Қызылқоға ауданы Қызылқоға ауылдық округі әкімінің сайлауының қорытынды хабары
2025 жылғы 13 шілдеде Қызылқоға ауданы Қызылқоға ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.
Қызылқоға аудандық аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабы 9) тармақшасы, 44-бабы, 113-10-бабына сәйкес, Қызылқоға ауданы Қызылқоға ауылдық округі әкімінің сайлауының қорытындысы туралы учаскелік сайлау комиссиясының хаттамасы негізінде сайлау нәтижесін белгіледі:
Дауысқа түскен кандидаттардың жалпы саны - 3, сайлаушылар тізіміне 782 азамат енгізілді, олардың ішінде дауыс бергендер саны - 403. Дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс жерде дауыс берген сайлаушылардың саны – 60. «Бәріне қарсымын» белгісіне белгі салғандар саны – 4.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
|
М.Б.Борангалиевке |
71 |
|
С.А.Салыковқа |
89 |
|
З.Ғ.Шаликовқа |
238 |
Қызылқоға ауылдық округінің әкімі болып «AMANAT» партиясының Қызылқоға аудандық филиалы ұсынған кандидат Шаликов Зейнолла Ғалымжанұлы, 1990 жылы туған, «Қызылқоға ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің әкімі, Атырау облысы Қызылқоға ауданы Қызылқоға ауылдық округі Қарабау ауылының тұрғыны сайланды.
Қызылқоға аудандық аумақтық сайлау комиссиясы