Ерте жастан жүктіліктің және ерте отбасын құрудың алдын алу

Ерте жастан жүктіліктің және ерте отбасын құрудың алдын алу

 

Ата-ана тәрбие беруде ата-бабамыздың салт-санасы, әдет-ғұрпында жүргізілген үлгі-өнегесінің мәнісі зор. Отбасы тәрбиесінде әкенің де, ананың да орны бөлек. Әке мен ана – баланың алғашқы ұстазы. Адамзат баласы ананың мейірлі мейіріне қанып, әке өсиеттерін тыңдап өссе ғана тәрбиелі отбасынан шыққаны көпке танытады.

Тәрбиелі анадан – тәрбиелі бала өсіп шығады. Қазақстан Республикасының Ата Заңыңда «Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу – ата-ананың табиги құқығы, әрі парызы» -делінген.

Сондықтан, «Бала жас, әлі еш нәрсені білмейді, өсе келер бәрі түсінеді» – деп қарау –қателік. Бала тәрбиесі – әр сағат, әр күн сайын тынымсыз жүргізіле беретін аса жауапты, күрделі процесс.

Отбасының негізі баланы өмірге келтіру ғана емес, оны мәдени- әлеуметтік ортаның құндылығын қабылдату, ұрпақтың, ата-бабалардың, ұлылардың ақыл-кеңес тәжірібиесін бойына сіңіру, қоршаған орта, адамзатқа, өз қоғамына пайдалы етіп тәрбиелеу.

Әсіресе қыз баланың тәрбиесіне деген қағиданы берік ұстаған ата-бабаларымыз өз ұрпағын адам – деген атаққа лайық етіп өсіруді мақсат еткен. Қазақта «қызды қырық үйден тыю» деген сөз бекер айтылмаған. Біздің ата-бабамыз келешек ұрпағының тазалығын қыздың тәрбиесінен бастаған.  Сонғы жылдары  қыз балалар арасында ерте отбасын құру жиі орын алып отыр

Кәмелетке  толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі аудандық комиссия  отырысында  «Ерте жастан жүктіліктің алдын-алу және қыздар тәрбиесі бойынша» мәселелер жыл сайын қаралып, талқыланып отырады.

Қызылқоға аудандық орталық емханасында  «Жалын» жастар денсаулық орталығы жұмыс жасайды. «Жалын» жастар денсаулық орталығының негізгі мақсаты жастар мен жасөспірімдердің денсаулығын сақтау және нығайту үшін қажетті мамандардың кеңесін уақытымен ұйымдастыру, аурулардың алдын-алу «Жалын» жастар денсаулық орталығында жастар мен жасөспірімдермен семинар-тренинг, ашық есік күні, дөңгелек үстел, кездесулер өткізілді.

Орталықта жастар мен жасөспірімдерге акушер–гинеколог, уролог, дермотовенеролог, психолог, заңгер, медбибі мамандар қызмет көрсетіп, ақыл –кеңес береді. Сондай-ақ,  жыныстық жетілу мен тәрбиелеу, күтпеген жүктіліктің алдын-алу, жасөспірімдік шақтағы психологиялық өзгерістер, «Ерте жүктіліктен сақтану» тақырыбында семинар–кеңестер, дөңгелек үстел, тренингтер өткізілді.

Аудандық емхана мен мектептер бірлескен түрде  «Ерте жүктіліктің алдын алу» дөңгелек үстел,  «Ерте жастан жүктіліктің алдын-алу,ерте отбасын құру және оның қылмыстық жауапкершілігі» тақырыбы аясында «Әдептен озбайық» атты тренингтер  өткізілді.

 Қыз бала бойына сыпайылық, мәдениеттілік, адамгершілік және ұлттыұ тәрбиені қалыптастыру мақсатында 2020 жылы 23 қазанда барлық білім беру ұйымдарында  аналар кеңесі,   қыздар ұйымы, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларымен бірлескен түрде  «Қыз бала тәрбиесі-халықтың ең қымбат  байлығы» тақырыбында қашықтықтан  сырласу сағаттары өткізілді.

 

Заң бойынша Қазақстан Республикасында некелесу жасы – 18 жас.

16 жасқа жетпеген адаммен некеге тұруға рұқсат берілмейді, ол туралы заңда нақты жазылған. Қылмыстық кодекстің «16 жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынаста болу және нәпсіқұмарлық сипаттағы өзге де іс-әрекеттер»  122-баптың 3-тармағында жазылған әрекеттер ауыр қылмыс түріне жататындықтан, қылмыстық іс ешбір шағым-арызсыз бірден қозғалады.

Сондықтан, кәмелеттік жастағы ересек адам ондай жасқа жетпеген жеткіншекке қатысты өз іс-әрекетіне жауапты екенін, қылмыстық жаза барын толық сезінуі керек.

Ал, ата-ана  баласының болашағы жарқын болсын десе, 12-16 жас аралығында қыздарына  ерте тұрмысқа шығудың зардаптарын үнемі айтып, ескертіп, өз уақытысы келгенде, жасы толғанда отбасын  құру, үй болудың жағымды жақтарын көрсету, өзін-өзі тәрбиелеу, өз басын құрметтеуге үйретіп отыру қажет.

Кәмелетке  толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі аудандық комиссия  хатшысы,

аудандық білім бөлімінің бас маманы

Б.Нұғманова

Ерте жастан жүктіліктің және ерте отбасын құрудың алдын алу
Дата публикации
18 ноября 2020