Тайсойған ауылдық округінің қызметіне жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша талдамалық анықтама

 

 

Тайсойған ауылдық округінің қызметіне жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша талдамалық анықтама

 

Кіріспе бөлімі:

  1. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау объектісі болып «Тайсойған ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі-округ әкімінің аппараты) құрылымдық бөлімдерінің қызметі болып табылады.
  2. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы бұйрығына сәйкес жүргізілді.
  3. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды округ әкімінің 2025 жылғы 16 мамырдағы №55 өкімімен құрылған келесі құрамдағы жұмыс тобы жүргізді:
  • Козбаков Туреш Орынбасарович - округ әкімі, жұмыс тобының жетекшісі;
  • Нухесова Уміт Нухесқызы -округ әкімі аппаратының бас маманы;
  • Ұлықпан Аягөз Қанатқызы -округ әкімі аппаратының есепші бас маманы;
  1. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жұмыстарында 2024 шілде  және 2025 маусымы аралығы қамтылды.
  2. Округ әкімі Т.Козбаков топ жетекшісі ретінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу және жұмыс нәтижелері үшін басшылық, үйлестіру және жауапкершілік жүктелді.

Сипаттама бөлімі

І. Талдау келесі бағыттар бойынша жүргізілді:

-Округ әкімі аппаратының қызметін нормативтік құқықтық актілерде (бұдан әрі қарай-НҚА) сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

-Округ әкімі аппаратының ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Талданатын объект туралы мәліметтер:

Округ әкімі аппараты-құзыреті шегінде округ әкімдігінің қызметін қамтамасыз ететін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік мекеме болып табылады.

Округ әкімі аппараты өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де НҚА-ға сондай-ақ, мекеменің Ережесіне сәйкес іске асырады. Есепті кезеңде округ әкімі аппаратында өз қызметін жүзеге асыру барысында сыбайлас жемқорлық сипатындағы қылмыстық құқық бұзушылықтар орын алмаған. Мекен-жайы: Қызылқоға ауданы, Тайсойған  ауылы. Ғабдол Сланов көшесі №4.

ІІ. Аппараттың қызметіне, оның ұйымдастыру-басқару қызметін реттейтін құқықтық актілер мен ішкі құжаттарға сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау:

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында жұмыс тобы кодекстерді, заңдарды, НҚА-ды  өз қызметінде басшылыққа алатын құқықтық актілерді зерделеді.

1.Қазақстан Республикасының Конституциясы;

2.Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі;

3.Қазақстан Республикасының Жер Кодексі;

4.Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексі;

5.Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік Кодексі;

6.Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі;

7.Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексі;

8.«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;

9.«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;

10.«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;

11.«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;

12.«Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;

13.«Алқабилер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;

14.«Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;

15.ҚР Үкіметінің 2006 жылғы 9 қарашадағы «Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының заң қызметтері туралы үлгі ережені бекіту туралы» 11.07.2023 №471 қаулысы;

16.«Нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, келісу және мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту туралы» 05.07.2023 жылғы №464 қаулысы;

17.«Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу, олардың келісу қағидаларын бекіту туралы» 03.07.2023 жылғы №448 қаулысы;

18.«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізудің кейбір мәселелері туралы» 16.07.2020 жылғы №451 қаулысы;

19.Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы;

20.ҚР Цифрлық даму, инновациялық және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2020 жылғы 31 қаңтардағы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» №39/НҚ бұйрығы.

2.1. Ауылдық округ әкімі аппаратының негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

  1. Ауылдық округ әкімінің аппараты өз құзыреті шегінде:

2.Жергілікті қоғамдастық жиынын, ауыл, көше, көп пәтерлі тұрғын үй тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын, жергілікті қоғамдастық жиналысын өткізуді ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;

3.Бөлек жергілікті қоғамдастық жиынының, жергілікті қоғамдастық жиынының және жиналысының шақырылу уақытын, орнын және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей хабардар етеді;

4.Жергілікті қоғамдастық жиынында немесе жергілікті қоғамдастық жиналысында қабылданған және ауылдық округ әкімі мақұлдаған шешімдердің орындалуын қамтамасыз етеді;

5.Ауылдық округтің бюджетін жоспарлауды және атқаруды қамтамасыз етеді;

6.Жергілікті қоғамдастықтың жиналысына және аудан мәслихатына ауылдық округ бюджетінің атқарылуы туралы есепті ұсынады;

7.Ауылдық округтің бюджетін іске асыру туралы шешім қабылдайды;

8.Жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламасын әзірлейді және оны жергілікті қоғамдастық жиналысының бекітуіне ұсынады;

9.Ауылдық округтің коммуналдық мүлкіне жататын объектілерді салу, реконструкциялау және жөндеу бойынша тапсырыс беруші болады;

10.Жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкінің нысаналы және тиімді пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырады;

11.Жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғаларына қатысты коммуналдық меншік құқығы субъектісінің құқықтарын жүзеге асырады;

12.Мүлкі ауылдық округтің коммуналдық меншігіндегі (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігіндегі) коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынға алып қойылған мүлікті кейіннен баланстан шығара отырып, өзге тұлғаға бергенге дейін күтіп ұстау және оның сақталуын қамтамасыз ету мерзімін белгілейді;

13.Жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкінің мәселелері бойынша мемлекеттің мүдделерін білдіреді, ауылдық округтің меншік (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігі) құқығын қорғауды жүзеге асырады;

14.Жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін сенімгерлік басқару шарты бойынша міндеттемелерді сенімгерлік басқарушының орындауын бақылауды жүзеге асырады;

15.Мүлкі ауылдық округтің коммуналдық меншігіндегі (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігіндегі) коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларының орындалуын бақылауды және талдауды жүзеге асырады;

16.Жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін есепке алуды ұйымдастырады, оның тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етеді.

17.Ауылдық округ әкімінің аппараты жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісу бойынша:

18.Өз құзыреті шегінде жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін басқару саласындағы құқықтық актілердің жобаларын әзірлейді;

19.Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін басқарады, оны қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асырады;

20.Шешім қабылдайды және жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін жекешелендіруді жүзеге асырады, оның ішінде объектіні жекешелендіруге дайындау процесінде оның сақталуын қамтамасыз етеді, жекешелендіру процесін ұйымдастыру үшін делдалды тартады, жекешелендіру объектісін бағалауды қамтамасыз етеді, жекешелендіру объектісін сатып алу-сату шарттарын дайындау мен жасасуды және сатып алу-сату шарттары талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;

21.Мүлкі ауылдық округтің коммуналдық меншігіндегі (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігіндегі) коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын қызметінің нысанасы мен мақсаттарын, сондай-ақ осындай қызметті жүзеге асыратын коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның түрін (шаруашылық жүргізу құқығындағы немесе қазыналық кәсіпорын) айқындайды;

22.Жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғасына берілген немесе өзінің шаруашылық қызметінің нәтижесінде өзі сатып алған мүлікті алып қоюды немесе қайта бөлуді жүзеге асырады;

23.Жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғаларының артық, пайдаланылмайтын не мақсатқа сай пайдаланылмайтын мүлкін алып қоюды жүзеге асырады;

24.Жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға кейіннен сатып алу құқығынсыз не кейіннен сатып алу құқығымен мүліктік жалдауға (жалға алуға), сенімгерлік басқаруға береді;

25.Аудан әкімімен келісу бойынша жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғаларын құру, қайта ұйымдастыру, атауын өзгерту және тарату туралы шешім қабылдайды;

26.Коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынға өзіне бекітіп берілген мүлікті (ол өндірген өнімді сатуды қоспағанда) иеліктен шығаруға немесе оған өзгеше тәсілмен билік етуге, филиалдар мен өкілдіктер құруға, сондай-ақ дебиторлық берешекті беруге және есептен шығаруға келісім береді;

27.Жергілікті өзін-өзі басқарудың мемлекеттік заңды тұлғаларының жарғысын (ережесін), оған енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды бекітеді;

28.Мүлкі ауылдық округтің коммуналдық меншігіндегі (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігіндегі) коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар қызметінің басым бағыттарын және бюджеттен қаржыландырылатын жұмыстарының (көрсетілетін қызметтерінің) міндетті көлемін айқындайды;

29.Мүлкі ауылдық округтің коммуналдық меншігіндегі (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігіндегі) мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын және олардың орындалуы жөніндегі есептерді «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда қарайды, келіседі және бекітеді;

30.Жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін пайдалану, оның ішінде оны кепілге, жалға алуға, өтеусіз пайдалануға және сенімгерлік басқаруға беру туралы шешімдер қабылдайды;

31.Жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғаларына бекітіп береді;

32.Жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін иеліктен шығару туралы шешім қабылдайды;

33.Қазақстан Республикасының заңнамасында берілген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

34.Әкімнің аппараты өз құзыреті шегінде:

35.Мемлекеттiк органдар мен басқа ұйымдардың лауазымды тұлғаларынан қажеттi ақпаратты, құжаттарды және өзге де материалдарды сұрауға және алуға;

36.Мүлiктiк және мүлiктiк емес құқықтарды алуға және жүзеге асыруға;

37.Мемлекеттік басқару органдарының, мұрағаттардың, ғылыми мекемелердің ақпараттық деректер базаларын пайдалануға;

38.Шарттар, келісімдер жасасуға;

39.Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көзделген өзге де құқықтарға ие болуға құқылы.

40.Әкім аппаратының өз құзыреті шегіндегі міндеттері:

41.Қолданыстағы заңнамаға сәйкес халыққа сапалы мемлекеттік қызметтер көрсету;

42.Қазақстан Республикасы Президентiнің, Yкіметінің және өзге де орталық атқарушы органдардың, облыс, аудан әкімінің және әкімдігінің, ауылдық округ әкімінің актілерi мен тапсырмаларын сапалы және уақтылы орындау;

43.Қолданыстағы заңнамада көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.

44.«Атырау облысы Қызылқоға ауданы Көздіғара ауылдық округінің әкім аппараты» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - әкімнің аппараты) ауылдық округ әкімінің (бұдан әрі - әкім) қызметін қамтамасыз ететін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік мекеме болып табылады.

45.Әкімнің аппараты өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Әкімнің аппараты туралы ережеге сәйкес жүзеге асырады.

46.Әкімнің аппараты мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, қазынашылық органдарында шоттары болады.

Төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша бөлімге арналған қажетті құралдарды сатып алу бойынша ақпарат:

Алдағы уақытта су тасқынының алдын алу бағытында қажетті құрал

саймандар: 6000 дана қап, комплект 1 дана 50ф дана бензинді мотопомпа, 3 дана 100ф дана бензинді мотопомпа сатып алынды.

  1. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша:

2024 жылдың маусым айынан 2025 жылдың маусым айы аралығында 800 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Оның 200 электрондық цифрлық қолтаңба және 600 электрондық түрде көрсетілетін қызмет.

2024 жылдың маусым айынан 2025 жылдың маусым айы аралығында мемлекеттік көрсетілетін қызметтермен халықты ақпараттандыру мақсатында аудандық «Қызылқоға» газетіне 2024 жылдың 13 қыркүйек күні күнгі №37 (7397) санды нөміріне «Анықтама алу жеңілдеді» тақырыбында, 2024 жылдың 6 желтоқсаны күнгі №49 (7409) санды нөміріне «Портал арқылы қызмет жеңілдеді» тақырыбында,  2025 жылдың  14 наурызы күнгі   №10 (7422) санды нөміріне «Онлайн өтініш беру»  тақырыбында, 2025 жылдың 8 мамыры күнгі №18 (7430) санды нөміріне «Қызмет қалай  көрсетіледі» тақырыбында  мемлекеттік көрсетілетін қызметі туралы мақала жарияланды.

Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі қағидаларды бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2020 жылғы 1 қазандағы №301 бұйрығын Атырау облысы әкімдігінің интернет ресурсына жарияланды.

 Өзіне- өзі қызмет көрсету бұрышының жұмысын тиімді  ұйымдастыру, насихаттау мақсатында тұрғындарға буклеттер таратылып, ватсап әлеуметтік желісі арқылы фото сурет және фэйсбук әлеуметтік желісіне орналастырылды.

     Округ әкімі аппаратының ғимаратының көрнекі жерінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер қағидаларының қолжетімділігі қамтамасыз етілген.

Тайсойған ауылдық округі әкімі аппаратының ғимаратында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» тақырыбында стендінің ақпарттары жаңартылды.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылдың 20 қарашасындағы №399 Жарлығына сәйкес, округ әкімі Т.Қозбаквтың  ауыл тұрғындарымен 2 рет кездесу жиындарында «Әскерге шақыртуды кейінге қалдыру» мемлекеттік қызметі бойынша және EgovMobile қосымшасының мүмкіндіктері жөнінде, Тұрғын үй қатынастары туралы Заңға сілтеме көрсетіле отырып, тұрғын үйге мұқтаждар қатарына кезекке тұру, Құрылыс саласындағы құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидалары» және «Объектілерді кейіннен кәдеге жарату (ғимараттар мен құрылыстарды бұзу) жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізуге рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпараттар берілді.

Тайсойған ауылдық округінің әкім аппаратының бас мамандарының атқарған жұмыстары:

«Тайсойған ауылдық округінің әкім аппараты» мемлекеттік мекемесінде штат саны –  14 бірлікті құрайды. Атап айтқанда округ әкімі -1, бас маман – 2 адам,  келісім-шарт қызметкерлер саны – 11 қызметкер (шаруашылық меңгерушісі, іс-жүргізуші, статист, тазалықшы,  автокөлік жүргізушісі, күзетші , электриг,сантехник) жұмыс істейді.

«Тайсойған ауылдық округінің әкім аппараты» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастырушылық - басқарушылық  қызметінде ағымдағы жыл  ішінде кадрлардың ауысуы орын алды. 

         -05.09.2024 жылы округ әкімінің №90 өкімімен округ әкімі аппаратының күзетшісі А.Жұбатырова өз арызы бойынша жұмыстан босатылды.

         -17.09.2024 жылы округ әкімінің №94 өкімімен округ әкімі аппаратының күзетшісі болып Т.Жайғалиева жұмысқа алынды.

         -30.09.2024 жылы Ж.Шаденова басқа мемлекеттік лауазымға орналасуына байланысты округ әкімінің №100 өкімімен   өз арызы бойынша  округ әкімі аппаратының бас маман есепші лауазымынан босатылды.

         -07.10. 2024 жылы округ әкімінің №102 өкімімен округ әкімі аппаратының есепші қызметіне Ж.Жанболатқызы жұмысқа алынды.

         -03.12.2024 жылы А.Ұлықпан округ әкімінің №116 өкімімен округ әкімі аппаратының есепші қызметіне алынды.

         -03.12.2024 жылы округ әкімінің №118 өкімімен  Ж.Жанболат 02.12.2024 жылдан бастап өз арызы бойынша жұмыстан босатылды.

        -18.12. 2024 жылы округ әкімінің №123 өкімімен А.Ұлықпан 18 желтоқсан 2024 жылыдан бастап өз арызы бойынша жұмыстан босатылды.

        -18.12.2024 жылы  округ әкімінің №124 өкімімен округ әкімі аппаратының бас маман-есепшісі мемлекеттік әкімшілік лауазымға А.Ұлықпан уақытша тағайындалды.

        -03.02.2025 жылыокруг әкімінің №10 округ әкімі аппаратының бас маман есепшісі А.Ұлықпан арнайы тексерудің оң нәтижесін алуына байланысты округ әкімі апаратының бас маман -есепшісі болып тағайындалды.

       -07.04.2025 жылы округ әкімінің №33 өкімімен округ әкімі аппаратының автокөлік жүргізушісі М.Өтепов өз арызы бойынша жұмыстан босатылды.

      -16.05.2025 жылы округ әкімінің №54 өкімімен Д.Әнесов округ әкімі аппаратының автокөлік жүргізушісі болып қызметке орналасты.

     - 19.05.2025 жылы округ әкімінің №56-өкімімен Н.Қуанышқалиев округ әкімі апаратының статист қызметіне 0,5 (елу) пайыз жүктемесімен қызметке тағайындалды.

       -03.06.2025 жылы округ әкімінің № 63-өкімімен округ әкімі аппаратының хатшысы А.Урбисиновадан қызметтік қажеттілікке байланысты 25 (жиырма бес) пайыз мөлшерде қосымша жүктеме қайтарылып алынды.

    -03.06.2025 жылы округ әкімінің №70-өкімімен А.Дабысова статис маманы қызметіне  0,5 (50 пайыз)жүктемесімен және округ әкімі аппаратының хатшы қызметіне 0,5 (50 пайыз) жүктемесімен қызметке тағайындалды.

  1. IV. Мүдделер қақтығысын реттеу.

         Округ әкімі аппаратында мүдделер қақтығысы жоқ фактілер анықталған жоқ.

  1. Бақылау функцияларын іске асыру.

Тайсойған  ауылдық округі әкім аппаратының 2 бас маманынан жылдық жұмыс жоспары алынды.

2024-2025 жылы округ әкімінің ауыл тұрғындарымен кездесулер барысында тұрғындардан түскен ұсыныс-пікірлерді іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілді.

  1. Бюджет және қаражат игеру және бөлу.

2025 жылға қаралған қаржы 208276000 теңге (жылдық жоспар). 2025 жылдың 6 айлық қаржысының қорытындысы бойынша 138141566,6 теңге қаржыландыру жоспары 66% орындалды. Бюджет қаржысын толық әрі мақсатты игерілуі бойынша ай сайын бақылау жасалады.

2025 жылғы мамырдағы №31-1 мәслихат сессиясының шешімімен бір рет бюджет қаражаты нақтыланды. Нақтыланған бюджет уақытылы «Ашық бюджет» порталына жарияланды

.

2024-2026 жылдарға арналған бюджет жобасы да «Ашық бюджет» порталына жарияланды.

2024 жылдың маусым айынан 2025 жылдың маусым айы аралығында  мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына 213 тармағы енгізілді. Оның 213 тармағы толығымен орындалды.

Мемлекеттік сатып алу бойынша 2024 жылдың шілде айынан 2025 жылдың маусым айы аралығында 86 рет конкурс ұйымдастырылды.

Мемлекеттік сатып алу порталы бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау:

Мемлекеттік сатып алу порталы бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

VII.Талдау объектісінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзгеде мәселелер.

Округ әкімінің жалпы 2024 жылдың шілде айынан 2025 жылдың маусым айы аралығындағы құжат айналымы 1159 кіріс және 273 шығыс хаттары жолданып қабылданды.

 

 

 

Жұмыс тобы мүшелері:

 

Тайсойған ауылдық округінің әкімі, жұмыс тобының жетекшісі:

 

Т.Козбаков

Тайсойған ауылдық округі әкім аппаратының бас маманы

 

У.Нухесова

Тайсойған ауылдық округі әкім аппаратының есепші-бас маманы

 

А.Ұлықпан

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тайсойған ауылдық округінің қызметіне жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша талдамалық анықтама
Дата публикации
24 июля 2025