетілуге тиіс мәліметтер тізбесі |
Жобаны әзірлеушінің мәліметтері |
|
1 |
Әзірлеуші мемлекеттік органның атауы.
|
«Қызылқоға аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ-сі |
|
2 |
Тиісті құқықтық актілерге, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардың нормаларына, Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне, Президенттің, Президент Әкімшілігі, Үкімет және Үкімет Аппараты басшылығының хаттамалық және өзге де тапсырмаларына сілтеме жасай отырып, жобаны қабылдау үшін негіздемелер және/немесе оны қабылдау қажеттігінің басқа да негіздемелері. |
Қазақстан Республикасының салық кодексінің 726-бабына сәйкес
|
|
3 |
Жоба бойынша қаржы шығындарының қажеттігі және оның қаржылық қамтамасыз етілуі, оның ішінде қаржыландыру көзі, сондай-ақ қажет болған жағдайда Республикалық бюджет комиссиясының шешімі (тиісті есеп-қисаптар, қаржыландыру көзіне сілтеме, Республикалық бюджет комиссиясы шешімінің көшірмесі міндетті түрде түсіндірме жазбаға қоса беріледі). |
Қаржылық шығындарды талап етпейді. Салық мөлшерлемесінің төмендеуі жергілікті бюджетке қосымша шығын келтірмейді |
|
4 |
Жоба қабылданған жағдайда болжанатын халықтың ауқымды топтары үшін әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге салдары, сондай-ақ жоба ережелерінің ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ықпалы. |
Қызылқоға ауданының оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану кезінде төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда, корпоративтік немесе жеке табыс салығы мөлшерлемесінің мөлшері 2026 жылға 4 (төрт) пайыздан 2 (екі) пайызға төмендетіледі. Бұл шара кәсіпкерлердің салықтық жүктемесін азайтып, көлеңкелі экономиканы қысқартуға және салықтық түсімдердің тұрақтылығына оң әсер етеді |
|
5 |
Әлеуетті стейкхолдерлер (мемлекет, бизнес-қоғам, халық, өзге санаттар) үшін мүмкін салдарды егжей-тегжейлі сипаттайтын нақты мақсаттар мен күтілетін нәтижелердің мерзімдері.
|
Мақсаты-оңайлатылған декларация негізінде арнайы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесін 4%-дан 2%-ға дейін төмендету бизнес-ахуалды жақсартуға, салық жүктемесін төмендетуге, бизнесті заңдастыруға және кәсіпкерлік сектордың іскерлік белсенділігін арттыруға ықпал ететін болады. Мерзімі-2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
|
|
6 |
Енгізілетін жоба қабылданған жағдайда заңнаманы оған сәйкес келтіру қажеттігі (басқа нормативтік құқықтық актілерді қабылдау немесе қолданыстағы актілерге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу талап етілетін-етілмейтінін көрсету) не ондай қажеттіліктің болмауы. |
Қолданыстағы заңнамаға өзгерістер енгізуді талап етпейді |
|
7 |
Нормативтік құқықтық акті жобасының Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға және Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне сәйкестігі. |
Жоба Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына және халықаралық ұйымдардың шешімдеріне қайшы келмейді |
|
8 |
Нормативтік құқықтық акті жобасының қолданысқа енгізілуіне байланысты жеке кәсіпкерлік субъектілері шығынының азаюын және (немесе) ұлғаюын растайтын есеп-қисаптар нәтижелері. |
Салық мөлшерлемесінің 4%-дан 2%-ға төмендеуі нәтижесінде кәсіпкерлердің салық төлемдері қысқарып, олардың жалпы шығындары азаяды. Бұл шара кәсіпкерлік субъектілерінің қаржылық жүктемесін жеңілдетіп, табыстылығын арттыруға мүмкіндік береді |
Бөлім басшысы: З.Сарбуфеева