«Мұқыр ауылдық клубы» МҚКК
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізіліп жатырған ішкі талдау нәтижелерін алдын-ала жария талқылау мақсатында өткізілген жиын хаттамасы
№1
Өткізілген күні: 2025 жылғы 17 маусым
Қатысқандар: «Мұқыр ауылдық клубының» директоры А.Жарылғасынова және мекеменің қызметкерлері.
Күн тәртібі:
Тыңдалды:
«Мұқыр ауылдық клубының» директоры А.Жарылғасынова ішкі талдау барысы және нәтижелері туралы туралы есепті баяндады.
Қызылқоға ауданы әкімі аппараты 2025 жылға арналған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және алдын алу» №4 үлгілік базалық бағытын іске асыру шеңберінде ауылдық округі әкімдерінің және дербес бөлім басшыларының ішкі талдау жүргізу жүргізу туралы бекітілген кестесіне сәйкес, округ әкімінің 2025 жылғы 16 мамырдағы №138 «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» өкімімен сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу мақсатында жұмыс тобы мен іс-шара жоспары бекітілгенін, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бағыты бекітілген үлгілік қағидаға сәйкес қамтылғанын, іс-шара жоспары мен ішкі талдау жүргізу кезеңі 2024 жылдың шілде айы мен 2025 жылдың маусым айлары аралығы етіп бекітілгенін хабарлады. Ішкі талдау төмендегі бағыттар бойынша жүзеге асырылды:
Қамтылған бағыттар бойынша анықталған кемшіліктер болмады.
Жалпы талдау барысында анықталған заң бұзушылықтар бойынша, оның ішінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің қаралуына байланысты қызметкерлерге Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің талаптары мен нормаларын түсіндіру бойынша баяндалды.
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша тапсырмалар:
Жиналыс төрағасы А.Жарылғасынова
Хаттама жүргізген Г.Таңатова