«Қызылқоға аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізіліп жатырған ішкі талдау нәтижелерін алдын-ала жария талқылау мақсатында өткізілген жиын хаттамасы №1

«Қызылқоға аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізіліп жатырған ішкі талдау нәтижелерін алдын-ала жария талқылау мақсатында өткізілген жиын хаттамасы

№1

 

Өткізілген күні: 17.06.2025 жылғы

Қатысқандар: Аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысымен барлық қызметкерлері.

 

Күн тәртібі:

  1. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізіліп жатқан ішкі талдау нәтижелерімен таныстыру.
  2. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша жазылып жатырған талдамалық анықтаманы талдау.

 

Тыңдалды:

Аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығыбөлімінің басшысы З.Сарбуфеева ішкі талдау барысы және нәтижелері туралы туралы есепті баяндады.

Қызылқоға ауданы әкімі аппараты 2024 жылдың 13 маусымы мен 2025 жылдың 13 маусымына арналған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және алдын алу» үлгілік базалық бағытын іске асыру шеңберінде ауылдық округі әкімдерінің және дербес бөлім басшыларының ішкі талдау жүргізу жүргізу туралы бекітілген кестесіне сәйкес, бөлім басшысының 2024 жылғы 3 маусымдағы  №24 «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау  жүргізу туралы» бұйрығымен сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу мақсатында жұмыс тобы мен іс-шара жоспары бекітілгенін, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бағыты бекітілген үлгілік қағидаға сәйкес қамтылғанын, іс-шара жоспары мен ішкі талдау жүргізу кезеңі 2024 жылдың 13 маусымы мен  2025 жылдың 13 маусымы аралығы етіп бекітілгенін хабарлады. Ішкі талдау төмендегі бағыттар бойынша жүзеге асырылды:

  1. Персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы;
  2. Мүдделер қақтығысын реттеу;
  3. Мемлекеттік қызмет көрсету;
  4. Рұқсат беру функцияларын іске асыру;
  5. Бақылау-тексеру функцияларыніскеасыру
  6. Бюджет және қаржы қаражатын  игеру  және  бөлу
  7. Бөлімге келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері;
  8. Әдеп кодексі нормалары мен сыбайлас жемқорлық заңдарының сақталуы;
  9. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудан туындайтын өзгеде мәселелер.

Қамтылған бағыттар бойынша анықталған кемшіліктер мен ұсыныстарды таныстырды.

Екінші мәселе бойынша аудандық кәсіпкерлік бөлімнің бас маманы О.Отарбайдың ұсынысы: талдау барысында анықталған заң бұзушылықтар бойынша, бөлімде Әдеп кодексі нормалары мен сыбайлас жемқорлық заңдарының талаптарын сақталуын қадағалау мақсатында аппарат басшысымен жиналыстар, бөлім басшысының  бөлім қызметкерлерінетүсіндірме жұмыстарын жиі жүргізуді өткізуді ұсыныс етті.

 

        Күн тәртібіндегі мәселе бойынша тапсырмалар:

 

  1. Ішкі талдау нәтижесі бойынша бөлімнің барлық қызметкерлеріне Қазақстан Республикасы Әдеп кодексі нормалары мен сыбайлас жемқорлық заңдарының талаптарын сақталуын қадағалау мақсатындааудан әкімдігінің Әдеп жөніндегі уәкілімен жиналыстар, бөлім басшысының бөлім қызметкерлеріне түсіндірме жұмыстарын жиі өткізу туралы аудан әкімдігінің Әдеп жөніндегі уәкіліне ұсыныс беру. Орындалысыбөлімнің бас маманы О.Отарбайға жүктелсін.
  2. Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің талаптары мен нормаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасын барлық бөлім қызметкерлері мүлтіксіз сақтасын.
  3. Осы жиынның барысы туралы аудан әкімдігінің сайтына және әлеуметтік желідегі парақшаларына жариялансын.

 

 

Жиналыс төрағасы З.Сарбуфеева

 

Хаттама жүргізген                                                                 О.Отарбай

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Қызылқоға аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізіліп жатырған ішкі талдау нәтижелерін алдын-ала жария талқылау мақсатында өткізілген жиын хаттамасы №1
Дата публикации
11 июля 2025