«Қызылқоға аудандық құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауы бойынша 2024 жылдың мамыр-желтоқсан айлары және 2025 жылдың қаңтар-маусым айлары бойынша талдамалық анықтама

«Қызылқоға аудандық құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауы бойынша

2024 жылдың мамыр-желтоқсан айлары және

2025 жылдың қаңтар-маусым айлары бойынша талдамалық анықтама

                                                                                             

                                                                                                     24 маусым 2025 жыл

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жұмыстары Қызылқоға аудандық құрылыс бөлімі басшысының 2025 жылғы 16 мамырдағы  №70 «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау  жүргізу туралы» бұйрығы негізінде жүргізілді.

         Талдау кезеңі: 2024 жылдың мамыр-желтоқсан айлары және                      2025 жылдың қаңтар-маусым айлары аралығы.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезеңі:                        24 мамыр мен -24 маусым аралығы.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдаудың мәні:

  1. Персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы;
  2. Мүдделер қақтығысын реттеу;
  3. Мемлекеттік қызмет көрсету;
  4. Рұқсат беру функцияларын іске асыру;
  5. Бақылау-тексеру функцияларын іске асыру
  6. Бюджет және қаржы қаражатын  игеру  және  бөлу
  7. Бөлімге келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері;
  8. Әдеп кодексі нормалары мен сыбайлас жемқорлық заңдарының сақталуы;
  9. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудан туындайтын өзгеде мәселелер.

«Қызылқоға аудандық құрылыс бөлімі» ММ, Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Миялы ауылы, Абай көшесі 4.

  1. Персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы

Қызылқоға аудандық құрылыс бөлімінің штаттық  құрылымы – 7. Атап айтқанда бөлім басшысы 1,  бас маман – 3, басшының хатшысы – 1, әдіскер – 1, автокөлік жүргізуші – 1. Қазіргі уақытта 1 бөлім басшысы және 1 бас маман  орны бос.

  1. Мүдделер қақтығысын реттеу жоқ
  2. Мемлекеттік қызмет көрсету

Бөлім арқылы төрт мемлекеттік қызмет көрсетіледі.

  1. Обьектілерді кейіннен кәдеге жарату (ғимараттар мен құрылыстарды бұзу) жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізуге рұқсат беру – 23 қызмет;
  2. Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік обьектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтама беру – 39 қызмет;
  3. Құрылыс және реконструкция (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жобаларына бастапқы материалдарды ұсыну – 31 қызмет;
  4. Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу – 152 қызмет).

         Мемлекеттік қызметтер мерзімінде көрсетілді.

         Бөлім арқылы жеке тұрғын үйлерді өзіндік дербес қабылдау актілерін есепке алу жұмыстары жүргізіледі. Алайда, бұл қызмет мемлекеттік қызметке жатпайды.

         4.Рұқсат беру функцияларын іске асыру.

         Қызылқоға аудандық құрылыс бөлімінде рұқсат беру функциялары жоқ.

  1. Бақылау-тексеру функцияларын іске асыру.Қызылқоға аудандық құрылыс бөлімінде рұқсат беру функциялары жоқ.

          6.Бюджет және  қаржы қаражатын  игеру  және  бөлу

         Бөлімге 2024 жылдың мамыр-желтоқсан айлары және 2025 жылдың қаңтар-маусым айларына арналған қаржылық жоспарына сәйкес 5 195 571,0 мың.теңге қаражат бөлінді. Оның ішінде 1 235 628,7 мың.теңгесі игерілсе, 202 057,2 мың теңге жеңімпаздың анықталмауына және жасалған жұмыстың болмауы себебінен игерілмеді. 

         Бөлімге бөлінген бюджет қаражатын жұмсау жөніндегі ақпараттың ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында жұмыстарды, тауарларды, қызметтерді мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізу бойынша, заңға сәйкес жылдық жоспар бекітіліп, электрондық веб-порталда жарияланады. Осыған орай, барлық мемлекеттік сатып алулар, бекітілген жылдық жоспарға сәйкес жүзеге асырылды.        

         Өткізілетін мемлекеттік сатып алулардың барлық тәсілдері, сондай-ақ конкурстық құжаттамалар, сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландырулар, конкурсқа қатысуға өтінімді ашу, конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу қорытындылары туралы хаттамалар Қазақстан Республикасының бірыңғай мемлекеттiк сатып алу веб-порталы арқылы ашық өткізіледі.

         Есепті кезеңде мемлекеттік сатып алу веб-порталында барлығы                            263 конкурс жарияланды. Конкурстарды камералдық бақылау нәтижесінде барлығы 5 ескерту беріліп, 5 конкурстың құжаттамаларына өзгеріс ензілді. Сонымен қатар, 16 баға ұсыныстарын сұрау жарияланды. Оның ішінде 16 баға ұсынысы толық орындалды. Жауапкершілікке тартылуға жататын құқық бұзушылықтар орын алмады. Қазіргі уақытта, Атырау облысы әкімдігінің 2023 жылғы 6 желтоқсандағы «Мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушыны айқандау туралы» №244 қаулысына сәйкес, «Атырау облысы мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасы» ММ-сі Атырау қаласы мен аудандардың мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушысы болып айқындалуына байланысты, конкурс тәсілімен барлық деңгейдегі мемлекеттік салып алуды ұйымдастырады.

         Бөлім бойынша құрылыс жұмыстарына тапсырыс беруші болып табылады. Жыл сайын мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде, құрылыс нысандарын салуға бюджеттен қаржы бөлінеді. Мердігерлер жасалған жұмыстың көлемінде, авторлық және техникалық қадағалаушының растауымен жасалған жұмыстар туралы акт жасалып, тапсырыс берушімен қол қойылады. Акт қағаз нұсқада жасалып, төлем жасалады.  

  1. Бөлімге келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері

         Көрсетілген мерзім ішінде, яғни 2024 жылдың мамыр-желтоқсан  айлары және 2025 жылдың қаңтар-маусым айы аралығы бөлімге e-otinish

ақпараттық жүйесімен заңды тұлғалардан Сондай-ақ жеке тұлғалардың 32 арыз, 7 сұрау салу, 2 ұсыныс, 2 хабар және 1 шағым келіп түсті. Ай сайын арыз-шағым жөнінде тиісті акт жасақталып, аудан әкімі аппаратына мерзімінде есебі тапсырылып отыр. Аталған өтініштер мерзімінде орындалды.

  1. Әдеп кодексі нормалары мен сыбайлас жемқорлық заңдарының сақталуы

         Қызылқоға аудандық құрылыс бөлімінде Қазақстан Респуликасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы  №153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Заңының талаптары қатаң сақталады.

         Бөлім аудан әкімі аппаратының ғимаратында орналасқан. Ғимаратта  сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамасы тақырыбында ақпараттар, мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі орналастырылған.

         «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың 2024 жылға арналған іс-шаралар жоспары» жасақталып, жоспарлы жұмыстар жүргізіліп келеді. Атап айтсақ «Құқықтық шараларды талап етеді», «Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтаманы  қалай алуға болады» «Қызылқоға» газеті бетіне және бөлімнің фейзбук және инстаграм парақшаларында эскизді келісім алуға шағын видеороликтер жарияланды.

         Бөлімге келіп түскен арыз-шағымдарды тіркейтін журнал жасақталып, сенім телефоны 2-13-42 бекітілген.

  1. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудан туындайтын өзгеде мәселелер

         Тәуекел: Әлеуетті өнім берушілер жұмыстардың орындау мерзімін өткізіп алған жағдайда, міндеттемелерін толық орындамаған жағдайда шарттың жалпы сомасынан, ал міндеттемелерін тиісінше орындамаған (ішінара орындаған) жағдайда міндеттемелер сомасынан 0,1 пайыз мөлшерде тұрақсыздық айыбын өндіру және келісім шарттың жалпы сомасының 10 пайызынан аспауы қаралған.

         Бөлім тарапынан Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодекстің 152-бабына сәйкес, мұндай әлеуетті өнім берушілердің тұрақсыздық айыбы өндіруге ескерту хаттары беріліп келеді.

         Сонымен қатар, Шарт бойынша жұмыстарды қасақана кешіктірген әлеуетті өнім берушілер ескерту хатқа сәйкес өз еркімен төлемей, тапсырыс берушінің сот органдарына талап арыз берілуін күтеді. Себебі: Көп жағдайда Мемлекеттік сатып алу туралы шартқа сәйкес тұрақсыздық айыбын өндіру туралы талап арыздарға берілген қарсы пікірлерде Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 297-бабына сілтеме жасалып, тұрақсыздық айыбы 80 пайызға дейінгі мөлшерде азайтылып, сот арқылы шешуге мүмкіндіктер пайдаланады. Бөлім тарапынан мұндай сот шешімдеріне аппеляциялық шағым жасау кезінде жоғары тұрған органнан келісімдер алу қаралған.

         Бұл өз кезегінде, қызмет барысында Мемлекеттік сатып алу туралы екі жақты шарттың міндеттерімен құқықтарын талап етуге кедергілер туғызуда.

         ҰСЫНЫМ:

         - Мемлекеттік сатып алу веб-порталында, әлеуетті өнім берушімен жасалған ҚМЖ бойынша келісім шартқа, электронды өндірістік жұмыстардың кестесін енгізу.

         - Сот арқылы тұрақсыздық айыбы өндірілген әлеуетті өнім берушілерді мемлекеттік сатып алу конкурсына қатысқан кезде балдық жүйесіне шектеулер енгізу қажет. Ал, заң нормаларын сақтаған әлеуетті өнім берушіге басымдық беру туралы;

         - Сотқа аппеляциялық шағым келтіру кезінде екі жақты шартқа сәйкес және бөлімнің ережесіне сәйкес, жоғары тұрған органның келісімінсіз тікелей аппеляциялық шағым келтіру туралы ұсынымдар беру қажет.

 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің қорытындылары

І. Кіріспе

  1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы монитрингтің мәні: Қызылқоға аудандық құрылыс бөлімінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы туындайтын жағдайларды анықтау.
  2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы монитрингі жүргізілді: «Қызылқоға аудандық құрылыс бөлімі» ММ Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Миялы ауылы, Абай көшесі 4 үй.

электронды пошта: kizilkoga-stroi@mail.ru байланыс нөмері 8/71238/2-13-42.

  1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингті жүргізу кезеңі: 6-30 мамыр  аралығы.
  2. Бақыланатын кезең: 2024 жылдың мамыр-желтоқсан айлары және 2025 жылдың қаңтар-маусым айлары аралығы.

ІІ. Ақпараттық – талдамалық бөлім

Мемлекеттік органдар, ұйымдар, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметінде сыбайлас жемқорлықтың туындауының себептері мен жағдайын сипаттайтын сандық және сапалық көрсеткіштері.

 

ІІІ. Қорытынды бөлім

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субьектілері қабылдаған сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды жақсарту бойынша ұсынымдар:

  1. Мемлекеттік қызмет жұмыстарын қатаң заңдылыққа сай жүргізуге;
  2. Бөлімге келіп түскен арыз-шағымдарды мерзімінде және сапалы орындау;
  3. Бөлімде Әдеп кодексі нормалары мен сыбайлас жемқорлық заңдарының талаптарын сақталуын қадағалау.
  4. 4. «Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтама беру» мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі қағидаларды бекіту туралы бұйрыққа сәйкес, көрсетілетін қызметті электрондық құжатта қабылдау үшін Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне ұсыныс жолдау.

 

 

 

Қызылқоға аудандық құрылыс бөлімінің басшысының міндетін қоса атқарушы жұмысшы  топтың  жетекшісі

 

 

 

 

 

Е.Иғали

Қызылқоға аудандық аудандық құрылыс бас маманы, жұмысшы  топтың  мүшесі

 

 

Г.Сәрсенқұлова

 

Қызылқоға аудандық аудандық құрылыс, бас маманы- есепші жұмысшы  топтың  мүшесі

 

 

 

О.Нәбиева

Қызылқоға аудандық құрылыс бөлімінің әдіскері жұмысшы  топтың  мүшесі

 

                               Н.Қанышкалиев

 

 

«Қызылқоға аудандық құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауы бойынша 2024 жылдың мамыр-желтоқсан айлары және 2025 жылдың қаңтар-маусым айлары бойынша талдамалық анықтама
Дата публикации
08 июля 2025