Тасшағыл ауылдық округінің қызметіне жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша талдамалық анықтама

Тасшағыл ауылдық округінің қызметіне жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша талдамалық анықтама

 

Кіріспе бөлімі

 

  1. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау объектісі болып «Тасшағыл ауылдық округінің әкім аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі-округінің әкім аппараты) құрылымдық бөлімдерінің қызметі болып табылады.
  2. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы бұйрығына сәйкес жүргізілді.
  3. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды округ әкімінің 2025 жылғы 16 мамырдағы №54 өкімімен құрылған келесі құрамдағы жұмыс тобы жүргізді:
  • Кереев Бауыржан Доскайырович- округ әкімі, жұмыс тобының жетекшісі;
  • Қожахметов Дастан Бактыгалиевич - округ әкімі аппаратының бас маманы;
  • Қуанов Роллан Ескайырович - округ әкімі аппаратының бас маманы;
  • Ізбасар Қуандық Ізмұханбетұлы - округ әкімі аппаратының бас маманы;
  • Коптлеуова Айнұр Калаубаевна - округ әкімі аппаратының есепшісі;
  1. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау 2025 жылдың 24 мамыр мен 24 маусым аралығындағы кезең қамтылды.
  2. Округ әкімі аппаратының басшысы Б.Кереев топ жетекшісі ретінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу және жұмыс нәтижелері үшін басшылық, үйлестіру және жауапкершілік жүктелді.

 

Сипаттама бөлімі

 

  1. Талдау келесі бағыттар бойынша жүргізілді:
  • Округ әкімі аппаратының қызметін нормативтік құқықтық актілерде (бұдан әрі қарай-НҚА) сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
  • Округ әкімі аппаратының ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Талданатын объект туралы мәліметтер:

Округ әкім аппараты-құзіреті шегінде округ әкімдігінің қызметін қамтамасыз ететін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыратын мемлекетттік мекеме болып табылады.

Округ әкім аппараты өз қызметін Қазақстан Республикасының Конститутциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де НҚА-ға сондай-ақ, мекеменің Ережесіне сәйкес іске асырады. Есепті кезеңде Аудан әкімі аппаратында өз қызметін жүзеге асыру барысында сыбайлас жемқорлық сипатындағы қылмыстық құқық бұзушылықтар орын алмаған.

Мекен-жайы: Қызылқоға ауданы, Тасшағыл ауылы.      М.Мирамов 24.

 

ІІ. Әкім аппараттың қызметіне, оның ұйымдастыру-басқару қызметін реттейтін құқықтық актілер мен ішкі құжаттарға сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау:

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау жұмыс тобы кодекстерді, заңдарды, НҚА-ды, бөлімдер өз қызметінде басшылыққа алатын құқықтық актілерді зерделеді.

  1. Қазақстан Республикасының Конститутциясы;
  2. Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі;
  3. Қазақстан Республикасының Жер Кодексі;
  4. Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексі;
  5. Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік Кодексі;
  6. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі;
  7. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексі;
  8. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
  9. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
  10. «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
  11. «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
  12. «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
  13. «Алқабилер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
  14. «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
  15. ҚР Үкіметінің 2006 жылғы 9 қарашадағы «Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының заң қызметтері туралы үлгі ережені бекіту туралы» 11.07.2023 №471 қаулысы;
  16. «Құқық мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы» 11.07.2023 жылғы №471 қаулысы;
  17. «Нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, келісу және мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту туралы» 05.07.2023 жылғы №464 қаулысы;
  18. «Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу, олардың келісу қағидаларын бекіту туралы» 03.07.2023 жылғы №448 қаулысы;
  19. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізудің кейбір мәселелері туралы» 16.07.2020 жылғы №451 қаулысы;
  20. Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдасрда құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы;
  21. «Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) туралы үлгілік ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 21 қазандағы №15 бұйрығы;
  22. «Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) туралы үлгілік ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы-іс-қимыл агенттігінің 2017 жылғы 17 ақпандағ №4 бұйрығы;
  23. ҚР Цифрлық даму, инновациялық және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2020 жылғы 31 қаңтардағы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» №39/НҚ бұйрығы.

 

2.1. Ауылдық округ әкім аппаратының негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

  • Ауылдық округ әкімінің аппараты өз құзыреті шегінде:
  1. Жергілікті қоғамдастық жиынын, ауыл, көше, көп пәтерлі тұрғын үй тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын, жергілікті қоғамдастық жиналысын өткізуді ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;
  2. Бөлек жергілікті қоғамдастық жиынының, жергілікті қоғамдастық жиынының және жиналысының шақырылу уақытын, орнын және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей хабардар етеді;
  3. Жергілікті қоғамдастық жиынында немесе жергілікті қоғамдастық жиналысында қабылданған және ауылдық округ әкімі мақұлдаған шешімдердің орындалуын қамтамасыз етеді;
  4. Ауылдық округтің бюджетін жоспарлауды және атқаруды қамтамасыз етеді;
  5. Жергілікті қоғамдастықтың жиналысына және аудан мәслихатына ауылдық округ бюджетінің атқарылуы туралы есепті ұсынады;
  6. Ауылдық округтің бюджетін іске асыру туралы шешім қабылдайды;
  7. Жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламасын әзірлейді және оны жергілікті қоғамдастық жиналысының бекітуіне ұсынады;
  8. Ауылдық округтің коммуналдық мүлкіне жататын объектілерді салу, реконструкциялау және жөндеу бойынша тапсырыс беруші болады;
  9. Жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкінің нысаналы және тиімді пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырады;
  10. Жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғаларына қатысты коммуналдық меншік құқығы субъектісінің құқықтарын жүзеге асырады;
  11. Мүлкі ауылдық округтің коммуналдық меншігіндегі (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігіндегі) коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынға алып қойылған мүлікті кейіннен баланстан шығара отырып, өзге тұлғаға бергенге дейін күтіп ұстау және оның сақталуын қамтамасыз ету мерзімін белгілейді;
  12. Жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкінің мәселелері бойынша мемлекеттің мүдделерін білдіреді, ауылдық округтің меншік (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігі) құқығын қорғауды жүзеге асырады;
  13. Жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін сенімгерлік басқару шарты бойынша міндеттемелерді сенімгерлік басқарушының орындауын бақылауды жүзеге асырады;
  14. Мүлкі ауылдық округтің коммуналдық меншігіндегі (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігіндегі) коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларының орындалуын бақылауды және талдауды жүзеге асырады;
  15. Жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін есепке алуды ұйымдастырады, оның тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етеді.

 

2) Ауылдық округ әкімінің аппараты жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісу бойынша:

  1. Өз құзыреті шегінде жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін басқару саласындағы құқықтық актілердің жобаларын әзірлейді;
  2. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін басқарады, оны қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асырады;
  3. Шешім қабылдайды және жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін жекешелендіруді жүзеге асырады, оның ішінде объектіні жекешелендіруге дайындау процесінде оның сақталуын қамтамасыз етеді, жекешелендіру процесін ұйымдастыру үшін делдалды тартады, жекешелендіру объектісін бағалауды қамтамасыз етеді, жекешелендіру объектісін сатып алу-сату шарттарын дайындау мен жасасуды және сатып алу-сату шарттары талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
  4. Мүлкі ауылдық округтің коммуналдық меншігіндегі (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігіндегі) коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын қызметінің нысанасы мен мақсаттарын, сондай-ақ осындай қызметті жүзеге асыратын коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның түрін (шаруашылық жүргізу құқығындағы немесе қазыналық кәсіпорын) айқындайды;
  5. Жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғасына берілген немесе өзінің шаруашылық қызметінің нәтижесінде өзі сатып алған мүлікті алып қоюды немесе қайта бөлуді жүзеге асырады;
  6. Жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғаларының артық, пайдаланылмайтын не мақсатқа сай пайдаланылмайтын мүлкін алып қоюды жүзеге асырады;
  7. Жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға кейіннен сатып алу құқығынсыз не кейіннен сатып алу құқығымен мүліктік жалдауға (жалға алуға), сенімгерлік басқаруға береді;
  8. Аудан әкімімен келісу бойынша жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғаларын құру, қайта ұйымдастыру, атауын өзгерту және тарату туралы шешім қабылдайды;
  9. Коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынға өзіне бекітіп берілген мүлікті (ол өндірген өнімді сатуды қоспағанда) иеліктен шығаруға немесе оған өзгеше тәсілмен билік етуге, филиалдар мен өкілдіктер құруға, сондай-ақ дебиторлық берешекті беруге және есептен шығаруға келісім береді;
  10. Жергілікті өзін-өзі басқарудың мемлекеттік заңды тұлғаларының жарғысын (ережесін), оған енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды бекітеді;
  11. Мүлкі ауылдық округтің коммуналдық меншігіндегі (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігіндегі) коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар қызметінің басым бағыттарын және бюджеттен қаржыландырылатын жұмыстарының (көрсетілетін қызметтерінің) міндетті көлемін айқындайды;
  12. Мүлкі ауылдық округтің коммуналдық меншігіндегі (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігіндегі) мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын және олардың орындалуы жөніндегі есептерді «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда қарайды, келіседі және бекітеді;
  13. Жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін пайдалану, оның ішінде оны кепілге, жалға алуға, өтеусіз пайдалануға және сенімгерлік басқаруға беру туралы шешімдер қабылдайды;
  14. Жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғаларына бекітіп береді;
  15. Жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін иеліктен шығару туралы шешім қабылдайды;
  16. Қазақстан Республикасының заңнамасында берілген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

     

3) Округ әкім аппараты өз құзыреті шегінде:

  1. Мемлекеттiк органдар мен басқа ұйымдардың лауазымды тұлғаларынан қажеттi ақпаратты, құжаттарды және өзге де материалдарды сұрауға және алуға;
  2. Мүлiктiк және мүлiктiк емес құқықтарды алуға және жүзеге асыруға;
  3. Мемлекеттік басқару органдарының, мұрағаттардың, ғылыми мекемелердің ақпараттық деректер базаларын пайдалануға;
  4. Шарттар, келісімдер жасасуға;
  5. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көзделген өзге де құқықтарға ие болуға құқылы.

 

4) Округ әкім аппаратының өз құзыреті шегіндегі міндеттері:

  1. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес халыққа сапалы мемлекеттік қызметтер көрсету;
  2. Қазақстан Республикасы Президентiнің, Yкіметінің және өзге де орталық атқарушы органдардың, облыс, аудан әкімінің және әкімдігінің, ауылдық округ әкімінің актілерi мен тапсырмаларын сапалы және уақтылы орындау;
  3. Қолданыстағы заңнамада көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
  4. «Атырау облысы Қызылқоға ауданы Тасшағыл ауылдық округінің әкім аппараты» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - әкім аппараты) ауылдық округ әкімінің (бұдан әрі - әкім) қызметін қамтамасыз ететін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік мекеме болып табылады.
  5. Әкім аппараты өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Әкімнің аппараты туралы ережеге сәйкес жүзеге асырады.
  6. Әкім аппараты мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, қазынашылық органдарында шоттары болады.

 

Төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша бөлімге арналған қажетті құралдарды сатып алу бойынша ақпарат:

 

Алдағы уақытта су тасқынының алдын алу бағытында қажетті құрал

саймандар: 100 дана қап, 20 дана күрек, 2 дана бензиновая мотопомпа, 3 генератор, 80 дік шлангі 100м, 100дік шлангі 100м сатып алынды.

 

  1. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша:

2025 жылдың 6 айында 143 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

Оның 91 электрондық цифрлық қолтаңба және 42 электрондық

түрде көрсетілетін қызмет.

         Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді электронды түрде «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы алуға болатындығы туралы тұрғындарға түсіндіру мақсатында аудандық «Қызылқоға» газеті мен облыс әкімдігінің ресми интернет-ресурсына 1 мақала жарияланса, одан бөлек түсіндірме шаралары жүргізілді.

 

     2.2. Тасшағыл ауылдық округінің әкім аппаратының бас мамандарының атқарған жұмыстары:

Округ әкім аппаратында мемлекеттік қызметшілер саны-4. Олар: 4 мемлекеттік қызметкер (округ әкімі және 4 бас маман) мен 8 келісім шарт негізінде қызметкер (іс-жүргізуші, тазалықшы, автокөлік жүргізуші, шаруашылық меңгерушісі, есепші, от жағушы, қарауылшықтар) барлығы 12 қызметкер жұмыс істейті. Ведомстволық бағыныстағы мекемелерде барлығы 23 қызметкер жұмыс істейді.

         IІІ. Мүдделер қақтығысын реттеу.

         Округ әкімі аппаратында мүдделер қақтығысы бар фактілер анықталған жоқ.

 

ІV. Бақылау функцияларын іске асыру.

Тасшағыл ауылдық округі әкім аппаратындағы 4 маманнан жылдық жұмыс жоспары алынды. 2025 жылы округ әкімінің ауыл тұрғындарымен кездесулер барысында тұрғындардан түскен ұсыныстар мен пікірлерді іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілді.

 

  1. Бюджет және қаражат игеру және бөлу.

 

2025 жылдың жылдық жоспары Округ бюджетінің кірістері барлығы 173345,0 мың теңге, ( оның ішінде: жер-мүлік салығы 38,0 мың теңге, көлік салығы 20 90,0, мың теңге, табыс салығы 4000,0 мың теңге. Бюджет қаржысын толық әрі мақсатты игерілуі бойынша ай сайын бақылау жасалады.

2024-2026 жылдарға арналған бюджет жобасы да «Ашық бюджет» порталына 4 рет жарияланды.

2025 жылдың 6 айы бойынша мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына 213 тармағы енгізілді. Оның 213 тармағы толығымен орындалды.

Мемлекеттік сатып алу бойынша 29 рет конкурс ұйымдастырылды.

 

  1. Талдау объектісінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзгеде мәселелер.

 

Округ әкімінің жалпы 6 айға құжат айналымы 308 кіріс және 145 шығыс хаттары жолданып қабылданды.

 

Жұмыс тобы мүшелері:

 

Тасшағыл ауылдық округінің әкімі, жұмыс тобының жетекшісі:

 

                                                                      Б.Кереев

Тасшағыл ауылдық округінің әкім аппаратының бас маманы

                                    Д. Қожахметов

Тасшағыл ауылдық округінің әкім аппаратының бас маманы

Р. Қуанов

Тасшағыл ауылдық округінің әкім аппаратының бас маманы

Қ. Ізбасар

Тасшағыл ауылдық округінің әкім аппаратының есепшісі

А. Коптлеуова

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тасшағыл ауылдық округінің қызметіне жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша талдамалық анықтама
Дата публикации
08 июля 2025