Өткізілген ішкі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдаудың нәтижелерін алдын ала жариялы түрде талқылау мақсатындағы кеңес хаттамасы №1

«Қызылқоға аудандық экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Өткізілген ішкі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдаудың нәтижелерін алдын ала жариялы түрде талқылау мақсатындағы кеңес хаттамасы

№1

Өткізу күні: 2025 жылғы 17 маусым

Қатысқандар: аудан әкімі аппаратының бас маманы және Қызылқоға аудандық экономика және қаржы бөлімінің барлық қызметкерлері.

Шақырылғандар: аудан әкімі аппаратының веб-сайтында және бөлімнің әлеуметтік желідегі парақшаларында
2025 жылғы 17 маусым күні сағат 10:00-де жария талқылау өткізілетіні туралы хабарлама жарияланды.


Күн тәртібі:

  1. Өткізілген ішкі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау нәтижелерімен танысу.

  2. Ішкі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері талдауының нәтижелері бойынша жасалған аналитикалық анықтаманы талдау.


Тыңдалды:

Қызылқоға аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы
М. Ташимов ішкі талдау барысы мен нәтижелері жөнінде есеп берді.

Бекітілген кестеге сәйкес, 2025 жылға арналған Қызылқоға ауданы әкімі аппаратының №4 «сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және алдын алу» базалық бағыты шеңберінде ауылдық округ әкімдері мен дербес бөлім басшылары ішкі талдау жүргізді. 2025 жылғы 16 мамырдағы №44 «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» бөлім басшысының бұйрығына сәйкес, ішкі талдау жүргізу мақсатында жұмыс тобы мен іс-шаралар жоспары бекітілді. Тәуекелдерді анықтау бағыттары типтік қағидаларға сәйкес қарастырылды, іс-шаралар жоспары мен ішкі талдау өткізу кезеңі 2024 жылғы тамыздан 2025 жылғы маусымға дейінгі мерзімді қамтыды. Ішкі талдау келесі бағыттар бойынша жүргізілді:

  • персоналды басқару, оның ішінде кадр ауысуы;

  • мүдделер қақтығысын реттеу;

  • мемлекеттік қызмет көрсету;

  • рұқсат беру функцияларын іске асыру;

  • бақылау-қадағалау функцияларын орындау;

  • бюджеттік және қаржылық қаражатты игеру және бөлу;

  • бөлімге келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері;

  • Этикалық кодекс пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормаларын сақтау;

  • ішкі талдау нәтижелерінен туындайтын өзге де мәселелер.

Қамтылған бағыттар бойынша анықталған кемшіліктер мен ұсыныстар таныстырылды.

Күн тәртібінің екінші мәселесі бойынша округ әкімі аппаратының бас маманы Бибозова А. талдау барысында анықталған бұзушылықтарға қатысты, оның ішінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің талаптары мен нормаларын түсіндіру мақсатында оқыту семинар-кеңестерін ұйымдастыруды ұсынды.

Аудан әкімі аппаратының бас маманы Г. Батихова ұсыныстың өзекті екенін айтып, басқа дербес бөлімдер мен ауылдық округтердің ұсыныстары негізінде ауданға көшпелі семинар өткізу жоспарланғанын хабарлады.


Күн тәртібі бойынша тапсырмалар:

  1. Ішкі талдау нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің талаптары мен нормаларын түсіндіруге арналған оқыту семинар-кеңестерін өткізу туралы аудан әкімі аппаратына ұсыныс енгізу. Орындауды бөлімнің бас маманы Ж. Василийге жүктеу.

  2. Округтің барлық қызметкерлері Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің талаптары мен нормаларын, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы қатаң сақтауы тиіс.

  3. Осы кеңестің барысы туралы ақпаратты аудан әкімі аппаратының веб-сайтына және әлеуметтік желідегі парақшаларға жариялау.


Жиын төрағасы:
М. Ташимов

Жиын хатшысы:
Ж. Василий

Өткізілген ішкі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдаудың нәтижелерін алдын ала жариялы түрде талқылау мақсатындағы кеңес хаттамасы №1
Дата публикации
08 июля 2025