Ойыл ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 15 шілдедегі №18 «Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» шешімінің күшін жою туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37-бабына, «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 8) тармақшасына сәйкес, «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қызылқоға аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2020 жылғы 29 қазандағы №11-10/263 ұсынысы негізінде Ойыл ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: