Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізіліп жатырған ішкі талдау нәтижелерін алдын-ала жария талқылау мақсатында өткізілген жиын хаттамасы №1

«Қызылқоға аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі аудандық «Арман» мәдениет үйі мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорыны

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізіліп жатырған ішкі талдау нәтижелерін алдын-ала жария талқылау мақсатында өткізілген жиын хаттамасы №1

 

Миялы ауылы                                                                    2025 жылғы 24 маусым

 

Қатысқандар: «Қызылқоға аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы мен бөлім» аудандық «Арман» мәдениет үйі МҚКК-ның қызметкерлері.

 

Күн тәртібі:

 

  1. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізіліп жатқан ішкі талдау нәтижелері мен талдамалық анықтаманы тапсыру.

Тыңдалды:

«Қызылқоға аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ-ң аудандық «Арман» мәдениет үйі МҚКК басшысы К.Бисенбаев ішкі талдау барысы және нәтижелері туралы таныстырып өтті.

         Аудан әкімінің веб-сайтында 16.05.2025ж және бөлімнің әлеуметтік желідегі парақшасында 14.05.2025ж жария талқылау өтетіндігін туралы хабарлама жарияланды.

         Қызылқоға ауданы әкімі аппараты 2025 жылға арналған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және алдын алу» №4 үлгілік базалық бағытын іске асыру шеңберінде ауылдық округі әкімдерінің және дербес бөлім басшыларының ішкі талдау жүргізу туралы бекітілген кестесіне сәйкес, бөлім басшысының 2025 жылғы 16 мамырдағы №64 «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» бұйрығымен сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу мақсатында жұмыс тобы бекітілгенін, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бағыты бекітілген үлгілік қағидаға сәйкес қамтылғанын, іс-шара жоспары мен ішкі талдау жүргізу кезеңі 2024 жылдың шілде-желтоқсан, 2025 жылдың қаңтар және маусым айлары аралығы етіп бекітілгенін хабарлады.

         Ішкі талдау төмендегі бағыттар бойынша жүзеге асырылады:

  1. Персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы;
  2. Мүдделер қақтығысын реттеу;
  3. Мемлекеттік қызмет көрсету;
  4. Бюджет және қаржы қаражатын игеру және бөлу;
  5. Бөлімге келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері;
  6. Әдеп кодексі нормалары мен сыбайлас жемқорлық заңдарының сақталуы;
  7. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудан туындайтын өзгеде мәселелер.

 

Қабылданған уақыт:

  1. Жүргізілген ішкі талдау нәтижесі негізге алынсын;
  2. Мәдениет үйінің барлық қызметкерлері Қазақстан Республикасының Сыйбайлас жемқорлыққа қарсы заңдамасын мүлтіксіз сақтасын.

 

 

 

Жиналыс төрағасы                                                                           К.Бисенбаев

 

Хаттама жүргізген                                                                      Т.Бахтыгереева

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізіліп жатырған ішкі талдау нәтижелерін алдын-ала жария талқылау мақсатында өткізілген жиын хаттамасы №1
Дата публикации
25 июля 2025