«Қызылқоға аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауы
2024 жылдың 13 маусымы және 2025 жылдың 13 маусымы бойынша талдамалық
АНЫҚТАМА
10 маусым 2025 жыл
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жұмыстары Қызылқоға аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашлығы бөлімі басшысының 2025 жылғы 16 мамырдағы №70 «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» бұйрығы негізінде жүргізілді.
Талдау кезеңі: 2024 жылдың 13 маусымы және 2025 жылдың 13 маусымы бойынша.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезеңі: 2025 жылдың 24 мамыры – 24 маусым аралығы.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдаудың мәні:
«Қызылқоға аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылғы бөлімі» ММ, Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Миялы ауылы, Т.Қарабалин көшесі 39. Электронды пошта: aulshar@mail.kz байланыс нөмері 8/71238/2-11-81.
1.Персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы
Қызылқоға аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің штаттық құрылымы – 9. Атап айтқанда бөлім басшысы, 1 сектор меңгерушісі, 3 бас маман, басшының хатшысы, 1 статистикалық есепке алу және есептілік жөніндегі маман, 1 тазалықшы, 1 автокөлік жүргізуші. Қазіргі уақытта бос лауазымдық орын жоқ.
Бөлімде мүдделер қақтығысы орын алған жоқ. Мемлекеттік қызметшілерден шағым түскен жоқ.
Атап айтар болсақ:
Қызылқоға аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінде рұқсат беру функциялары бойынша 3 түрлі қызмет көрсетіледі.
Бөлімге бөлінген бюджет қаражатын жұмсау жөніндегі ақпараттың ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында жұмыстарды, тауарларды, қызметтерді мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізу бойынша, «Мемлекеттік сатып алу» заңына сәйкес жылдық жоспар бекітіліп, электрондық веб-порталда жарияланып, барлық мемлекеттік сатып алулар, бекітілген жылдық жоспарға сәйкес жүзеге асырылуда.
2025 жылғы бекітілген бюджет қаражаты және жыл ішінде бюджетке енгізілген өзгерістер мен толықтырулар мерзімінде «Ашық бюджетке» budget.egov.kz 2 рет жарияланып, тоқсандық есептілігі Қаржы Министрлігінің «е-минфин» бағдарламасына енгізілді.
2025 жылдың I жартыжылдығында баға сұранысы бойынша 377 771 теңгеге және бір көзден сатып алуға 538 000 теңгеге қызмет көрсетуге келісім шарт жасалды.
Жыл басынан мемлекеттік сатып алудың 20 баға сұранысы бойынша конкурс өтіп 377 771 теңгеге тауарлар сатып алынып, Өткізілмеген мемлекеттік сатып алу бойынша бір көзден алу тәсілімен 3 рет конкурс өткізіліп 1 047 500 теңгеге қызметтер көрсетілді.
Сонымен қатар, бөлімнің қызметкерлерін іс-сапарға жіберу кезінде жоғары органдардың хаттары негізге алынып, е-қызмет ақпараттық жүйесіне енгізіліп отыр.
Қызылқоға аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінде, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Заңының талаптары қатаң сақталады.
Мекеме ғимаратында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамасы тақырыбында ақпараттар, мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі орналастырылған.
Бөлімде кәсіпкерлікті және ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау бағдарламаларын түсіндіру мақсатында 2025 жылдың І жарты жылдығында фейзбук және инстаграмм парақшаларында 23 хабарлама жарияланды. 2025 жылдың 5 айында 10 ауылдық округтерде өткізілген семинар-кеңестер, түсіндірме жұмыстар, ниет етуші тұлғалармен жүргізілген жеке қабылдаулар бөлімнің әлеуметтік парақшаларында уақытылы жарияланып отыр. «Қызылқоға ауданының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың 2024 жылға арналған іс-шаралар жоспарына» сәйкес, әр түрлі несиелік бағдарламалар енгізілген бетшелер таратылды.
Сонымен қатар,Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға байланысты «Қызылқоға» газеті бетіне және Atyrau.gov.kz интернет ресурсына 1 рет «Мерзімінде жауап берілді» атты мақала жарияланды.
Бөлімге келіп түскен арыз-шағымдарды тіркейтін журнал жасақталып, сенім телефоны 2-11-81 бекітілген.
Талданып отырған кезеңге бөлімнің мемлекеттік қызметшілердің әрекетіне шағымдану фактілері болмады.
Бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдарда, әлеуметтік желілерде қызметкерлердің заңға қайшы әрекеттері мен теріс қимылдарын әшкерелейтін материалдар жарияланған жоқ.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижесінде:
I-тәуекел. «Инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау қағидаларын бекіту туралы»Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2018 жылғы 23 шілдедегі № 317 бұйрығының, №4 "Жайылымдарды суландыру инфрақұрылымын құру және мал өсіруші шаруашылықтарды сумен (құдықтар, ұңғымалар) қамтамасыз ету" жобасының паспорты бойынша құбырлы(ұңғыма) құдықтар қаздырған шаруа қожалықтардан түскен өтінімдерді қарау кезінде арнайы құрылған мамандар тобы құдықты өлшеп қарап тексергеннен кейін, заңдылыққа сәйкес келсе өтінімді қанағаттандырады. Алайда, бірнеше күндерден кейін тексерген кезде құмақ жерлерде ұңғымалы құдықтарды құмығып қалу мүмкіндігі бар.
II-тәуекел. «Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiн, жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттiк техникалық қарап-тексеруден өткiзу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 4-3/269 бұйрығы, ауыл шаруашылығы техникаларын техникалық байқаудан өткізу кезінде көптеген кедергілер болуына байланысты, бәсекелестік ортаға беру жөнінде ұсыныс береді.
Қорытынды: Талдау барысында бөлімнің ұйымдастырушылық – басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жол беретін нормалар анықталған жоқ.
Ұсынымдар: Аталған тәуекелдер бойынша, Атырау облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасына ұсыныс беру.
|
Жұмыс тобының жетекшісі: |
|
|
Сарбуфеева Зинеш Аққұлқызы_________________
Жұмыс тобының мүшелері: |
|
|
Боранғалиев Мұратбек Базарғалиұлы ________________
Отарбай Оралбек Есболсынұлы ____________
Орынғали Тоғжан Орынғалиқызы ________________
Айыпқалиев Қазбек Жалғасұлы_________________ |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|