Заң мен тәртіп – ел тұрақтылығының тірегі
Қоғамның тыныштығы мен мемлекеттің тұрақтылығы ең алдымен заң мен тәртіптің сақталуына байланысты. Ел Президенті атап өткендей, "Заң үстемдігі орнаған жерде әділдік, ал әділдік бар жерде тұрақтылық пен даму болады". Сондықтан да, заң мен тәртіпті сақтау – барша азаматтың қасиетті борышы әрі ортақ жауапкершілігі.
Бүгінгі таңда мемлекетімізде құқықтық саясаттың жаңа тұжырымдамасы қабылданып, заң үстемдігін қамтамасыз етуге бағытталған жүйелі реформалар жүзеге асуда. Бұл тұжырымдаманың басты мақсаты – азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, әділ сот төрелігін қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, және құқық қорғау органдарының ашықтығын арттыру.
Заң мен тәртіпті сақтау тек мемлекеттік органдардың ғана емес, әрбір азаматтың саналы ұстанымына айналуы тиіс. Әркім өз құқығын біліп, өзгенің де құқығын құрметтесе, қоғамда әділдік салтанат құрады. Тәртіп бар жерде – тәрбие, тәрбие бар жерде – рухани мәдениет қалыптасады.
Мемлекеттік қызметкерлер, ұстаздар, жастар және қоғамдық ұйым өкілдері осы тұжырымдаманы жүзеге асыруда ерекше рөл атқарады. Әсіресе жастар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру, заңды сыйлау мен қоғам мүддесіне қызмет ету – уақыт талабы.
Біздің мақсат – заңға бағынған, тәртіпке мойынсұнған, әділдікті ту еткен қоғам құру. Себебі "Тәртіпке бас иген ел – өркендейді, тәртіпсіз ел – кері кетеді" деген дана сөз бүгінде де өз маңызын жойған жоқ.
Заң мен тәртіп тұжырымдамасын кеңінен насихаттау – мемлекетіміздің болашағына салынған берік іргетас. Әрбір азаматтың құқықтық сауаттылығы мен заңға деген құрметі – тәуелсіз еліміздің мәңгілік тұғырының кепілі.
Тайсойған ауылдық округ әкімі аппаратының бас маманы Ү.Нұхесова