Сыбайлас жемқорлықпен күрес – баршамызға ортақ міндет
Сыбайлас жемқорлық – қоғамның тамырын кеміретін өте қауіпті әлеуметтік дерт. Ол мемлекеттің дамуын тежеп қана қоймай, халықтың билікке деген сенімін жояды. Сондықтан бұл құбылыспен күрес – тек құқық қорғау органдарының емес, бүкіл қоғамның міндеті.
Сыбайлас жемқорлықтың көріністері күнделікті өмірде жиі кездесіп жатады. Пара беру мен алу, қызмет бабын асыра пайдалану, заңсыз тендерлерге қатысу, таныс арқылы жұмысқа орналасу – бәрі де осы кеселдің белгілері. Мұндай әрекеттер азаматтар арасында әділетсіздік сезімін тудырып, әлеуметтік теңсіздікке жол ашады.
Қазақстанда бұл бағытта жүйелі жұмыс жүргізілуде. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі белсенді қызмет атқаруда. Мемлекеттік қызметтерді цифрландыру, ашықтық пен қоғамдық бақылауды енгізу – оң нәтижесін беріп келеді. «Адал ұрпақ» және «Саналы ұрпақ» жобалары жастарды адалдық пен әділдікке баулуда. Алайда бұл жеткіліксіз. Сыбайлас жемқорлықты жою үшін әрбір азаматтың ішкі ұстанымы мықты болуы тиіс. Заңсыз әрекетке жол бермеу, пара алмау да – нағыз азаматтық ұстаным. Егер сізден заңсыз төлем талап етілсе, 1414 нөміріне хабарласуға болады.
Сыбайлас жемқорлықпен күресте басты құрал – адалдық, заңға бағыну және азаматтық белсенділік. Тек осылай ғана біз әділ, таза қоғам құра аламыз. Сыбайлас жемқорлыққа төзбеу – ұлт болашағына деген шынайы қамқорлық. Адал ұрпақ тәрбиелеп, ашық қоғам қалыптастыру – әрқайсымыздың қолымызда.
Аудандық мансап орталығының директоры: Н.Бекешов