Қызылқоға ауданы Көздіғара ауылдық округі әкімінің сайлауының қорытынды хабары

Қызылқоға ауданы Көздіғара ауылдық округі әкімінің сайлауының қорытынды хабары

2025 жылғы 2 қарашада Қызылқоға ауданы Көздіғара ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.

Қызылқоға аудандық аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабы 9) тармақшасына,      44-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Қызылқоға ауданы Көздіғара ауылдық округі әкімінің сайлауының қорытындысы туралы учаскелік сайлау комиссиясының хаттамасы негізінде сайлау нәтижесін белгіледі:    

Дауысқа түскен кандидаттардың жалпы саны - 3, сайлаушылар тізіміне 1023 азамат енгізілді, олардың ішінде дауыс бергендер саны - 543. Дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс жерде дауыс берген сайлаушылардың саны–25. «Бәріне қарсымын»  белгісіне белгі салғандар саны – 5.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Кабилкайров Медет Муктаровичке

-         87

Казиев Бисенбай Камиевичке

-         149

Карин Умирзак Кубеновичке

-         301

Көздіғара ауылдық округінің әкімі болып «AMANAT» партиясының Қызылқоға аудандық филиалы ұсынған кандидат Карин Умирзак Кубенович, 1970 жылы туған, «Миялы ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маманы, Атырау облысы Қызылқоға ауданы Миялы ауылдық округі Миялы ауылының тұрғыны сайланды.

                                                        Қызылқоға аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Қызылқоға ауданы Көздіғара ауылдық округі әкімінің сайлауының қорытынды хабары
Дата публикации
03 ноября 2025