Тасшағыл ауылдық округінің әкім аппаратының сыбайлас жемқорлық қауіптеріне жүргізіліп жатқан ішкі талдау нәтижелерін алдын-ала жария талқылау мақсатында өткізілген жиналыс хаттамасы

Тасшағыл ауылдық округінің әкім аппаратының сыбайлас жемқорлық  қауіптеріне жүргізіліп жатқан  ішкі талдау нәтижелерін алдын-ала жария талқылау мақсатында өткізілген жиналыс хаттамасы

 

Тасшағыл  ауылы                                                                             14.06.2025 ж.

 

           Қатынасқандар: «Тасшағыл  ауылдық округінің әкім аппараты» ММ-нің бас мамандары.

           Кіріспе бөлімі: 2025 жылдың 16 мамырдағы №54 өкімді басшылыққа алып «Тасшағыл ауылдық округінің әкім  аппараты» ММ-нің 2-14 маусым аралығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жүргізілуде:

          Жиналысқа жұмыс тобының басшысы -  Тасшағыл ауылдық округінің әкімі Б.Кереев, жұмыс тобының мүшелері және Тасшағыл ауылдық округінің әкім аппаратының бас маманы Д.Қожахметов (хатшы) қатынасты;

           Сипаттама бөлігі:

           1.Персоналды басқару, соның ішінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдардың тізбесін айқындау:

           2.Мүдделер қақтығысын реттеу

           3.Мемлекеттік қызмет көрсету;

           4.Рұқсат беру функцияларын іске асыру;

           5.Бақылау-тексеру функцияларын іске асыру;

           6.Бюджет және қаржы қаражатын игеру  және бөлу;

           7.Жеке және заңды тұлғалармен шарт жасасу;

           8.Ақпараттық жүйелерді әзірлеу және пайдалану;

           9.Ұйымдастыру-басқару қызметінен туындайтын өзгеде мәселелер;

           Хабарлама жасалды Д.Қожахметов (хатшы):

         1.Жеке және заңды тұлғалардың өтінішін қарау барысындағы артық құжат сұрату фактілеріне жол бермеу және өтініштердің мерзімін қарау бойынша Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі қағиданың және ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК РӘСІМДІК-ПРОЦЕСТІК КОДЕКСІН заңдылықтарына түсіндірме жұмыстарын ұйымдастыру, е-лицензия және е-өтініш базаларының орындау қағидаларын толықтай үйрету жұмыстарын ұйымдастыруға ұсыныс етті.

    2.Округ аумағында жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарының заңдылығын, мерзімін қатаң бақылауға алу, тиісті міндеттерін орындамаған жағдайда мерзімінде сотқа жүгіну;

    3.Жұмыс тобының басшысы, Тасшағыл ауылдық округінің әкімі Б.Кереев: Аталған ұсыныс бойынша заң талаптарымен нормаларын қатаң сақталып, тиісті сала мамандарымен бірлесіп жұмыс жүргізілсін.

   Осы жиналыс хаттамасы «Тасшағыл ауылдық округінің әкім аппараты» ММ-нің веб сайтына және әлеуметтік желілеріне жариялансын.

 

Жиналыс төрағасы:

 

Б.Кереев

 

Хатшы:

 

 

Д.Қожахметов

 

 

 

 

Тасшағыл ауылдық округінің әкім аппаратының сыбайлас жемқорлық қауіптеріне жүргізіліп жатқан ішкі талдау нәтижелерін алдын-ала жария талқылау мақсатында өткізілген жиналыс хаттамасы
Дата публикации
08 июля 2025