Мемлекеттік тұрғын үй қорынан жалға алған баспаналарды жекешелендіруге болады.

Мемлекеттік тұрғын үй қорынан жалға алған баспаналарды жекешелендіруге болады.

 

         2025 жылғы 21 қаңтарда ҚР Премьер-Министрі «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді жекешелендіру ережесіне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысына қол қойды.

         Қаулымен бұрын сатып алу құқығынсыз берілген жалдамалы тұрғынжайларды және жалғыз тұрғынжайы апатты деп танылған тұрғынжайларды азаматтарға жекешелендіру құқығын беру көзделген.

         Жекешелендірудің қолданыстағы тетіктеріне сәйкес азаматтар тұрғынжайды қалдық құны бойынша толық сатып ала алады немесе артық төлемсіз бөліп төлеуді ресімдей алады. Сонымен қатар, «бөліп төлеу» тетігін таңдау кезінде бастапқы жарна 30% -дан 10% -ға дейін төмендетілді, сондай-ақ қалдық құны 15 млн теңгеден асатын тұрғынжайлар үшін бөліп төлеу мерзімі 15 жылға дейін ұзартылды.

         Бөліп төлеу тетігі кезінде есептеу мысалдары:

         Тұрғынжайдың қалдық құны - 9 млн. теңге, бастапқы жарна - 900 мың теңге. 10 жылға дейін бөліп төлеу мерзімін таңдау кезінде ай сайынғы төлем 67,5 мың теңгені құрайды.

         Тұрғынжайдың қалдық құны - 16 млн. теңге, бастапқы жарна - 1,6 млн. теңге. Бөліп төлеу мерзімін 15 жылға дейін таңдау кезінде ай сайынғы төлем 80 мың теңгені құрайтын болады.

         Сонымен қатар, "Тұрғын үй қатынастары туралы" ҚР Заңының 13-бабының 8-тармағына сәйкес белгілі бір санаттардың тегін жекешелендіруге құқығы бар:

1) Ұлы Отан соғысының ардагерлері;

2) бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар;

3) Чернобыль атом электр станциясындағы зардаптарды жоюға қатысушылар;

4) Семей ядролық полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккендер;

5) Арал маңындағы экологиялық апат салдарынан зардап шеккендер;

6) бұрынғы КСРО-ны қорғау кезінде, оның ішінде Ауғанстанда қызмет өткеру кезінде мүгедек адамдар деп танылған әскери қызметшілер;

7) Еңбек сіңірген жылдары бар әскери қызметшілер, МКҰ, ішкі істер органдарының қызметкерлері - 20 жыл, мүгедектігі бар бала болған кезде-10 жыл;

8) қызмет өткеру кезінде қаза тапқан әскери қызметшінің, МКҰ, ішкі істер органы қызметкерінің отбасы мүшелері;

9) саяси қуғын-сүргін құрбандары;

10) ғарышкерлікке кандидаттар, ғарышкерлер.

         Айта кету керек, жекешелендіру – бұл міндет емес, бұл- құқық және ешкім адамдарды тұрғын үйді сатып алуға мәжбүрлемейді.

         Тұрғын үйлерді жекешелендіру тәртібімен меншікке сатып алу үшін өтініш беруші ХҚКО на  ұсынады

         Е-ГОВ тұрғын үй комиссиясының қарауына мынадай құжаттар:

         - жалға алушының отбасының барлық кәмелетке толған мүшелері қол қойған, тұрғын үйді жекешелендіруге өтініш;

         - жалдау шарты;

         - меншікке өтеусіз алуға құқығы бар азаматтар санатына жататынын растайтын құжат.

         Тұрғын үй комиссиялары күнтізбелік отыз күн ішінде тұрғын үйді жекешелендіру туралы шешім қабылдайды не дәлелді бас тартуды жазбаша түрде шығарады.

         Бұл ретте азаматтардың тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шаралары бір рет берілетінін атап өтеміз.

 

Аудандық тұрғын үй-коммуналдық

шаруашылық, жолаушылар көлігі,

автомобиль жолдары және

тұрғын үй инспекциясы

бөлімінің бас маманы:                         Дүзғалиева Гүлжиһан Бақтыгерейқызы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мемлекеттік тұрғын үй қорынан жалға алған баспаналарды жекешелендіруге болады.
Дата публикации
23 октября 2025