|
Қызылқоға ауданы Көздіғара ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындау туралы
|
|
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-1-бабының 1-тармағы 3) тармақшасы және 3-тармағына сәйкес Қызылқоға аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- 2025 жылғы 2 қарашаға Қызылқоға ауданы Көздіғара ауылдық округі әкімінің сайлауы тағайындалсын.
- Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2025 жылғы 2 қарашаға тағайындалған Қызылқоға ауданы Көздіғара ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары бекітілсін.
- Осы қаулы жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын және Қызылқоға аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында орналастырылсын.
Миялы ауылы
24 қыркүйек 2025 жыл
№ 11