«Қызылқоға аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің аудандық «Арман» мәдениет үйі мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорынының сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауы бойынша 2024 жылдың шілде - желтоқсан айлары мен 2025 жылдың 6 айы бойынша талдамалық АНЫҚТАМА

«Қызылқоға аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің аудандық «Арман» мәдениет үйі мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорынының сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауы бойынша 2024 жылдың шілде - желтоқсан айлары мен 2025 жылдың 6 айы бойынша талдамалық

АНЫҚТАМА

                                                                                             

24 маусым 2025 жыл

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жұмыстары .«Қызылқоға аудандық  мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ-нің аудандық «Арман» мәдениет үйі МҚКК-ның 2025 жылғы 16 мамырдағы №59 «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау  жүргізу туралы» бұйрығы негізінде жүргізілді.

Талдау кезеңі: 2024 жылдың шілде - желтоқсан айлары мен 2025 жылдың  қаңтар - маусым аралығы.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезеңі:                        24 мамыр-24 маусым  аралығы.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдаудың мәні:

  1. Персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы;
  2. Мүдделер қақтығысын реттеу;
  3. Мемлекеттік қызмет көрсету;
  4. Бюджет және қаржы қаражатын  игеру  және  бөлу;
  5. Бөлімге келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері;
  6. Әдеп кодексі нормалары мен сыбайлас жемқорлық заңдарының сақталуы;
  7. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудан туындайтын өзгеде мәселелер.

«Қызылқоға аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ-ң аудандық «Арман» мәдениет үйі МҚКК, Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Миялы ауылы, Х.Досмухамедұлы көшесі №1.

  1. Персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы

.«Қызылқоға аудандық  мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ-нің аудандық «Арман» мәдениет үйі МҚКК-ның штаттық  құрылымы – 49. Атап айтқанда 1 басшы, 2 басшы орынбасары, 1 бөлімше меңгерушісі, 1 заң қызметкері, 20 шығармашылық қызметкерлері, 24 қаржы және шаруашылық қызметкерлері, Қазіргі уақытта бос лауазымдық орын жоқ.

  1. Мүдделер қақтығысын реттеу;

«Арман» мәдениет үйінде 2024 жылдың шілде – желтоқсан айлары мен 2025 жылдың қаңтар – маусым айлары аралығында мекеменің қызметіне қатысты нормативтік-құқықтық актілер  сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне, ішкі талдау жүргізу кезінде құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін дискрециялық өкілеттік пен нормалар анықталған жоқ,  мүдделер қақтығысы орын алған жоқ.

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету

Қызылқоға  аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі аудандық «Арман» мәдениет үйі facebook парақшасына 20 қаңтар, 25 маусым күндері мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу мүмкіндігі туралы тиісті заңдылықтарын халыққа түсіндіру мақсатында ақпарат жарияланды.

11 ақпан күні"Арман" мәдениет үйінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша барлық бөлімдердің қатынасуымен "Ашық есік" күні болып өтті. Шарада аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызмет бойынша түсінік берілді.

Сондай-ақ "Ашық есік" күні онлайн режимде "Қызылқоға ауданы әкімдігі" фейзбук әлеуметтік желісі арқылы тікелей эфирде көрсетілді.

         4.Бюджет және  қаржы қаражатын  игеру  және  бөлу

         Бөлімге бөлінген бюджет қаражатын жұмсау жөніндегі ақпараттың ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында жұмыстарды, тауарларды, қызметтерді мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізу бойынша, заңға сәйкес жылдық жоспар бекітіліп, электрондық веб-порталда жарияланды. Осыған орай, барлық мемлекеттік сатып алулар, бекітілген жылдық жоспарға сәйкес жүзеге асырылды.

         Өткізілетін мемлекеттік сатып алулардың барлық тәсілдері, сондай-ақ конкурстық құжаттамалар, сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландырулар, конкурсқа қатысуға өтінімді ашу, конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу қорытындылары туралы хаттамалар Қазақстан Республикасының бірыңғай мемлекеттiк сатып алу веб-порталы арқылы ашық өткізіледі.

         Бөлімнің қызметкерлерін  іс-сапарға жіберу кезінде жоғары органдардың хаттары негізінде жіберіліп, е-қызмет ақпараттық жүйесіне енгізіліп отырады.

 

  1. Бөлімге келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері

         Көрсетілген мерзім 2024 жылдың шілде-желтоқсан айларында  4 өтініш, 2025 жылдың 6 айы бойынша бөлімге е-өтініш ақпараттық жүйесімен аудан әкімдігі арқылы жеке және заңды тұлғалардан 2 өтініш түсіп, ҚР Заңына сәйкес жауаптары мерзімінде берілді.

 

 

  1. Әдеп кодексі нормалары мен сыбайлас жемқорлық заңдарының сақталуы

         Аудандық «Арман» мәдениет үйі Қазақстан Респуликасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Заңының талаптары қатаң сақталады. Мекеме ғимаратында мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі орналастырылған.

         Азаматтардың арыз-шағымдарын салуға арналған жәшіктер мекемеде көрнекі орынға орналастырылған, 5-58-42 сенім телефоны орнатылған.

  1. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудан туындайтын өзгеде мәселелер.

          

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің қорытындылары

 

І. Кіріспе

  1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы монитрингтің мәні: сыбайлас жемқорлыққа қарсы туындайтын жағдайларды анықтау.
  2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы монитрингі жүргізілді: «Қызылқоға аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ-ң аудандық «Арман» мәдениет үйі МҚКК Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Миялы ауылы, Х.Досмухамедұлы көшесі №1.

         Электронды пошта: dkarmankyzylkoga@mail.ru байланыс нөмері 8/71238/5-58-42;

  1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингті жүргізу кезеңі: 24 мамыр-24 маусым  аралығы.

 

  1. Бақыланатын кезең: 2024 жылдың шілде-желтоқсан айлары мен 2025 жылғы 6 айы бойынша.

ІІ. Ақпараттық – талдамалық бөлім

Мемлекеттік органдар, ұйымдар, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметінде сыбайлас жемқорлықтың туындауының себептері мен жағдайын сипаттайтын сандық және сапалық көрсеткіштері.

 

 

ІІІ. Қорытынды бөлім

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субьектілері қабылдаған сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды жақсарту бойынша ұсынымдар:

  1. Мемлекеттік қызмет жұмыстарын қатаң заңдылыққа сай жүргізуге;
  2. Бөлімге келіп түскен арыз-шағымдарды мерзімінде және сапалы орындау;
  3. Бөлімде Әдеп кодексі нормалары мен сыбайлас жемқорлық заңдарының талаптарын сақталуын қадағалау.

 

«Қызылқоға аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі»ММ аудандық «Арман» мәдениет үйі басшысының орынбасары

 

                                              

                                        Т.Бахтыгереева

 

«Қызылқоға аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ аудандық «Арман» мәдениет үйі МҚКК-нің  бөлімше меңгерушісі

 

 

 

                                       

                                      

                                          Ж.Айдарбаева

 

Қызылқоға аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ аудандық «Арман» мәдениет үйі МҚКК-нің  әдіскері

 

 

А.Сәрсенова

 

 

Қызылқоға аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ аудандық «Арман» мәдениет үйі МҚКК-нің заңгері

 

 

                                         К.Кадиргалиев

 

 

 

«Қызылқоға аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің аудандық «Арман» мәдениет үйі мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорынының сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауы бойынша 2024 жылдың шілде - желтоқсан айлары мен 2025 жылдың 6 айы бойынша талдамалық АНЫҚТАМА
Дата публикации
25 июля 2025