«Қызылқоға аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізіліп жатырған ішкі талдау нәтижелерін алдын-ала жария талқылау мақсатында өткізілген жиын хаттамасы
№1
Өткізілген күні: 2025 жылғы 17 маусым
Қатысқандар: Аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысымен барлық қызметкерлері.
Күн тәртібі:
Тыңдалды:
Аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі басшысы Қ.Оразғалиев ішкі талдау барысы және нәтижелері туралы туралы есепті баяндады.
Қызылқоға ауданы әкімі аппараты 2025 жылға арналған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және алдын алу» №4 үлгілік базалық бағытын іске асыру шеңберінде ауылдық округі әкімдерінің және дербес бөлім басшыларының ішкі талдау жүргізу жүргізу туралы бекітілген кестесіне сәйкес, бөлім басшысының 2025 жылғы 16 мамырдағы №57 «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» бұйрығымен сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу мақсатында жұмыс тобы мен іс-шара жоспары бекітілгенін, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бағыты бекітілген үлгілік қағидаға сәйкес қамтылғанын, іс-шара жоспары мен ішкі талдау жүргізу кезеңі 2024 жылдың 3 маусымы мен 2025 жылдың 30 маусым аралығы етіп бекітілгенін хабарлады. Ішкі талдау төмендегі бағыттар бойынша жүзеге асырылды:
Қамтылған бағыттар бойынша анықталған кемшіліктер мен ұсыныстарды таныстырды.
Екінші мәселе бойынша аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімінің бас маманы Ж.Махметова ұсынысы: талдау барысында анықталған заң бұзушылықтар бойынша, оның ішінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің қаралуына байланысты, бөлім қызметкерлеріне Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің талаптары мен нормаларын түсіндіру бойынша оқыту семинар-кеңестерін өткізуді ұсыныс етті.
Аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімінің бас маманы С.Бағытжанов аудан әкімі аппаратына ауданға көшпелі семинар өткізу жөнінде ұсыныс етті.
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша тапсырмалар:
Жиналыс төрағасы С.Бағытжанов
Хаттама жүргізген Ж.Махметова