Қызылқоға ауданы Сағыз ауылдық округінде өткізілген жергілікті қоғамдастық мүшелері жиналысының
№1 хаттамасы
Өткен уақыты: 2025 жыл, 14 шілде, сағат:10.00
Өткізілген орны: «Шұғыла» мәдениет үйі ғимараты
Қатысты: Сағыз ауылдық округінің әкімі А.Арыстанов, жиынға қоғамдастық мүшелерінің барлығы шақыртылды, жергілікті қоғамдастық мүшелері – 10 адам, одан қатынасқаны – 8 адам.
Жиналысты округ әкімі Арыстанов Асхат Гайдарұлы ашып: Қайырлы күн, Сағыз ауылдық округі бойынша сайланған жергілікті қоғамдастық мүшелері! Бүгін жергілікті қоғамдастық жиналысын өткізуге жиналып отырмыз. Жергілікті қоғамдастықтың регламентіне сәйкес жиынның төрағасы мен хатшысын сайлау үшін ашық дауыс берейік.
Қолдағандар – 8 адам.
Қарсы? Қалыс? Жоқ. Қабылданды.
Сіздердің дауыстарыңыз бойынша бүгінгі жергілікті қоғамдастық жиналысының төрағасы Сагинов Серік, хатшысы Аяганова Мейрамгул сайланды.
Жиналыс төрағасыС.Сагинов: Қайырлы күн! Жергілікті қоғамдастық жиналысты ашық деп жариялаймын!
Күн тәртібі бекітілсін деген ұсыныс бар.Күн тәртібіндегі мәселе:
Күн тәртібі бойынша ұсыныс бар ма? Егер жоқ болса күн тәртібі бекітілсін.
Қолдағандар – 8 адам.
Қарсы? Қалыс? Қарсылық жоқ, бірауыздан қабылданды.
Құрметті жиналысқа қатысушылар!Жиналысқа шақыруды өткізу тәртібі бойынша сөз сөйлеу регламентін айқындайық. Сөз сөйлеу регламенті баяндамашыға 10 минут, жарыссөз сөйлеушіге 5-7 минут берілетіні ұсынылады: жергілікті қоғамдастық мүшелерінің дауыс берулерін сұраймын.
Қолдағандар – 8 адам.
Қарсы – 0 адам. Қалыс – 0 адам.
Сөз сөйлеу регламенті қабылданды.
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша Сағыз ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы С.Байдуллина Ұлы Жеңістің 80 жылдығына байланысты Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің есіміне көше атауын беру бойынша Сағыз ауылындағы көшелерге көше атауын беруге құжат тапсырған ардагерлердің өмірбаяны, марапаттары және басқа да мәліметтері туралы баяндама жасады. Баяндамада: Түнқатаров Айтжанға КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 22.03.1966 жылғы Жарлығымен «Құрмет белгісі» ордені берілгені, Ұлы Жеңістің 55 жылдығына «Фронтовик 1941-1945» белгісі, 1984 жылы «Еңбек ардагері» медалі, 1999 жылы «1941-1945 ж.ж. соғыс ардагері» медалі, «ҰОС 25, 30, 40, 60 жылдығы» медальдары, 1997 жылы «Кеңес Одағының Маршалы Г.К.Жуков медалі» берілгені туралы және Жаңаев Таңатқа КСРО Жоғары Кеңесі Президентінің 11.03.1985 жылғы Жарлығымен І дәрежелі «Отан соғысы» ордені, «ҰОС 25, 30,40 жылдығы» медалдары, «Соғыс ардагері» белгісі, «СССР Қарулы Күштеріне 50 жыл, 60 жыл, 70 жыл» толуына орай медальдары, 1997 жылы «Кеңес Одағының Маршалы Г.К.Жуков медалі», 1978 жылы «Еңбек ардагері» медалімен марапатталған. Сонымен қатар, Байгазиев Хамзаға Медал «За отвагу» 12.08.1943 жылы, «Наградной лист» 15.09.1944 жылы берілген. Шоқпаров Кетебай «2-ші дәрежелі Ұлы Отан соғысы» орденімен, бірнеше жауынгерлік медалдармен, «50 лет вооруженных сил СССР», «70 лет вооруженных сил СССР», «ҰОС 50,20, 55, 65 жылдығы медалдары», «Арман генералы С.Қ.Нұрмағамбетов» медалымен марапатталған. Бимагамбетов Карасай «Красный звезды» орденімен, «За победу над Германией» медалымен, «30 лет Советской Армии», 1973 жылы «25 лет победы в войне 1941-1945г», «70 лет вооруженных сил СССР» медалымен, сонымен бірге, Амангалиев Ермек Медаль «За отвагу» 1944 жыл, «Орден Славы III степени» 1944 жыл, «Орден Красной Звезды» 1945 жыл, «За победу над Германиейв Великой Отечественной войне 1941-1945 гг» 1945 жыл, «Орден Красной Звезды» 1951 жыл, Сатанов Хамза Құсайынұлы соғыста көрсеткен ерліктері үшін «Ерлігі үшін», І, ІІ дәрежелі «Ұлы Отан соғысы» ордендерімен марапатталды, Тұңғыш Президентіміз Н.Әбішұлының Ұлы Жеңістің 50 жылдық мерейтойы қарсаңында жіберген «Құрмет грамотасымен» марапатталғаны туралы баяндалды.
ТЫҢДАЛДЫ:
Арыстанов Асхат Гайдарұлы - Сағыз ауылдық округінің әкімі:
Атырау облысы әкімінің орынбасары Д.Шамұратовтың 2025 жылғы 1 шілдедегі №06-01-14-02-3/6633 хатына сәйкес, Ұлы Жеңістің 80 жылдығына байланысты кемінде бір ордені бар соғыс ардагерлерінің есімдерін құрамдас бөліктерге беру туралы Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің бір реттік тапсырмасына сәйкес соғыс ардагерінің есімін әкімшілік-аумақтық бірліктер мен елді-мекендердің құрамдас бөліктеріне көше атауына беру туралы ұсыныс облыстық ономастикаға жолдану қажет.
СӨЗ СӨЙЛЕУШІЛЕР:
Аралбаев Жәнібек – жергілікті қоғамдастық мүшесі:
Сағыз ауылынан аталарға көше есімін беру – ерлікті ұрпаққа үлгі ету деп білемін. Бұл ардагерлер соғыстан кейін осы ауылда еңбек етіп, қоғамға үлес қосып, құрметке ие болған азаматтар. Сағыз ауылынан Түнқатаров Айтжан, Жаңаев Таңат, Бимагамбетов Карасай, Шоқпаров Кетебай, Амангалиев Ермек, Байгазиев Хамза, Сатанов Хамза Құсайынұлы аталарға көше беру арқылы біз Ұлы Отан соғысындағы қаншама жанның жанқиярлық ерліктерін насихаттай отырып, келер ұрпаққа патриоттық тәрбие береміз.Және бұл – өткенге құрмет, болашаққа аманат. Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің есімдеріне көше атауын беруге қарсылығым жоқ.
Абдиров Артур – жергілікті қоғамдастық мүшесі:
Жерлестеріміз, ұлы Отан соғысының ардагерлері Түнқатаров Айтжан, Жаңаев Таңат, Бимагамбетов Карасай, Шоқпаров Кетебай, Амангалиев Ермек, Байгазиев Хамза, Сатанов Хамза Құсайынұлы аталарымыздың ерліктері, жеңісті жақындату жолындағы күш-жігері қашанда құрметке лайық. Өткен буын ағалардың есімін кейінгі ұрпақтың жадында қалдыру үшін, соғыс ардагерлерінің есімін ұлықтау үшін Сағыз ауылынан көше есімін беруді дұрыс деп санаймын. Осы тұлғалар көше есімін беруге өте лайықты, өскелең ұрпаққа тәрбиелік мәні бар игі бастама. Ұсыныстарыңа ризамын, әрі қолдаймын.
Басшиева Дәрігүл – жергілікті қоғамдастық мүшесі:
Ұсынылған барлық ұсынысты қолдаймын.Баяндамада көрсетілгендей ардагерлер орденмен, медальдармен марапатталған екен. Бір реттік тапсырма болғандықтан мүмкіндікті пайдаланып, соғысқа қатысып, кейін еліміздің дамуына өз үлесін қосқан Түнқатаров Айтжан, Жаңаев Таңат, Бимагамбетов Карасай, Шоқпаров Кетебай, Амангалиев Ермек, Байгазиев Хамза, Сатанов Хамза Құсайынұлы ағаларға Сағыз ауылынан көше берілуі керек деп есептеймін. Соғыс ардагерлеріне көше атауын беру жастарға ел үшін еңбек еткен азаматтарды танып, білуге, оларды құрметтеуге үйретеді. Бұл мәңгілік тағзым мен құрметтің нышаны деп қарауға болады.
Жиналыс төрағасы С.Сагинов: Ұлы Отан соғысы ардагерлері Түнқатаров Айтжанға, Жаңаев Таңаттың, Бимагамбетов Карасай, Шоқпаров Кетебай, Амангалиев Ермек, Байгазиев Хамза, Сатанов Хамза Құсайынұлы есімдерін есте қалдыру мақсатында Сағыз ауылдық округінен көше атауын беру туралы мәселе бойынша дауыс берулеріңізді сұраймын.
Қолдағандар – 8 адам.
Қарсы – 0 адам. Қалыс – 0 адам.
ЖЕРГІЛІКТІ ҚОҒАМДАСТЫҚ ЖИНАЛЫСЫ ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Сағыз ауылдық округі жергілікті қоғамдастық жиыны күн тәртібіндегі мәселе бойынша ҚАУЛЫ етеді:
Жиналыс төрағасы: С.Сагинов
Жиналыс хатшысы: М.Аяганова
Жергілікті қоғамдастық жиынына қатынасушылар тізімі
Сағыз ауылы 14.07.2025
|
№ |
Аты-жөні |
Қолы |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|