Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан – жаңа мүмкіндіктер уақыты 2025 жылғы 8 қыркүйекте Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауын жариялады.
Бұл Жолдау еліміздің цифрлық даму бағытын айқындаған маңызды құжат болды. Мемлекет басшысы жасанды интеллект пен цифрлық технологиялардың қоғам өмірінің барлық саласына ықпал етіп отырғанын атап өтіп, Қазақстанның бұл үдерістен шет қалмауы қажеттігін айтты.
Президент өз сөзінде экономиканы технологиялық жаңарту, мемлекеттік басқаруда ашықтық пен тиімділікті арттыру, білім беру жүйесін цифрландыру, сондай-ақ қала мен ауыл арасындағы цифрлық теңсіздікті азайту міндеттерін нақты белгіледі.
«Жасанды интеллект – болашақтың тілі, ал оны меңгеру – ұлттың табысы», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Жолдаудағы басты мақсат – әрбір азаматтың цифрлық дағдыларын жетілдіру, инновация мен білім арқылы еліміздің жаңа экономикалық өркендеуіне жол ашу.
Президент ұсынған бастамалар ел дамуының жаңа кезеңін бастап, Қазақстанды жаһандық цифрлық көшбасшылар қатарына қосуға бағытталған.
Үміт Нұхесова Нұхесқызы
Тайсойған ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы.