Отбасылық және гендерлік саясат – қоғамның алтын діңгегі

Отбасылық және гендерлік саясат – қоғамның алтын діңгегі

Қоғамның тұрақтылығы мен дамуының басты негізі – берік отбасы мен әділ әлеуметтік қатынастар. Сондықтан отбасылық және гендерлік саясат – мемлекетіміздің әлеуметтік бағыттағы басым саясатының бірі болып саналады.

Отбасы – адам тәрбиесінің алғашқы мектебі, ұлттық құндылықтардың ұясы. Бүгінгі таңда мемлекет тарапынан отбасыларды қолдау, аналар мен балалардың құқықтарын қорғау, жас отбасыларға жағдай жасау бағытында бірқатар бағдарламалар жүзеге асырылып келеді. Бұл шаралар халықтың әлеуметтік әл-ауқатын арттырумен қатар, ұлт болашағына деген жауапкершілікті күшейтеді.

Гендерлік саясаттың мақсаты – әйелдер мен ерлердің қоғам өмірінің барлық саласында тең мүмкіндіктерге ие болуын қамтамасыз ету. Қазіргі таңда әйелдер кәсіпкерлік, мемлекеттік қызмет, білім мен медицина салаларында белсенділік танытып келеді. Сондай-ақ ер азаматтардың да отбасылық өмірге, бала тәрбиесіне белсене араласуы – заманауи қоғамның оң көрсеткіші.

Мемлекет пен қоғамның ортақ міндеті – зорлық-зомбылықтың алдын алу, әйел мен ердің өзара сыйластығын, отбасы бірлігін дәріптеу. Осы бағыттағы жұмыстар аудан көлемінде де жүйелі түрде жүргізілуде.

Қорытындылай келе, отбасылық және гендерлік саясат – тек әлеуметтік мәселе емес, елдің ертеңіне деген жауапкершілік. Отбасында береке болса, елде бірлік орнайды. Ал ер мен әйелдің теңдігі мен татулығы – әділетті қоғамның басты кепілі.

               

  Үміт Нұхесова  Нұхесқызы

 Тайсойған ауылдық округі әкімі аппаратының  бас маманы.

 

Отбасылық және гендерлік саясат – қоғамның алтын діңгегі
Дата публикации
21 октября 2025