Қызылқоға аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміндегі сыбайлас жемқорлық қауіптеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелері бойынша талдамалық анықтама

 

Бекітемін

Қызылқоға аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлім басшысы  Е.Иғали

 

________________________

30 қазан  2020 жыл

 

Қызылқоға аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміндегі сыбайлас жемқорлық  қауіптеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелері бойынша талдамалық анықтама

 

Миялы ауылы                                                                                        30.10.2020 ж

 

  1. Сыбайлас жемқорлық қауіптеріне ішкі талдау жасаудың объектісі.

 Қызылқоға аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі.

  1. Сыбайлас жемқорлық қауіптерінің ішкі талдауы.

Қызылқоға аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының 2020 жылғы                          14 қаңтардағы №4 бұйрығымен бекітілген, бөлім қызметіндегі сыбайлас жемқорлық қауіптеріне ішкі талдау жасау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу бойынша іс-шаралар жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.

  1. Талдау келесі құрамдағы жұмыс тобымен жүргізілді.

Жұмыс тобының басшысы:

Г.Дүзғалиева -бас маман.

Жұмыс тобының мүшелері:

В.Жумалиева  - бас маман.

Ә.Нұрадинова - есепші

  1. Талдау келесі бағыттар бойынша жүргізілді.
  2. Бөлімнің қызметін реттейтін заңнамалардағы сыбайлас жемқорлық қауіптерін анықтау.

Бөлім бойынша басшылыққа алынатын Кодекстер, Заңдар және нормативтік-құқықтық актілерге талдау жасалып, нәтижесінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар қаупін туғызатын нормалар мен өкілеттіктер  анықталған жоқ.

  1. Персоналды басқару, мүдделер қақтығысын реттеу, мемлекеттік қызмет көрсету мәселелер бойынша талдау объектісі қызметіндегі сыбайлас жемқорлық қауіптерін анықтау.

Бөлім Қызылқоға ауданы әкімдігінің бөлімшесі болып табылады. Бөлімде мемлекеттік қызметшілер саны-4, штаттан тыс  қызметшілер саны-3 (есепші, көлік жүргізушісі, шаруашылық меңгерушісі, хатшы) барлығы 8 қызметкер жұмыс жасайды.

2020 жылдың қаңтар – желтоқсан айлары қорытындысы бойынша барлығы 97 бұйрық қабылданды. Мүдделер қақтығысы орын алған жоқ. Кадрлық тағайындауларға үнемі талдау жүргізіледі. Кадрлар қозғалысы 2 бірлік. Бөлімнің бас маманы Е.Құмаров 2020 жылдың 11 ақпанынан бастап жұмысқа қабылданды. Бөлімнің шаруашылық меңгерушісі И.Сисембаева бала күтімі бойынша ақысыз еңбек демалысынан 10.09.2020 жылы жұмысқа шықты. Бөлімдегі мемлекеттік қызмет атқаратын тұлғалар мен олардың жұбайларының табыстары мен мүліктері туралы декларацияларының уақытылы тапсырылуы қамтамасыз етілген. Аудан әкімі аппаратына есеп тапсырылуда. Бөлімде сенім телефоны жұмыс жасайды. Арыз-шағым жәшігі орнатылған.

Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс Кодексі, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңдарының,қатаң сақтауы қадағаланып отырады. Қоғамдық орындарда мемлекеттік қызметшілерге бейәдеп қылықтар танытпау және әлеуметтік желі аккаунттарына жариялаумау жөнінде түсінік жұмыстары жүргізілді.Сондай-ақ, бөлім ішкі жұмыс барын тысқа жарияламау, құпиялықты сақтау шаралары түсіндірілді.

Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаларының нормалары мүлтіксіз сақтау міндеттелген.

Қазіргі таңда бөлімде 5 мемлекеттік қызмет көрсетіледі.

Бөлім бойынша бірінші қызмет түрі "Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы" мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша – 163 өтініш түскен. Оның 76 – қанағаттандырылған. Қалған 87 өтініш дәлелді себептермен бас тартылған.

Екінші көрсетілетін қызмет түрі "Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендiру" мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша – 6 өтініш қағаздай түскен. 6 өтініште қанағаттандырылды.

Үшінші қызмет түрі «Жалғыз тұрғын үйі авариялық деп танылған азаматтарға анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша – 5  өтініш қағаздай көрсетілген.

Төртінші қызмет түрі - "Тұрғын үй сертификаттарын беру". Бұл қызмет түрі биылдан бастап көрсетілуде. Электронды Үкімет порталында қызмет алу мүмкіндігі жоқ. Бөлімге қағаздай 1 өтініш түсіп, қанағаттандырылды.

Бесінші қызмет түрі – «Ағаштарды кесуге рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметіне өтініш түскен жоқ.

2020 жылдың 10 айы бойынша аудан әкімдігі жанынан құрылған мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй беру және жекешелендіру комиссиясының 4 отырысы өтіп, кезек бойынша көп балалы отбасына «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша Миялы ауылдық округі бойынша 2 тұрғынға,  Сағыз ауылдық округінде 1 тұрғынға сатып алу құқығынсыз жалдамалы тұрғын үй берілді. Жангелдин ауылдық округінде 1 көп балалы отбасыға және Көздіғара ауылдық округіндегі  ҚР-ның Заңнамасында белгіленген тәртіппен авариялық жағдайда  деп танылған азаматтар санатында есепте тұрған 2 отбасына, Жангелдин ауылдық округі бойынша 1, Ойыл ауылдық округі бойынша 1 жалдамалы тұрғын үй пайдалануға берілді.

2020 жылдың 12 ақпанда «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕ АҚ-ның Атырау облысы бойынша филиалының Қызылқоға аудандық халыққа қызмет көрсету бөлімінде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында сыбайлас жемқорлық пен құқық бұзушылықтарға жол бермеу мақсатында «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы» мемлекеттік көрсетілетін қызметіне бөлім қызметкерлеріне түсіндіру жұмысы жүргізілді. Ағымдағы жылдың 27 ақпаны күні №8(7160) санымен «Қызылқоға» аудандық газетіне  2 мақала жарияланды.

Бөлімге бөлінген бюджет қаражатын жұмсау жөніндегі ақпараттың ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында жұмыстарды, тауарларды, қызметтерді мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізу, бекітілген жылдық жоспарға сәйкес жүзеге асырылуда. Есепті мерзімде Мемлекеттік сатып алу порталы арқылы                          52 келісім шарт жасақталды. Порталда заң бұзушылықтар орын алған жоқ.

 «Қызылқоға аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық тәукелдеріне қауіп туғызатын нормалар мен өкілеттіктер анықталмады.   

 

                                                                    Г.Дүзғалиева- бас маман, жұмыс тобының

                                                                    жетекшісі.

                                                                   

       В.Жумалиева – бөлімнің бас маманы

      

       Ә.Нұрадинова- есепші

Қызылқоға аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміндегі сыбайлас жемқорлық қауіптеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелері бойынша талдамалық анықтама
Дата публикации
06 ноября 2020