«Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру» қалай жүзеге асырылады.
Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі қағидаларды бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығына 19.06.2023 жылы өзгерістер енгізіліп, «Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру» мемлекеттік қызмет түрі қосылды.
«Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет "Электрондық үкіметтің" веб-порталы және "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетіледі.
Мемлекеттік қызмет көрсету нысан түрі: электрондық (ішінара автоматтандырылған) қағаз түрінде.
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі 2 кезеңнен тұрады:
Бірінші кезең: сұралып отырған жер учаскесін мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігін айқындау, жер учаскесін таңдау актісін дайындау, сәулет-жоспарлау тапсырмасын, инженерлік желілерге қосылуға техникалық шарттарды және топографияны жасау – 28 (жиырма сегіз) жұмыс күні ішінде
Екінші кезең: жер учаскесін таңдау актісін келісу және көрсетілетін қызметті алушы жер-кадастрлық жұмыстардың қызметтері үшін ақы төлеу кезінде жер-кадастрлық жоспарды қоса бере отырып, жер учаскесіне жер пайдалану құқығын беру туралы шешім шығару, уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану шартын жасасу – 18 (он сегіз) жұмыс күні ішінде.
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі:
1) "Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беруге өтініш;
2) жер учаскесінің орналасу схемасы.
1) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беруге өтініш;
2) сұралып отырған жер учаскесінің схемасы (жоспары);
3) мемлекеттік меншіктен жер учаскелерін беру үшін өңірлік үйлестіру кеңесінің инвестициялық жобаны айқындау туралы шешімі.
1) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беруге өтініш;
2) сұралып отырған жер учаскесінің схемасы (жоспары);
3) іздестіру жұмыстарын жүргізуге рұқсат.
1) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беруге өтініш;
2) сұралып отырған жер учаскесінің схемасы (жоспары);
3) арнайы экономикалық аймақтың немесе индустриялық аймақтың қатысуы туралы растайтын құжат.
1) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беруге өтініш;
2) сұралып отырған жер учаскесінің схемасы (жоспары);
3) жергілікті атқарушы органның шешімі және жобаны инвестициялық деп тану.

2) сұралып отырған жер учаскесінің сызбасы (жоспары).
1) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беруге өтініш;
2) сұралып отырған жер учаскесінің схемасы (жоспары);
3) мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы шарт немесе концессия шарты.
1) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беруге өтініш;
2) сұралып отырған жер учаскесінің схемасы (жоспары);
3) мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы шарт немесе концессия шарты.
1) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беруге өтініш;
2) сұралып отырған жер учаскесінің схемасы (жоспары);
3) жергілікті атқарушы органның шешімі және жобаны инвестициялық деп тану.
Қызылқоға аудандық жер қатынастары сәулет
және қала құрылысы бөлімінің бас маманы Ж.Махметова