«Қызылқоға аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы» мемлекеттік мекемесі Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізіліп жатырған ішкі талдау нәтижелерін алдын-ала жария талқылау мақсатында өткізілген жиын хаттамасы №1

«Қызылқоға аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы» мемлекеттік мекемесі

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізіліп жатырған ішкі талдау нәтижелерін алдын-ала жария талқылау мақсатында өткізілген жиын хаттамасы

№1

 

Өткізілген күні: 2025 жылғы 17 мамыр                                               

Қатысқандар: Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің қызметкерлері.

Шақырылғандар: Бөлімнің әлеуметтік парақшаларында 17.05.2025 жылы сағат 10:00-де жария талқылау өтетіндігі туралы хабарлама жарияланды.

 

Күн тәртібі:

  1. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізіліп жатқан ішкі талдау нәтижелерімен таныстыру.
  2. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша жазылып жатырған талдамалық анықтаманы талдау.

 

Тыңдалды:

Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің бас маманы А.Орынбасар ішкі талдау барысы және нәтижелері туралы есепті баяндады.

Қызылқоға ауданы әкімі аппараты 2024 жылға арналған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және алдын алу» №4 үлгілік базалық бағытын іске асыру шеңберінде ауылдық округі әкімдерінің және дербес бөлім басшыларының ішкі талдау жүргізу туралы бекітілген кестесіне сәйкес, бөлім басшысының 2025 жылғы 16 мамырдағы №60 «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау  жүргізу туралы» бұйрығымен сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу мақсатында жұмыс тобы мен іс-шара жоспары бекітілгенін, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бағыты бекітілген үлгілік қағидаға сәйкес қамтылғанын, іс-шара жоспары мен ішкі талдау жүргізу кезеңі 2024 жылдың шілде-желтоқсан  және 2025 жылдың қаңтар-маусым айлары аралығы етіп бекітілгенін хабарлады. Ішкі талдау төмендегі бағыттар бойынша жүзеге асырылды:

  1. Бөлімнің қызметін реттейтін заңнамалардағы сыбайлас жемқорлық қауіптерін анықтау;
  2. Персоналды басқару, мүдделер қақтығысын реттеу, мемлекеттік қызмет көрсету мәселелер бойынша талдау объектісі қызметіндегі сыбайлас жемқорлық қауіптерін анықтау;
  3. Бөлімге келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері;
  4. Мемлекеттік сатып алу веб порталы туралы;
  5. Прокурорлық , сот актілері;
  6. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша;
  7. Бұқаралық ақпарат құралдарындағы және онлайн есеп беру, әлеуметтік желілердегі жарияланымдар.

Қамтылған бағыттар бойынша анықталған кемшіліктер мен ұсыныстарды таныстырды.

Екінші мәселе бойынша аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің бас маманы В.Жумалиеваның ұсынысы: талдау барысында анықталған тәуекел бойынша Атырау облысы мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасына хат жолдауды ұсынды.

 

        Күн тәртібіндегі мәселе бойынша тапсырмалар:

 

  1. Ішкі талдау нәтижесінде анықталған тәуекел бойынша Атырау облысы мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасына хат жолдансын. Орындалысы аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімнің бас маманы В.Жумалиеваға жүктелсін.
  2. Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің талаптары мен нормаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасын барлық бөлім қызметкерлері мүлтіксіз сақтасын.
  3. Осы жиынның барысы туралы аудан әкімдігінің сайтына және әлеуметтік желідегі парақшаларына жариялансын.

 

 

Жиналыс төрағасы                                                              Е.Құмаров

 

Хаттама жүргізген                                                                А.Орынбасар

«Қызылқоға аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы» мемлекеттік мекемесі Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізіліп жатырған ішкі талдау нәтижелерін алдын-ала жария талқылау мақсатында өткізілген жиын хаттамасы №1
Дата публикации
11 июля 2025