Қызылқоға ауданы әкімі аппаратының қызметіне жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша талдамалық анықтама
30.06.2025 жыл Миялы ауылы
КІРІСПЕ БӨЛІМІ:
Қызылқоға ауданы әкімі аппараты басшысының 2025 жылғы 19 мамырдағы №99 бұйрығы негізінде 2024 жылдың 1 шілде мен 2025 жылдың 30 мамыры аралығындағы қызметіне 2025 жылдың 1 маусымнан бастап 30 маусым аралығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау (бұдан әрі -Талдау) жүргізілді.
Талдау келесі құрамдағы жұмыс тобымен жүргізілді:
|
Жанқуатов Асылбек Жолдасұлы |
- |
Аудан әкімі аппараты басшысы, Жұмыс тобының жетекшісі; |
|
Батихова Гүлнұр Жексенбайқызы |
- |
Аудан әкімі аппаратының мемлекеттік құқықтық бөлімінің бас маманы; |
|
Бисенғалиева Бақытжамал Дәуленқызы |
- |
Аудан әкімі аппаратының жалпы бөлімінің бас маман-есепшісі; |
|
Қазыбеков Қуанышбек Амангелдіұлы |
- |
Аудан әкімі аппаратының жалпы бөлімінің басшысы; |
|
Тапаев Серікбай Төлеубайұлы |
- |
Аудан әкімі аппаратының мемлекеттік көрсетілетін қызметтер, ұйымдастыру және бақылау бөлімінің басшысы; |
|
Төкенов Мақсат Ғалымұлы |
- |
Аудан әкімі аппаратының жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс жөніндегі бөлімінің басшысы; |
|
Шопанова Айнұр Жұмалықызы |
- |
Аудан әкімі аппаратының персоналды басқару қызметі бөлімінің басшысы. |
СИПАТТАМА БӨЛІМІ:
1) Аудан әкімі аппаратының қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
2) Аудан әкімі аппаратының ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Талданатын объект туралы мәліметтер:
Аудан әкімі аппараты-құзыреті шегінде аудан әкімдігінің қызметін қамтамасыз ететін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік мекеме болып табылады.
Аудан әкімі аппараты өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республиксының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де НҚА-ға, сондай-ақ, мекеменің Ережесіне сәйкес іске асырады. Есепті кезеңде Аудан әкімі аппаратында өз қызметін жүзеге асыру барысында сыбайлас жемқорлық сипатындағы қылмыстық құқық бұзушылықтар орын алмаған.
Мекен-жайы: Қызылқоға ауданы, Миялы ауылы, Абай Құнанбаев көшесі 4.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жұмыс тобы кодекстерді, заңдарды, НҚА-ды, бөлімдер өз қызметінде басшылыққа алатын құқықтық актілерді зерделеді.
2.1. Аудан әкімі аппаратының жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс жөніндегі бөлімі:
Жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс жөніндегі бөлімі (әрі қарай-Бөлім) ауданы әкімі аппаратының құрылымдық бір бөлімі болып табылады.
Ережеге сәйкес бөлімнің функциясына:
1) Аудандық азаматтық қорғаныс саласы бойынша заңдылықтардың орындалысын ұйымдастырады. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу бағытындағы заңдылықтардың орындалысын ұйымдастырады.
2) Аудандық азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттік саясатты ауданда жүзеге асыру бағытында ұсыныстар дайындайды. Төтенше жағдайдың алдын алу мақсатында түрлі оқу жаттығулар өткізуді ұйымдастырады.
3 ) Бөлім бойынша облыс әкімі аппаратына жіберілетін хабарламаларды даярлайды. Бөлімнің функционалдық міндеттеріне байланысты семинарлар, дөңгелек үстелдер, әдістемелік көмектер көрсету және т.б шараларды ұйымдастырады.
4) Қауіп-қатерді төмендету, бейбіт күндерде халықты төтенше жағдайлардан және соғыс болған жағдайда қауіп-қатерден сақтауды ұйымдастырады.
5) Мемлекет үшін маңызды инфрақұрылым және халық нысандарын қорғау деңгейін арттырады. Жергілікті атқарушы органдарда, ұйымдарда қауіпті өнімдері бар нысандардың жұмысшыларымен қызметкерлерін инженерлік, радиациялық, химиялық, биологиялық тұрғыда қорғау жөніндегі кешенді іс-шараларын жоспарлауды ұйымдастыру, оларды төтенше жағдайларда, сонымен бірге лаңкестік әрекеттердің жасалуы кезінде органдардың дайындығы жөніндегі мақсатты әрекеттерді жалғастырады.
6) Мемлекеттік құпияларды сақтау жөніндегі шараларды тиімді орындау іс-шаралардың дайындығын өткізуді қамтамасыз ету.
10) Округ әкімі аппаратының қызметкерлерімен ұдайы байланыста болады. Бөлім жұмысын жоспарлайды, ұйымдастырады, ақпараттық қамтамасыз етеді.
11) Бөлім жұмысын жетілдіру мақсатында аудан әкіміне, аудан әкімі аппаратының басшысына ұсыныстар береді. Бөлім бойынша тапсырмалардың мерзімінде орындалысын, барлық жұмыстардың сапалы жүргізілуін, іс қағаздардың дайындығын қадағалайды.
12) Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті атқарушы органының заң қызметi туралы үлгi ереженің талаптарына сай жұмыстар ұйымдастырады.
Төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша бөлімге алынған қажетті құралдарды сатып алу бойынша ақпарат:
Төтенше жағдайға сатып алынған жабдықтар. 27 558 л ДТ, 3 644 л АИ-92 ЖЖМ, 1-жылжымалы генератор, 90-қыстық етік,10-арнайы киім, 30-мотопомпа барлық жиынтығымен, 40-д100мм рукав напорный, 100-д50мм рукав напорный, 20-д50мм рукав всасывающий, 7-д100мм рукав всасывающий, 40-қыстық су етік, 2000-қолғап, 696-күрек, 50-ыдыс-аяқ, 1000-1 тн қапшық, 75-фонарик, 10-20л канистра тауарларлар алынды.
Бөлімге түскен ұсыныстар және тексеру бойынша:
Облыс әкімі аппаратының басшысының орынбасары С.Әміровтың басшылығымен бірлескен ведомствоаралық (облыс әкімі аппаратының қауіпсіздік және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Л.бердіғалиева, облыстық дін істер басқармасының бас маманы Е.Ерғалиев, облыстық полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқарма бастығы А.Меңдіғалиев және жедел уәкілі А.Халел) инспекциялық топ, 2024 жылдың 10-11 қазан аралығында, Қызылқоға ауданының терроризмге қарсы комиссия қызметін тексерді.
Аудандық ТҚК желісі бойынша инспекциялық тексеріспен 2023 жылдың мамыр айынан бастап 2024 жылдың қыркүйек айы аралығы қамтылды.
Тексеру нәтижесімен кемшіліктер мен олқылықтар анықталып, Қызылқоға аудандық ТҚК қызметін одан әрі жетілдіру мақсатында тапсырма берілді.
2.2. Аудан әкімі аппаратының мемлекеттік көрсетілетін қызметтер, ұйымдастыру және бақылау бөлімі:
Аудан әкімі аппаратының мемлекеттік көрсетілетін қызметтер, ұйымдастыру және бақылау бөлімі (әрі қарай бөлім ) аудан әкімі аппаратының құрылымдық бөлімі болып табылады.
Ережеге сәйкес бөлімнің функциясына:
1) аудан әкімі аппараты, ауылдық округ әкім аппараттары арасындағы байланысты жүзеге асырады;
2) Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметтің актілерімен облыс, аудан әкімдерінің шешімдері мен өкімдерінің, облыс әкімінің хаттамалық тапсырмаланының орындалуына бақылауды жүзеге асырады;
3) жоғары аталған барлық актілердің кәсіпорындарда, басқармаларда, комитеттерде, ұжымдар мен мекемелерде орындалуын тексеруді жүзеге асырады;
4) Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілері мен облыс және аудан әкімдерінің шешімдері мен өкімдерінің орындалуына бақылау жасайды және тексеру қорытындыларын тұжырымдап кемшіліктерді анықтайды, қажетті жағдайда аудан әкімі мен аудандық әкімдігі отырысының қарауына ұсынады;
5) ауданның әкімшілік-аумақтық құрылымы бойынша материалдары әзірлейді;
6) аудан әкімі аппараты өткізетін іс-шаралар жоспарын жасақтайды;
7) Қазақстан Республикасы Президентін, Қазақстан Республикасы Парламенті мен жергілікті маслихаттар депутаттарын сайлауды ұйымдастыру және материалдық-техникалық қамтамасыз ету, республикалық референдумдер өткізу жөнінде құжаттар дайындайды және олардың орындалуын бақылайды;
8) ауылдық округ әкімдерінің тиісті аумақтың әкімшілік-аумақтық құрылымына өзгерістер енгізу жөніндегі ұсыныстарын зерделейді;
9) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын бақылау жұмыстарын жүзеге асырады. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелерін басшылықтың уақтылы қарауын қамтамасыз етеді;
10) Аудандық бөлімдер, ауылдық округтердің мемлекеттік қызмет көрсету құжаттарының орындалуына бақылау жүргізуді жүзеге асырады. Бекітілген кесте бойынша ішкі бақылау жұмыстарын жүргізеді.
11) Ауданның Халыққа қызмет көрсету орталығының (ХҚКО) жұмыстарын үйлестіру бойынша жұмыстарын жүзеге асырады;
12) Аудандық бөлімдерге, ауылдық округтер әкімі аппараттарына мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бойынша әдістемелік қолдау көрсету.
13) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау және оның орындалуын тексеру мәселесі бойынша атқарушылық тәртіптің жай-күйіне талдау жасау;
14) «Мемлекеттік қызмет көрсету» бағыты бойынша жергілікті атқарушы органдардың қызмет тиімділігіне бағалау жүргізу үшін әдістемеге сәйкес Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыс бойынша департаментіне ақпарат ұсыну;
15) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерінің бекітілуін қадағалау;
16) Мемлекеттік қызметтер сапасын арттыру мәселесі бойынша өткізілетін мәжілістерге ақпараттық материалдар, баяндамалар дайындайды.
17) «Мемлекеттік органдарды құқықтық қамтамасыз ету», «Президенттің, Мемлекеттік хатшының, Үкіметтің, Президент Әкімшілігі, Премьер-Министр Кеңсесінің актілері мен тапсырмаларын орындау», «Мемлекеттік қызмет көрсету», «Ақпараттық технологияларды қолдану», «Персоналды басқару», бағыттары бойынша жыл қорытындысымен мемлекеттік органдардың қызмет тиімділігін бағалау бойынша көрсеткіштерді жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу және бекіту.
18) аудан бойынша құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның жұмысын ұйымдастыру;
19) аудан бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі ведомствоаралық комиссияның жұмысын ұйымдастыру;
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша:
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 31 қаңтардағы №39/НҚ бұйрығымен бекітілген реестр бойынша 173 қызметтің ауданда 46 көрсетіледі.
2025 жылдың 6 айында 2514 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Оның 754 ХҚКО арқылы мемлекеттік органмен, 36 қағаз түрінде, 718 электрондық түрде «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы, 317 ақпараттық жүйелер арқылы және «Е-лицензия» базасы арқылы 689 қызмет.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді электронды түрде «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы алуға болатындығын тұрғындарға түсіндіру мақсатында аудандық «Қызылқоға» газеті мен облыс әкімдігінің ресми интернет-ресурсына 35 мақала жарияланса, одан бөлек 7 тікелей эфир, семинар кеңес 8, құқықтық оқыту 1, ашық есік күні 7, қоғамдық кеңес 2, онлайн-жәрмеңке 2 өтті. «Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жәрмеңкесі» тоқсан сайын өткізіледі. Аталған жәрмеңкелерде аудан тұрғындарына барлық көрсетілетін мемлекеттік қызмет заңдылықтары кеңінен түсіндірілді.
10 ауылдық округ әкімі аппараттарында орналасқан «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары» арқылы 3457 қызмет көрсетіліп, 1598 электрондық цифрлық қолтаңба берілді.
Бөлімге түскен ұсыныстар және тексеру бойынша:
Атырау облысы Цифрландыру және архивтер басқармасының мемлекеттік қызмет көрсету мәселесін үйлестіру бөлімінің басшысы Т.Ізбасова, аталған бөлімнің бас маманы А.Қосымбаева, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің Мемлекеттік қызметтер көрсету басқармасының бас маманы А.Бактыгереева Қызылқоға ауданына қарасты қызмет көрсететін мемлекетік органдарға 2024 жылы 27 қыркүйекте ішінара тексеру жүргізді.
2.3. Аудан әкімі аппаратының мемлекеттік құқықтық бөлімі:
Аудан әкімі аппаратының мемлекеттік құқықтық бөлімі (әрі қарай-Бөлім) ауданы әкімі аппаратының құрылымдық бөлімі болып табылады.
Ережеге сәйкес бөлімнің функциясына:
1) сотта, сондай-ақ басқа да ұйымдарда мемлекеттік орган қызметінің құқықтық мәселелерін қарау кезінде белгіленген тәртіппен мемлекеттік органның мүдделерін білдіреді;
2) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен мемлекеттік органда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне мониторинг жүргізуді тұрақты негізде үйлестіреді;
3) мемлекеттік орган әзірлейтін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын, оның ішінде оларды мемлекеттік органның басқа да құрылымдық бөлімшелері әзірлеген жағдайда келісу жолымен қатысады;
4) мемлекеттік органның бірінші басшысының тапсырмасы бойынша нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлейді және мемлекеттік органның құқықтық мәселелер жөніндегі құжаттарын дайындайды;
5) мемлекеттік органда Қазақстан Республикасының заңнамасын насихаттау, жалпыға бірдей құқықтық оқытуды ұйымдастыру жөніндегі жыл сайынғы іс-шараларды әзірлейді және іске асырады;
6) заңнамалық актілерде көзделген жағдайда мемлекеттік органның құзыретіне жататын құқықтық мәселелер бойынша мемлекеттік органның атынан түсініктеме дайындайды;
7) мемлекеттік органға келіп түскен Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің жүйелендірілген есебін және олардың сақталуын ұйымдастырады;
8) өз міндеттерін орындау үшін қажетті құжаттарды және мәліметтерді мемлекеттік органның бөлімдерінен сұратуға;
9) мемлекеттік органның басшысының келісімімен нормативтік құқықтық мәселелер жөніндегі құжаттарын әзірлеу үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасын насихаттау жөнінде іс-шаралар мен мемлекеттік органда жалпыға бірдей құқықтық оқытуды іске асыру үшін басқа бөлімдердің қызметкерлерін тартуға құқылы.
10) аудан бойынша кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі, аудан әкімдігі жанынағы құқық бұзушылық профилактикасы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның, нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы іс-қимылға бағытталған қызметті үйлестіру жөніндегі өңірлік ведоствоаралық штабтың жұмысын ұйымдастыру;
2024 жылдың шілде мен желтоқсан аралығында аудан әкімдігімен 200 қаулы, аудан әкімімен 18 шешім, 200 өкім шығарылды.
2024 жылғы нормативтік құқықтық актілерге жүргізілген құқықтық мониторинг нәтижесі бойынша 9 қайшы келетін нқа анықталып, кемшіліктерді жою бойынша шаралар қабылданды.
2025 жылы қаңтар мен мамыр аралығында аудан әкімдігімен 91 қаулы, аудан әкімімен 20 шешім, 134 өкім қабылданды.
2.4. Аудан әкімі аппаратының персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) бөлімі:
Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) бөлімі (бұдан әрі бөлім) аудан әкімі аппаратының құрылымдық бөлімі болып табылады және өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы Заңын, мемлекеттік қызмет саласындағы Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін, сондай-ақ ережені басшылыққа алады.
Бөлімнің міндеті мемлекеттік органның персоналды басқарудың тұтас жүйесін қалыптастыру.
Ережеге сәйкес бөлімнің функциясына:
1) Мемлекеттік органның стратегиясын әзірлеуге және іске асыруға атсалысу, мемлекеттік органның кәсіби кадр дамуын, оның ішінде қайта даярлау, біліктілігін арттыру, тағлымдамалардан өтуін ұйымдастыру арқылы қамтамасыз ету;
2) Конкурстық, аттестаттау, тәртіптік және кадр мәселелері жөніндегі өзге де комиссиялардың қызметін ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
3) Мемлекеттік қызметшілердің қызметіне бағалау жүргізуді ұйымдастыру, олардың аттестаттау рәсімдерінің сақталуын қамтамасыз ету;
4) Мемлекеттік органда еңбек заңнамасы мен мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың орындалуын қамтамасыз ету, еңбек режимі мен жағдайларының сақталуын, сондай-ақ мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулердің сақталуын қатамасыз ету;
5) Мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік және құқықтық қорғалуын қамтамасыз ету, мемлекеттік орган басшысына оларды көтермелеу және ынталандыру бойынша ұсыныстарды енгізу;
6) Кадр жұмысы және персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) бөлімі Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамамен айқындалатын персоналды басқару бойынша өзге де міндеттер мен функцияларды іске асырады;
7) Кадр жұмысы және персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) бөліміне олардың қызметіне тән емес қосымша міндеттер мен функциялар жүктелмейді.
Бөліммен атқарылған жұмыстарға тоқталсақ:
Қызылқоға ауданы әкімдігінің құрылымы 8 бөлім, 10 ауылдық округтен тұрады.
Аудан әкімдігі бойынша штат саны – 106 бірлікті құрайды.
Жалпы мемлекеттік қызметшілердің 95 пайызы жоғары білімді.
Өткен жылы тұрақты бос орындар саны – 3 (аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің бас маман-есепші, Тасшағыл ауылдық округінің әкімі, Тасшағыл ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы), уақытша бос орындар саны – 4 құрады (Сағыз ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, Көздіғара ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, Жамбыл ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, Мұқыр ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы).
Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға өткен жылы 2 ішкі, 48 жалпы конкурс жарияланып, қорытындысымен 20 мемлекеттік қызметші жұмысқа орналасты (1 аудан әкімі аппаратының құрылымдық бөлім басшысы, 1 бөлім басшысы, 3 аудан әкімі аппаратының бас маманы, 8 бөлімнің бас маманы, 7 округтің бас маманы).
Қазіргі уақыттағы тұрақты бос орындар саны – 7 (аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің бас маман-есепші, Қызылқоға ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік құқықтық бөлімінің басшысы, Қызылқоға ауданы әкімі аппаратының жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс жөніндегі бөлімінің бас маманы, Қызылқоға аудандық экономика және қаржы бөлімінің бас маманы, Жангелдин ауылдық округі әкімі аппаратының бас маман-есепшісі, Ойыл ауылдық округі әкімі аппаратының бас маман-есепшісі, Көздіғара ауылдық округі әкімі аппаратының бас маман-есепшісі), уақытша бос орындар саны – 1 құрады (Жамбыл ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы).
Биылғы жылы 6 ішкі, 20 жалпы конкурс жарияланып, қорытындысымен 8 мемлекеттік қызметші жұмысқа орналасты (1 аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы, аудандық құрылыс бөлімінің басшысы, аудан әкімі аппаратының бас мамандары-3 бірлік, аудандық экономика және қаржы бөлімінің бас маманы, аудандық құрылыс бөлімінің бас маманы, Мұқыр ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы).
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 15-бабы 6 тармақшасына сәйкес 2 түлек мемлекеттік қызметке конкурс өткізілместен орналастырылды.
2024 жылы конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету мақсатында үміткерлермен әңгімелесу отырыстарына байқаушылар қатынастырылды (ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша филиалы қызметкерлері және де 18 жасқа толған кез-келген ҚР азаматы байқаушы ретінде қатынаса алды). 2025 жылы бос орындарға конкурстар ықпалдастырылған ақпараттық жүйеде «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға іріктеу және конкурс өткізудің уақытша қағидалары арқылы өткізілуде.
2024 жылы мемлекеттік қызметке алғаш қабылданған 5 мемлекеттік қызметшіге, 2025 жылы 3 қызметшіге сынақ мерзімі белгіленді. Сынақ мерзімін 6 айға ұзартқан мемлекеттік қызметші болған жоқ.
2024 жылы таза ауысыммен босатылғандар болған жоқ.
Биылғы жылы мемлекеттік қызметтен басқа жұмысқа ауысуларына байланысты, таза ауысыммен 1 мемлекеттік қызметші жұмыстан босатылды (аудандық құрылыс бөлімінің басшысы).
2024 жылы Мемлекеттік әкімшілік басшы лауазымына алғаш тағайындалған мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау курсынан -1, Мемлекеттік қызметке алғаш қабылданған қызметшілерді қайта даярлау" курсынан -2, біліктілік арттыру семинарына -24 мемлекеттік қызметші қатынасып, жоспар толығымен орындалды.
2025 жылы Мемлекеттік әкімшілік басшы лауазымына алғаш тағайындалған мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау курсынан - 5, Мемлекеттік қызметке алғаш қабылданған қызметшілерді қайта даярлау" курсынан - 5, біліктілік арттыру семинарынан - 30 мемлекеттік қызметші қатынастыру жоспарлануда. Күні бүгінге Мемлекеттік қызметке алғаш қабылданған қызметшілерді қайта даярлау» курсынан - 5, біліктілік арттыру семинарынан - 22 мемлекеттік қызметші өтті.
2024 жылы 13 мемлекеттік қызметші тиісті салада кәсіби білім мен тәжірибе алу мақсатында тағылымдамадан өткізілді. 2025 жылы 31 мемлекеттік қызметшіні тағылымдамаға жіберу жоспарлануда.
2024 жылы әкімдікке қарасты мемлекеттік органдардағы 36 мемлекеттік қызметші, 2025 жылы 2 мемлекеттік қызметші түрлі заң бұзушылықтар бойынша тәртіптік жауапкершілікке тартылды (өзіне жүктелген міндеттемелерді тиісті дәрежеде орындамағаны үшін).
Сыбайлас жемқорлық, құқық бұзушылық анықталған жоқ.
2.5. Аудан әкімі аппаратының жалпы бөлімі:
Аудан әкімі аппаратының жалпы бөлімі (бұдан әрі-бөлім) аудан әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
Ережеге сәйкес бөлімнің функциясына:
1) Жалпы бөлімнің негізгі міндеті болып аудан әкімінің, оның орынбасарларының, аппаратының қызметін құжаттамалық, қаржылық, материалдық қамтамасыз ету болып табылады.
2) Негізгі міндеттерді іске асыру мақсатында бөлім келесі функцияларды жүзеге асырады:
3) іс жүргізеді, құжаттардың өтуін бақылайды, аудан әкімі мен әкімдік кесімдерін тіркейді, есебін жүргізеді және олардың сақталуын қамтамасыз етеді.
4) қабылданған қаулыларды, шешімдер мен өкімдерді шығаруды және орындаушыларға жедел жеткізуді ұйымдастырады.
5) қызметтік құжаттардың, басшылық тапсырмаларының орындалуын бақылауды жүзеге асырады, аудан әкімі аппаратының атқарушы тәртіптің жай күйін талдайды;
6) азаматтар өтініштерін тіркейді, олардың уақтылы қаралуын бақылайды, жүзеге асырады.
7) аудан басшылығымен азаматтарды жеке қабылдауын ұйымдастырады.
8) аппараттың істер номенклатурасын құрастырады;
9) құжаттар құндылығын сараптау жөніндегі комиссиясының жұмысын ұйымдастырады, аппараттың құрылымдық бөлімшілерінен іс жүргізілуі аяқталған құжаттарды сақтауға қабылдайды, мұрағаттық уақытша сақталуын және олардың кейінен мемлекеттік мұрағатқа берілуін қамтамасыз етеді;
10) құжаттардың басылуын, көбейтілуін, таратылуын, орындаушыларға құжаттардың жедел жеткізілуін қамтамасыз етеді;
11) Бөлімнің бланкілік өнімін, конверттердің тапсырысын және есебін қамтамасыз етеді;
12) іс жүргізу мәселесінде ауылдық округтер әкімдерінің аппаратына, аудандық бөлімдерге практикалық көмек көрсетуді ұйымдастырады;
13) іс жүргізуды жетілдіруді қамтамасыз етеді, басшылыққа құжаттама айналымын төмендету жөнінде ұсыныстарды енгізеді.
14) Мемлекеттік органның қаржылық құжаттарын уақытылы және дұрыс рәсімдеуге, жүзеге асырылатын қаржылық операциялық заңдылығына алдын-ала бақылау жасау.
15) Мемлекеттік органның қызметін қамтамасыз етуге бөлінген қаражаттың мақсатты игерілуіне мониторинг жүргізу және ай сайынғы төлемдер бойынша қаржылық жоспардың орындалмау себептерін анықтау, талдау жүргізіп отыру;
16) Мемлекеттік органның негізгі құралдарын, мүліктерін, материалдық құндылықтарын түгендеу, түгендеудің нәтижелерін уақытылы және дұрыс анықтау, оларды есепте бейнелеу;
17) Жалпы кіріс пен шығыстың балансын орындап, жүзеге асырылуын үнемі басты назарда ұстау;
18) Дебиторлық және кредиторлық қарыздар болдырмау жөнінде шаралар алу.
Аудан әкімі аппаратында мүдделер қақтығысы бар фактілер анықталған жоқ.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 2 наурыздағы №120 «Белгіленген мерзімін өткерген әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2023 жылдың наурыз – шілдесінде және қыркүйек – желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақырту туралы» Жарлығына және Қазақстан Республикасының 2012 жылдың 16 ақпанындағы №561-IV «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңына сәйкес, 2025 жылдың көктемгі мерзімді әскери қызметке шақыру жұмыстары жүргізіліп, мемлекеттік қызметтер көрсетілді.
Аудан әкімі аппаратының ережесінде рұқсат беру функциялары көзделмеген.
VII. Бақылау функцияларын іске асыру.
2024 жылдың шілде-желтоқсан айларында 6 аппараттық мәжіліс өткізілді. Өткізілген аппарат мәжілістерінде барлығы 81 тапсырма берілді. Оның орындалғаны 79, бақылаудан алынды 2.
2025 жылдың қаңтар-мамыр айларында 7 аппараттық мәжіліс өткізілді. Өткізілген аппарат мәжілістерінде барлығы 152 тапсырма берілді. Оның орындалғаны 113, орындалуда 39.
Жыл басынан бері өткізілген мәжілістерде берілген тапсырмалар бойынша хаттамалар жасақталып тиісті орындаушылардың назарына жеткізілді.
Алайда, орындаушылар тарапынан тапсырмалардың орындалысын сырғытпа жауаптармен беру көптеп кездеседі.
Сонымен қатар, берілген тапсырмалар орындау мерзімінен (хаттамада көрсетілген) кейін орындалған жағдайда, ол туралы аудан әкімі аппаратына хабарланбайды.
VIII. Бюджет және қаржы қаражатын игеру және бөлу.
2024 жылдың 6 айы үшін қаржыландыру жоспары 602 466, 545 мың теңге.
2025 жылдың 5 айы үшін 280 572,182 мың теңге.
Аудан бойынша 2024 жылдың шілде-желтоқсан айлары бойынша жеке және заңды тұлғалардан 177 өтініш түсті. Оның ішінде:
Шағым-1
Ұсыныс-9
Сұрау, хабарлама-64
Арыз-103
«Е-Өтініш» ақпарттық жүйесі арқылы жүргізілген мониторинг қорытындысы бойынша 7 кемшілік анықталды:
Келіп түскен өтініштердің басым көпшілігі тұрғын үй, жер, жұмыс және әлеуметтік көмек мәселелері бойынша.
Азаматтарды жеке қабылдау жұмысы
2024 жылдың шілде-желтоқсан айлары бойынша аудан әкімі аппаратында, бөлім басшылары мен ауылдық округ әкімдері есепті кезеңде 109 қабылдау ұйымдастырылып, 217 азамат жеке қабылданды. Қабылдаулар нәтижесімен 43 өтініш оң шешілді, 174 өтініш иесіне заң талаптарына сай түсінік берілді.
Аудан бойынша 2025 жылдың 6 айы бойынша жеке және заңды тұлғалардан 365 өтініш түсті. Оның ішінде:
Шағым-1
Ұсыныс-20
Сұрау, хабарлама-198
Арыз-146
«Е-Өтініш» ақпарттық жүйесі арқылы жүргізілген мониторинг қорытындысы бойынша 7 кемшілік анықталды:
Жолданым тілі деректемесі бойынша бұзушылықтар:№ЗТ-2025-00140873, ЖТ-2025-00642211 өтініштеріне жауапты аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылыс бөлімі.
Өтінішті қарау нәтижесімен қабылданған шешімдерді ақпараттық жүйеде қате көрсету:№ЗТ-2025-00140873 өтінішіне жауапты аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі. №ЖТ-2025-00409615 өтінішіне жауапты аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі.
Тыңдалым жүргізу тәртібін бұзу бойынша: №ЖТ-2025-00714350, ЗТ-2025-00559580 өтініштеріне жауапты аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі. №ЖТ-2025-00435438 өтінішіне жауапты аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі.
Облысы әкімі аппаратының Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің 2025 жылдың 1-тоқсанына жүргізілген мониторинг нәтижесі бойынша ағымдағы жылдың 21 сәуір күні жиналыс өткізіліп, кемшіліктер талқыланды. Хаттама қорытындысымен жауапты тұлғаларға ескерту берілді
Азаматтарды жеке қабылдау жұмысы
2025 жылдың 6 айы бойынша аудан әкімі, аудан әкімінің орынбасарлары, аппарат басшысы, бөлім басшылары мен ауылдық округ әкімдері есепті кезеңде 127 қабылдау ұйымдастырылып, 251 азамат жеке қабылданды. Қабылдаулар нәтижесімен 23 өтініш оң шешілді, 228 өтініш иесіне заң талаптарына сай түсінік берілді.
Аудан әкімі аппаратымен 2024 жылдың 6 айында және 2025 жылдың 5 айында ақпараттық жүйелер әзірленбеген, себебі барлық ақпараттық жүйелер Атырау облысының әкімдігі арқылы жүргізіліп келеді.
Аудан әкімдігіндегі жалпы құжат айналымы:
2024 жылдың шілде-желтоқсан айларында 3467 хат кірістеліп, 1184 хат шығысталды.
2025 жылдың қаңтар-маусым айларында 3870 хат кірістелді, 1150 хат шығысталды.
Талдау кезінде персоналды басқару, мүдделер қақтығысын реттеу, мемлекеттік қызметтер көрсету, рұқсат беру функцияларын іске асыру, бақылау-тексеру функцияларын іске асыру, бюджет және қаржы қаражатын игеру және бөлу, жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасасу, ақпараттық жүйелерді әзірлеу және пайдалану, ұйымдастыру-басқару қызметінен туындайтын өзге де мәселелер бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады.
Жұмыс тобы мүшелері:
|
Аудан әкімі аппаратының басшысы |
|
А. Жанқуатов |
|
Аудан әкімі аппаратының жалпы бөлімінің бас маман-есепшісі
|
|
Б. Бисенғалиева |
|
Аудан әкімі аппаратының мемлекеттік құқықтық бөлімінің бас маманы
|
|
Г. Батихова |
|
Аудан әкімі аппаратының жалпы бөлімінің басшысы
|
|
Қ.Қазыбеков |
|
Аудан әкімі аппаратының мемлекеттік көрсетілетін қызметтер, ұйымдастыру және бақылау бөлімінің басшысы
Аудан әкімі аппаратының жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс жөніндегі бөлімінің басшысы
|
|
С. Тапаев
М.Төкенов |
|
Аудан әкімі аппаратының персоналды басқару қызметі бөлімінің басшысы |
|
А. Шопанова |