Құрметті аудан тұрғындары!

Құрметті аудан тұрғындары!

 

Қызылқоға ауданы әкімдігі 2021 жылғы 10 қаңтарға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі және мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауы науқаны кезеңінде аудан әкімі аппараты жанынан Call-орталықтың ұйымдастырылғанын хабарлайды.

Call-орталыққа 8 (71238)21195 нөміріне қоңырау шалу немесе kizilkoga_akimat@mail.ru электрондық поштасына хат жолдау арқылы хабарласып, келесідей қызметтер алуға болады:

  1. Дауыс беру учаскесінің мекен-жайын анықтау;
  2. ЖСН беру арқылы қай сайлау учаскесінде тіркелгендігі жөнінде анықтама алу және т.б.

Call-орталықтың жұмыс регламенті: дүйсенбі-жұма күндері сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін.

Сонымен қатар, «Telegram» әлеуметтік желісінде @SailauAtyrauBot телеграм-бот қызметі іске қосылғандығы қаперге беріледі. Осы сілтемеге ЖСН нөмірін  жіберу арқылы қай сайлау учаскесіне тіркелгендігіңіз жөнінде ақпарат ала аласыздар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Құрметті аудан тұрғындары!
Дата публикации
12 ноября 2020