«БЕКІТЕМІН»
|
|
|
Аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы ________ Е.Нуралин «____»______ 2020жыл |
2020 жылдың 9 айы бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу қорытындысы
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, Қызылқоға аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі (әрі қарай-Бөлім) басшысының бұйрығымен Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу үшін жұмыс тобы құрылды.
Жұмыс тобы төмендегідей ақпарат көздері бойынша талдау жасады:
1) Бөлімнің қызметін қозғайтын нормативтік-құқықтық актілер;
2) Бөлімге қатысты мемлекеттік органдардың бұрын жүргізген тексеру нәтижелері;
3) Бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар;
4) Бөлімге келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері;
5) Прокурорлық қадағалау актiлерi;
6) Ұсынылуына Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де мәліметтер бойынша.
Қызылқоға аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімінің штаттық құрылымы – 10.
Атап айтқанда басшысы, 3 бас маман, статист, мұрағатшы, әдіскер, басшының хатшысы, курерь, автокөлік жүргізуші.
Бөлім басшысының 2020 жылдың 9 айында 64 бұйрық шығарылып, 71 аудан әкімдігі қаулысының жобасы дайындалып әкімдіктің қарауына ұсынылып, қабылданды. Шығарылған бұйрықтар мен қабылданған қаулылар бойынша сыбайлас жемқорлықтың туындауына әсер ететін нормалар анықталмады.
Жүргізілген талдау нәтижелері бойынша бөлімнің лауазымды тұлғаларының өз қалауы бойынша шешімдер қабылдауына, жеке және заңды тұлғалардың өз құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыру кезінде кедергі жасауға ықпал ететін жағдайлар, нормативтік-құқықтық актілерді өз еркінше түсіндіруге әсер ететін құқықтық олқылықтар анықталмады. 2020 жылы 9 айында бөлімге қатысты тексеріс болған жоқ.
2020 жылдың 9 айында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға байланысты «Қызылқоға» газеті бетіне және Atyrau.gov.kz интернет ресурстарына 1 рет «Сыбайлас жемқорлықпен күрес ортақ міндет» тақырыбында мақала жарияланды. Жоспарға сай, Бөлім қызметкерлерімен «Сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Сондай-ақ, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігі мен Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың бастамасымен жарияланған «Еріктілер жылы» аясында ұлы ойшылдардың рухани-адамгершілік құндылықтарын насихаттау мақсатында бөлімнің бас маманы Ж.Әжіғалиева челенджіне қатынасты. Бөлімде бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді халыққа түсіндіру мақсатында мекеменің көрнекілік тақтайшасына тиісті стандарттар мен регламенттер ілінген. «Азаматтық борыш», «Сыбайлас жемқорлықпен күресу басты міндет», «Жерге орналастыру жобасы қалай жасалады», «Жер учаскесі қалай беріледі», «Жер учаскесін пайдалану құқығы» тақырыптарында баспасөз бетіне мақалалар жарияланды.
Бөлімге 2020 жылдың 9 айында жеке және заңды тұлғалардан 8 өтініш және аудан әкімдігі арқылы 36 өтініш түсіп, заңдылыққа сай жауаптары берілді.
Бөлімге бөлінген бюджет қаражатын жұмсау жөніндегі ақпараттың ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында жұмыстарды, тауарларды, қызметтерді мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізу бойынша, заңға сәйкес жылдық жоспар бекітіліп, электрондық веб-порталда жарияланады. Осыған орай, барлық мемлекеттік сатып алулар, бекітілген жылдық жоспарға сәйкес жүзеге асырылады.
Өткізілетін мемлекеттік сатып алулардың барлық тәсілдері, сондай-ақ конкурстық құжаттамалар, сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландырулар, конкурсқа қатысуға өтінімді ашу, конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу қорытындылары туралы хаттамалар Қазақстан Республикасының бірыңғай мемлекеттiк сатып алу веб-порталы арқылы ашық өткізіледі.
Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша-2020 жылы 9 айында 686 өтініш түсіп, 685 өтініш қанағаттандырылды, 1-өтініш бас тартылды.
1.Жер учаскелерін қалыптастыру жөнінде жерге орналастыру жобаларын бекiту –277,
2.Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру–12,
3.Жылжымайтын мүлікті обьектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтама беру–139,
4.Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру–136,
5.Эскиздік келісуден өткізу–99,
6.Жер учаскесінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау – 16,
8.Бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобасын келісу және беру–3 мемлекеттік қызметтер көрсетілді.
Аудандық жер комиссиясы 13 рет өткізілді. Жер учаскелерін сату немесе жер учаскелерінің жалдау құқығын сатып алу үшін сауда саттық (аукцион) 4 рет және шаруа шаруа немесе фермер қожалығын немесе ауыл шарушылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру бойынша конкурс 2020 жылдың 22 қазанында өткізіледі. Жоғарыда аталған комиссия отырыстарының хаттамалары жасақталып, арнайы іс құжаттарында тігілген.
|
Сыбайлас жемқорлыққа тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізген, бөлімнің бас маманы, жұмыс тобының жетекшісі ___________ Ж.Әжіғалиева
«______» ________ 2020 жыл
|
|
|
Сыбайлас жемқорлыққа тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізген, бөлімнің бас маманы, жұмыс тобының мүшесі ___________ С.Бағытжанов
«______» ________ 2020 жыл |
|
|
Сыбайлас жемқорлыққа тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізген, бөлімнің бас маманы, жұмыс тобының мүшесі ___________ Ж.Махметова
«______» ________ 2020 жыл
|
|
Сыбайлас жемқорлыққа тәуекелдеріне
ішкі талдау жүргізген, бөлімнің
әдіскері, жұмыс тобының мүшесі
___________ А.Қуанов
«______» ________ 2020 жыл
Сыбайлас жемқорлыққа тәуекелдеріне
ішкі талдау жүргізген, бөлімнің
мұрағатшысы, жұмыс тобының хатшысы
___________ Қ.Нұрланов
«______» ________ 2020 жыл