МҚКК «Самал» мәдениет үйі
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізіліп жатырған ішкі талдау нәтижелерін алдын-ала жария талқылау мақсатында өткізілген жиын-хаттамасы
№1
Өткізілген күні: 2025 жылғы 17 маусым
Қатысқандар: МҚКК «Самал» мәдениет үйінің директоры, мекеменің қызметкерлері.
Күн тәртібі:
1.Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізіліп жатқан ішкі талдау нәтижелерімен таныстыру.
2.Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәти желері бойынша жазылып жатырған талдамалық анықтаманы талдау.
Тыңдалды: МҚКК «Самал»мәдениет үйінің директоры М.Ерекенова ішкі талдау барысы және нәтижелері туралы есепті баяндады.
МҚКК «Самал» мәдениет үйінің 2025 жылға арналған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және алдын алу» №4 үлгілік базалық бағытын іске асыру шеңберінде ауылдық округі әкімдерінің және дербес бөлім басшыларының ішкі талдау жүргізу туралы бекітілген кестесіне сәйкес, бөлім басшысының 2025 жылғы 16 мамырдағы №53 «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау туралы» бұйрығымен сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу мақсатында жұмыс тобы мен іс-шара жоспары бекітілгенін сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бағыты бекітілген үлгілік қағидаға сәйкес қамтылғанын, іс-шара жоспары мен ішкі талдау жүргізу кезеңі 2024 жылдың маусым айы мен 2025 жылдың маусым айлары аралығы етіп бекітілгенін хабарлады. Ішкі талдау төмендегі бағыттар бойынша жүзеге асырылды: 1.Персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы;
2.Мүдделер қақтығысын реттеу;
3.Мемлекеттік қызмет көрсетуі;
4.Бюджет және қаржы қаражатын игеру және бөлу;
5.Бақылау-тексеру функцияларын іске асыру;
6.Әдеп кодексі нормалары мен сыбайлас жемқорлық заңдарының сақталуы;
7.Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудан туындайтын өзге де мәселелер;
8.Рұқсат беру функцияларын іске асыру;
9.Әдеп кодексі нормалары мен сыбайлас жемқорлық заңдарының сақталуы;
Қамтылған бағыттар бойынша анықталған кемшіліктер болмады.
Жиналыс төрағасы: М.Ерекенова
Хаттама жүргізген: Г.Қамза