Қызылқоға аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөліміндегі сыбайлас жемқорлық қауіптеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелері бойынша талдамалық анықтама
Миялы ауылы 12.06.2025 ж
Қызылқоға аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі.
Қызылқоға аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі басшысының 2025 жылғы 16 мамырдағы №60 бұйрығымен бекітілген, бөлім қызметіндегі сыбайлас жемқорлық қауіптеріне ішкі талдау жасау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу бойынша іс-шаралар жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.
Жұмыс тобының басшысы:
Қияқбай Бержан – бас маман.
Жұмыс тобының мүшелері:
Венера Жумалиева- бас маман;
Орынбасар Айдана– бас маман;
Былқайрова Нәзерке - статистикалық есепке алу және есептілік жөніндегі маманы;
Арсен Аққали - әдіскер.
1) Бөлімнің қызметін реттейтін заңнамалардағы сыбайлас жемқорлық қауіптерін анықтау.
2) Персоналды басқару, мүдделер қақтығысын реттеу, мемлекеттік қызмет көрсету мәселелер бойынша талдау объектісі қызметіндегі сыбайлас жемқорлық қауіптерін анықтау.
3) Бөлімге келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері; бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар;
4) Мемлекеттік сатып алу веб порталы туралы.
5) Прокурорлық қадағалау актiлерi, сот актілері.
6) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша.
7) бұқаралық ақпарат құралдарындағы және онлайн есеп беру, әлеуметтік желілердегі жарияланымдар;
Бөлімнің қызметі шеңберінде басшылыққа алынатын нормативтік құқықтық актілерге талдау жүргізілді, атап айтқанда:
Жүргізілген талдау нәтижесінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарына әкеп соғуы мүмкін қандай да бір нормалар мен өкілеттіктер анықталған жоқ.
Бөлім Қызылқоға ауданы әкімдігінің бөлімшесі болып табылады. Бөлімнің штаттық құрылымы – 17 адам. Атап айтқанда бөлім басшысы – 1, бас маман – 4, басшының хатшысы – 1, әдіскер – 1, статистикалық есепке алу және есептілік жөніндегі маманы – 1, шаруашылық меңгеруші – 1, күзетші – 3, хат тасымалдаушы – 1, тазалықшы – 1, автокөлік жүргізуші – 2. Қазіргі уақытта 1 бас маман – есепші және 1 хатшының (жүктілігіне байланысты демалыс) орны бос.
Мүдделер қақтығысы орын алған жоқ. Кадрлық тағайындауларға үнемі талдау жүргізіледі.
Бөлімдегі мемлекеттік қызмет атқаратын тұлғалар мен олардың жұбайларының табыстары мен мүліктері туралы декларацияларының уақытылы тапсырылуы қамтамасыз етілген.
Бөлім бойынша 2024 жылдың шілде-желтоқсан айларында 100 бұйрық, 2025 жылдың қаңтар – маусым айларында 78 бұйрық қабылданды.
Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңдарының, мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс Кодексі, қатаң сақтауы қадағаланып отырады. Қоғамдық орындарда мемлекеттік қызметшілерге бейәдеп қылықтар танытпау және әлеуметтік желі аккаунттарына жариялаумау жөнінде түсінік жұмыстары жүргізілді.Сондай-ақ, бөлім ішкі жұмыс барын тысқа жарияламау, құпиялықты сақтау шаралары түсіндірілді.
Бөлімнің атқарылып жатырған жұмыстарына тоқталсақ, жол құрылысы бойынша 12 жоба жүзеге асырылуда. Оның ішінде:
Электрмен қамту саласында бірнеше жобалар жүзеге асырылуда. Атап айтқанда, «Мұқыр ауылында орналасқан М.Сұлтанов, М. Дәулетбаев, 4 ауыл, 5 ауыл, басты жолдың бойында көше жарықтандыру желілерін ұйымдастыру» нысанының құрылысы басталған болатын. Жүзеге асырушы мердігер «Еділ строй сервис» ЖШС-гі, аталған нысын 2025 жылы пайдалануға беру жоспарлануда.
«Сағыз ауылында 1-2 ауылдарының электр желілерінің құрылысы» жобасы. Құрылыс жұмыстарына жауапты «Теплоэнергострой» ЖШС-гі. Келісім шарт құны 877 612,7 (сегіз жүз жетпіс жеті миллион алты жүз он екі мың) 7 тиынды құрайды. Құрылыс жұмыстары басталды. Мердігер мекеме тарапынан құрылыс жұмыстарына қажетті материалдарға сұраныс берілді. Қазіргі уақытта, 1300 бағандар орнатылды. Жоба ауыспалы болғандықтан 2024 жылы аяқтау жоспарланған. Алайда, аталған мердігер мекеме өзіне жүктелген міндеттемелерді толық және уақытында орындамағаны үшін бір жақты тәртіпте келісім шарт бұзылды. Аталған нысанға жауапты мердігер мекемені анықтау мақсатында Мемлекеттік сатып алу порталына конкурс жарияланып, лот қорытындысына сәйкес «QAZNA STORY SERVIS» ЖШС ұтып алды.
«Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Жангелдин ауылдық округі, Жангелдин ауылының кірберіс жолын электрмен жарықтандыру құрылысы» жобасы. Келісім шарт құны 27 606,8 мың теңгені құрайды. Құрылыс жұмыстарына жауапты «Invent Team» ЖШС-і. Нысан іске қосылды. Қабылдау жұмыстары жүргізілуде.
«Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Қарабау ауылында көшені жарықтандыру құрылысы» жобасы. Келісім шарт құны 26211,9 мың теңгені құрайды. Құрылыс жұмыстарына жауапты «Invent Team» ЖШС-і. Нысан іске қосылды. Қабылдау жұмыстары жүргізілуде.
«Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Жамбыл ауылдық округі, Қаракөл ауыл көшелерінің жарықтандыру құрылысы» жобасы. Келісім шарт құны 39837,4 мың теңгені құрайды. Құрылыс жұмыстарына жауапты «Еламан Ойл» ЖШС-і.Қазіргі уақытта, құрылыс жұмыстары толықтай аяқталды. Қабылдау жұмыстары жүргізілуде.
Аудан көлеміндегі елді мекеніндерге 322,17 км магистралды және 443,603 км ауыл ішілік су желісі арқылы ауыз су беріліп отыр. Халықпен шаққанда 99,7% орталықтандырылған ауыз су құбыры арқылы қамтылып келеді. Былқылдақты, Кенбай, Сарқұмақ, Соркөл, Тасқұдық елді мекендерінде су құбыры желілерінің құрылыс жұмыстары жүргізіліп, қазіргі уақытта құрылыс жұмыстары толықтай аяқталды. Аталған нысандар бойынша, елді мекендерді сумен жабдықтау үшін кешенді блок-модульдер орнатылған. Қалған 2 елді мекенде, яғни Қоғам елді мекенінде ауылішілік су құрылысын қабылдау жұмыстары жүргізілуде. Аққора елді мекені бойынша құрылыс жұмыстары аяқталды. Қазіргі уақытта аудан көлеміндегі «Миялы-Жангелдин-Жасқайрат» және «Индер-Миялы» топтық су құбыры арқылы «Қазсушар» РМК Атырау филиалы, «Мұздыбұлақ-Қарабау» топтық су құбыры арқылы ЖК «Ахмет» және «Кереген-Сағыз-Жамансор» топтық су құбыры арқылы «Сағыз су» ЖШС қызмет көрсетеді.
Көгілдір отынмен қамту бойынша аудан көлемінде халықты табиғи газбен елді мекендердің 100%-ы немесе халықтың 100%-ы қамтылған (724,14 км).
Абаттандыру және көгалдандыру бойынша Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың жолдауында берген тапсырмасын орындау мақсатында көктемгі науқанда көгалдандыру жұмыстарын жүргізуге орындар дайындалып, биылғы жылы жоспарланған 7400 түп талдың 5085 түп талы егілді. 2315 түп тал күз айында егіледі деп жоспарлануда.
Тұрғын үймен қамту бағытында ҚР «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына сәйкес, азаматтарды тұрғын үй кезегіне тіркеу 5 санат бойынша жүзеге асырылады. Қазіргі таңда көп балалы отбасы – 279, халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары санаты бойынша – 293, мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйым қызметкерлері санатымен – 199, жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар санатымен – 17 және жалғыз тұрғын үйі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен авариялық жағдайда деп танылған Қазақстан Республикасының азаматтары – 88, барлығы – 876 адам тұрғын үйге мұқтаж азаматтар есебіне тіркелген.
2024 жылдың 6 айы және 2025 жылдың 6 айы бойынша аудан әкімдігі жанынан құрылған мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй беру және жекешелендіру комиссиясының 4 отырысы өтті. Нәтижесінде 6 қызметкер қызметтік тұрғын үймен қамтылды.
3.Бөлімге келіп түскен жеке және заңды тұлғалардан өтініштері.
Есепті кезеңде бөлімге «e-otinish» ақпараттық жүйесінде 76 өтініш тіркелді. Арыз шағым есебі аудан әкімі аппаратына уақытында тапсырылуда. Бөлімде сенім телефоны жұмыс жасайды. Арыз-шағым жәшігі орнатылған.
4.Мемлекеттік сатып алу веб порталы туралы
Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаларының нормалары мүлтіксіз сақтау міндеттелген. Өткізілетін мемлекеттік сатып алулардың баға ұсыныстарын сұрату және бір көзден алу тәсілдері, сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландырулар Қазақстан Республикасының біріңғай мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы ашық өткізілді. Есепті кезеңде мемлекеттік сатып алу веб-порталында тәртіптік жауапкершілікке әкелетін заң бұзушылықтар орын алмады. Сонымен қатар бюджеттік өзгерістер болғанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жұмыстарын жетілдіру және күшейту мақсатында «Ашық бюджеттердің интерактивті картасына» ақпараттар уақытылы салынды.
Бөлімге бөлінген бюджет қаражатын жұмсау жөніндегі ақпараттың ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында жұмыстарды, тауарларды, қызметтерді мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізу, бекітілген жылдық жоспарға сәйкес жүзеге асырылуда. Есепті мерзімде Мемлекеттік сатып алу порталы арқылы 81 келісім шарт жасақталды.
5.Прокурорлық , сот актілері.
2021 жылы 02 тамызда «Атырау облысы, Қызылқоға ауданында Сағыз ауылының ауылішілік автокөлік жолдарын қайта жаңғырту» нысаны бойынша «Атыраукөлік» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен №82 келісім шарт жасасқан болатын. Келісім бойынша өзіне жүктелген міндеттерді мерзімінде орындамағаны үшін 2024 жылы «Атыраукөлік» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін мемлекеттік сатып алуларға жосықсыз қатысушы деп тану, 1 335 159 теңге тұрақсыздық айыбын өндіріп алу бойынша талап арыз жолданды. Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2024 жылғы 13 желтоқсандағы шешіміне сәйкес, мердігер мекеменің тұрақсыздық айыбын сот шешімі шыққанға дейін төлеуіне байланысты, тұрақсыздық айыбын өндіру және мемлекеттік сатып алуларға жосықсыз қатысушы деп тану бөлігі қанағаттандырусыз қалдырылды.
2022 жылы 13 маусымда «Атырау облысы, Қызылқоға ауданында Мұқыр ауылының ауылішілік автокөлік жолдарын қайта жаңғырту» нысаны бойынша «Атыраукөлік» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен №26 келісім шарт жасасқан болатын. Келісім бойынша өзіне жүктелген міндеттерді мерзімінде орындамағаны үшін 2024 жылы «Атыраукөлік» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін мемлекеттік сатып алуларға жосықсыз қатысушы деп тану, 532 674,5 теңге тұрақсыздық айыбын өндіріп алу бойынша талап арыз жолданды. Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2024 жылғы 13 желтоқсандағы шешіміне сәйкес, мердігер мекеменің тұрақсыздық айыбын сот шешімі шыққанға дейін төлеуіне байланысты, тұрақсыздық айыбын өндіру және мемлекеттік сатып алуларға жосықсыз қатысушы деп тану бөлігі қанағаттандырусыз қалдырылды. Алайда, сот отырысына дейін, мердігер мекеме аталған нысандар бойынша жалпы суммасы 1 867 833 теңге тұрақсыздық айыбын төледі.
Қазіргі таңда бөлімде 6 мемлекеттік қызмет көрсетіледі.
Бірінші көрсетілетін қызмет түрі «Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендiру» қызметі. Есепті мерзімде 3 өтініш қанағаттандырылды.
Екінші қызмет түрі - "Тұрғын үй сертификаттарын беру". Бұл қызмет түрі 2020 жылдан бастап көрсетілуде. Электронды Үкімет порталында қызмет алу мүмкіндігі жоқ. Есепті мерзімде өтініш түскен жоқ.
Үшінші қызмет түрі – «Ағаштарды кесуге рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша 2 өтініш түсіп, 1 қанағаттандырылды.
Төртінші қызмет түрі - «Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін халықаралық, республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде орналастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 6 маусымдағы № 371 бұйрығына сай, «Облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарына бөлінген белдеуде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыруды келісу» қызметі. Бұл қызметке өтініш түспеді.
Бесінші қызмет түрі: «Энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдарды күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын алу қағидаларын бекіту туралы» ҚР Энергетика министрінің 2015 жылғы 2 ақпандағы №55 бұйрығы «Энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын беру» қызметі. Бұл қызмет түрі тамыз-қыркүйек айларында жүргізіледі.
Алтыншы қызмет түрі – «Ауданаралық (қалааралық, облысішілік), ауданішілік, қалалық (ауылдық) және қала маңындағы қатынастарда әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша автомобильдік жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың залалдарын субсидиялау» қызметі. Аталған қызмет бойынша 9 өтініш түсіп, 7 қанағаттандырылды. 2 өтінішті өтініш беруші кері қайтарып алды.
2024 жылдың 6 айы және 2025 жылдың 6 айлығы бойынша аудан әкімдігі жанынан құрылған мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй беру және жекешелендіру комиссиясының 4 отырысы өтіп, оның ішінде: 108 жалдамалы пәтер берілді.
Есепті кезеңде бұқаралық ақпарат құралдарына «Алдын алу – парыз» атты сыбайлас жемқорлыққа қарсы медиа-жоспарға сай, мақала жарияланды.
Бөлімнің Facebook, Instagram әлеуметтік желілеріне бөлім бойынша атқарылатын жұмыстар және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы мәліметтер және бейне роликтер жарияланып отырады.
«Қызылқоға аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық тәукелдеріне қауіп туғызатын нормалар мен өкілеттіктер анықталмады.
|
Жұмыс тобының басшысы: |
Б.Қияқбай
|
|
Жұмыс тобының мүшелері:
|
|
|
Бас маман |
В.Жумалиева
|
|
Бас маман |
А.Орынбасар
|
|
Статистикалық есепке алу және есептілік жөніндегі маманы |
Н.Былқайрова
|
|
Әдіскер |
А.Аққали |
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің қорытындылары
І. Кіріспе
ІІ. Ақпараттық – талдамалық бөлім
Мемлекеттік органдар, ұйымдар, квазимемлекеттік сектор субъектілетірінің қызметінде сыбайлас жемқорлықтың туындауының себептері мен жағдайын сипаттайтын сандық және сапалық көрсеткіштері.
ІІІ. Тәуекел
Мердігер ұйымдардың бір уақытта 2 немесе оданда көп жобалар бойынша жарықтандыру құрылыстарын жүргізу, сәйкесінше құрылыс сапасының төмендеу тәуекелі. Кейбір мердігер ұйымдардың жарықтандыру құрылыстары бойынша теңдердің басым бөлігін тұрақты түрде ұтуы.
ІV. Қорытынды бөлім
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субьектілері қабылдаған сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды жақсарту бойынша ұсынымдар:
|
Қызылқоға аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы |
Е.Құмаров |