Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізіліп жатырған ішкі талдау нәтижелерін алдын ала жария талқылау мақсатында өткізілген жиын хаттамасы № 1

«Қызылқоға ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізіліп жатырған ішкі талдау  нәтижелерін алдын ала  жария талқылау мақсатында өткізілген жиын хаттамасы № 1

 

Өткізілген күні: 17 маусым 2025 жыл

Қатысқандар: округ әкімі және округ әкімі аппаратының бас мамандары

 

Күн тәртібінде:

  1. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізіліп жатырған ішкі талдау нәтижелерімен таныстыру.
  2. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша жазылып жатырған талдамалық анықтаманы талдау.

Тыңдалды:

 

Округ әкімі З.Шаликов ішкі талдау барысы және нәтижелері туралы есепті баяндады. Қызылқоға ауданы әкімі аппаратының «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу» туралы 2020 жылғы 8 қаңтардағы №4 қаулысымен алынған Ереженің негізінде атқарылатын іс-шараларды орындау мақсатында ауылдық округ әкімдерінің және дербес  басшыларының  ішкі талдау жүргізу  туралы бекітілген кестесіне сай округ әкімінің 2025 жылғы 16 мамырдағы № 60 өкімімен сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу мақсатында жұмыс тобы мен іс-шара жоспары бекітілгенін, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бағыты бекітілген үлгілік қағидаға сәйкес қамтылғанын, іс-шара жоспары мен ішкі талдау жүргізу кезеңі  2024 жылдың мамыр айы мен 2025 жылдың маусымы аралығы қамтылғанын атап өтті. Ішкі талдау төмендегі бағыттар бойынша жүзеге асырылды:

  1. Персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы;
  2. Мүдделер қақтығысын реттеу;
  3. Мемлекеттік қызмет көрсету;
  4. Рұқсат беру функцияларын іске асыру;
  5. Бақылау-тексеру функцияларын іске асыру;
  6. Бюджет және қаржы қаражатын игеру  және бөлу;
  7. Бөлімге келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері;
  8. Әдеп Кодексі нормалары мен сыбайлас жемқорлық заңдарының сақталуы;
  9. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудан туындайтын өзге де мәселелер.

Қамтылған бағыттар бойынша анықталған кемшіліктер болмады. Жалпы талдау барысында анықталған заң бұзушылықтар бойынша, оның ішінде,  жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің қаралуына байланысты қызметкерлерге Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің талаптары мен  нормаларын түсіндіру бойынша баяндалды.

 

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша тапсырмалар:

 

1.Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің талаптары мен нормаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасын барлық қызметкерлер  мүлтіксіз сақтасын.

  1. Осы жиынның барысы туралы аудан әкімдігінің сайтына және округтің фейсбук әлеуметтік желісі парақшасына жариялансын.

 

 

 

Жиналыс  төрағасы:                                                       З.Шаликов

 

Хаттама жүргізген:                                                  Д.Әнетова

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізіліп жатырған ішкі талдау нәтижелерін алдын ала жария талқылау мақсатында өткізілген жиын хаттамасы № 1
Дата публикации
21 июля 2025