2024 жылдың қорытындысы бойынша Қызылқоға аудандық экономика және қаржы бөлімінде көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы есебі

2024 жылдың қорытындысы бойынша Қызылқоға аудандық экономика және қаржы бөлімінде көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы есебі

 

 

Қызылқоға ауданы бойынша 2024 жылы 19 маман 7 014,8 мың теңге көлемінде бір жолғы көтерме жәрдемақы (денсаулық сақтау 5 адамға, білім беру 12 адамға, спорт 1 адамға, ветеренария 1 адамға), 9 маманға 77 532,0 мың теңге көлемінде тұрғын үй сатып алу үшін бюджеттік несие (денсаулық сақтау 2 адамға, білім беру 5 адамға, спорт 1 адамға, ауылшаруашылығы 1 адамға)  берілді.

Көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттік кредит түріндегі әлеуметтік қолдау шаралары денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы және ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілерінің сұранысқа ие мамандықтардың тізбесі бойынша ұсынылады. Сұранысқа ие мамандықтар тізбесі atyrau.gov.kz сайтына, бөлімнің facebook парақшасына  жарияланып отыр.

        2024 жылы бөлім бойынша «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет» тақырыбында аудандық газетке және бөлімнің Facebook, Instagram әлеуметтік желісіне мақалалар  жарияланып, түсінік жұмыстары ұйымдастырылды.

Көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту,  Қазақстан Республикасының мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнамасының бұзылуы фактілері, қарау мерзімдері бұзылған мемлекеттік қызметтер тіркелген жоқ, оның көрсету сапасына шағымдар  түскен жоқ.

2024 жылдың қорытындысы бойынша Қызылқоға аудандық экономика және қаржы бөлімінде көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы есебі
Дата публикации
24 сентября 2025