«Қызылқоға аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауы бойынша 2024 жылдың шілде - желтоқсан айлары мен 2025 жылдың 6 айы бойынша талдамалық АНЫҚТАМА

«Қызылқоға аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауы бойынша 2024 жылдың шілде - желтоқсан айлары мен 2025 жылдың 6 айы бойынша талдамалық

АНЫҚТАМА

                                                                                             

24 маусым 2025 жыл

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жұмыстары Қызылқоға аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің  2025 жылғы 16 мамырдағы №64 «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау  жүргізу туралы» бұйрығы негізінде жүргізілді.

Талдау кезеңі: 2024 жылдың шілде - желтоқсан айлары мен 2025 жылдың  қаңтар - маусым аралығы.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезеңі:                        24 мамыр-24 маусым  аралығы.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдаудың мәні:

  1. Персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы;
  2. Мүдделер қақтығысын реттеу;
  3. Мемлекеттік қызмет көрсету;
  4. Бюджет және қаржы қаражатын  игеру  және  бөлу;
  5. Бөлімге келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері;
  6. Әдеп кодексі нормалары мен сыбайлас жемқорлық заңдарының сақталуы;
  7. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудан туындайтын өзгеде мәселелер.

«Қызылқоға аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ, Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі 2.

  1. Персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы

Қызылқоға аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің штаттық  құрылымы – 18. Атап айтқанда 1 басшы, 2 бас маман, 1 іс қағаз жүргізуші, 1 хат тасушы, 1 есепші, 1 тазалықшы, 1 автокөлік жүргізуші, 10 спорт нұсқаушысы. Қазіргі уақытта бос лауазымдық орын жоқ.

  1. Мүдделер қақтығысын реттеу;

Бөлімде 2024 жылдың шілде – желтоқсан айлары мен 2025 жылдың қаңтар – маусым айлары аралығында мекеменің қызметіне қатысты нормативтік-құқықтық актілер  сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне, ішкі талдау жүргізу кезінде құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін дискрециялық өкілеттік пен нормалар анықталған жоқ,  мүдделер қақтығысы орын алған жоқ.

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету

Қызылқоға аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінде Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының 2014 жылғы 29 шілдедегі №300 «Спорттық атақтар, разрядтар және біліктілік санаттарын беру және олардан айыру, омырауға тағатын белгілерді беру қағидаларын, сондай-ақ олардың сипаттамасын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес бөлімде келесідей мемлекеттік қызметтер көрсетіледі:

2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-ші жасөспірімдер разрядындағы спортшы, 2-ші жасөспірімдер разрядындағы спортшы, 3-ші жасөспірімдер разрядындағы спортшы спорттық разрядтарын және бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы, спорт төрешiсi біліктілік санаттарын беру.

2024 жылдың шілде-желтоқсан айлары бойынша 2 мемлекеттік қызмет, 2025 жылдың қаңтар-маусым айлары бойынша барлығы 23 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

         Оның ішінде:

2024 жылы

  • Біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы - 1;
  • 3-ші жасөспірімдер разрядты спортшы – 1;
  • жылы
  • 1-ші жасөспірімдер разрядты спортшы – 5;
  • 3-ші жасөспірімдер разрядты спортшы – 14;
  • 2-ші разрядты спортшы – 1;
  • Біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы - 2;
  • Біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты әдіскер - 1;

  Аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің facebook парақшасына 20 қаңтар, 25 маусым күндері мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу мүмкіндігі туралы тиісті заңдылықтарын халыққа түсіндіру мақсатында ақпарат жарияланды.

11 ақпан күні аудан орталығында орналасқан "Арман" мәдениет үйінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша барлық бөлімдердің қатынасуымен "Ашық есік" күні болып өтті. Шарада аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызмет бойынша түсінік берілді.

Сондай-ақ "Ашық есік" күні онлайн режимде "Қызылқоға ауданы әкімдігі" фейзбук әлеуметтік желісі арқылы тікелей эфирде көрсетілді.

         4.Бюджет және  қаржы қаражатын  игеру  және  бөлу

         Бөлімге бөлінген бюджет қаражатын жұмсау жөніндегі ақпараттың ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында жұмыстарды, тауарларды, қызметтерді мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізу бойынша, заңға сәйкес жылдық жоспар бекітіліп, электрондық веб-порталда жарияланды. Осыған орай, барлық мемлекеттік сатып алулар, бекітілген жылдық жоспарға сәйкес жүзеге асырылды.

         Өткізілетін мемлекеттік сатып алулардың барлық тәсілдері, сондай-ақ конкурстық құжаттамалар, сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландырулар, конкурсқа қатысуға өтінімді ашу, конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу қорытындылары туралы хаттамалар Қазақстан Республикасының бірыңғай мемлекеттiк сатып алу веб-порталы арқылы ашық өткізіледі.

         Бөлімнің қызметкерлерін  іс-сапарға жіберу кезінде жоғары органдардың хаттары негізінде жіберіліп, е-қызмет ақпараттық жүйесіне енгізіліп отырады.

 

  1. Бөлімге келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері

         Көрсетілген мерзім 2024 жылдың шілде-желтоқсан айларында  4 өтініш, 2025 жылдың 6 айы бойынша бөлімге е-өтініш ақпараттық жүйесімен аудан әкімдігі арқылы жеке және заңды тұлғалардан 2 өтініш түсіп, ҚР Заңына сәйкес жауаптары мерзімінде берілді.

 

 

  1. Әдеп кодексі нормалары мен сыбайлас жемқорлық заңдарының сақталуы

         Бөлімде Қазақстан Респуликасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Заңының талаптары қатаң сақталады. Мекеме ғимаратында мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі орналастырылған.

         Азаматтардың арыз-шағымдарын салуға арналған жәшіктер мекемеде көрнекі орынға орналастырылған, 2-16-17 сенім телефоны орнатылған.

  1. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудан туындайтын өзгеде мәселелер.

         Бөлім бойынша 2024 жылдың шілде-желтоқсан айларында 105 бұйрық, 2025 жылдың қаңтар-маусым айларында 104 бұйрық қабылданған.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің қорытындылары

 

І. Кіріспе

  1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы монитрингтің мәні: сыбайлас жемқорлыққа қарсы туындайтын жағдайларды анықтау.
  2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы монитрингі жүргізілді: «Қызылқоға аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі-2.

         Электронды пошта: g.kurmangaziyeva@atyrau.gov.kz, байланыс нөмері 8/71238/2-18-57, 2-15-63;

  1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингті жүргізу кезеңі: 24 мамыр-24 маусым  аралығы.

 

  1. Бақыланатын кезең: 2024 жылдың шілде-желтоқсан айлары мен 2025 жылғы 6 айы бойынша.

ІІ. Ақпараттық – талдамалық бөлім

Мемлекеттік органдар, ұйымдар, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметінде сыбайлас жемқорлықтың туындауының себептері мен жағдайын сипаттайтын сандық және сапалық көрсеткіштері.

 

 

ІІІ. Қорытынды бөлім

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субьектілері қабылдаған сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды жақсарту бойынша ұсынымдар:

  1. Мемлекеттік қызмет жұмыстарын қатаң заңдылыққа сай жүргізуге;
  2. Бөлімге келіп түскен арыз-шағымдарды мерзімінде және сапалы орындау;
  3. Бөлімде Әдеп кодексі нормалары мен сыбайлас жемқорлық заңдарының талаптарын сақталуын қадағалау.

 

Қызылқоға аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы

 

                                               С.Салықов

 

Қызылқоға аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы, жұмысшы  тобының  мүшесі

 

 

                                       

                                      Г.Құрманғазиева

 

«Қызылқоға» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы

 

Д.Губайдуллин

 

 

Бөлімнің статистикалық есепке алу жөніндегі маманы

Бөлімнің спорт жөніндегі әдіскері

 

М.Жасталапова

 

 

                                         А.Мырзабек

 

 

 

«Қызылқоға аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауы бойынша 2024 жылдың шілде - желтоқсан айлары мен 2025 жылдың 6 айы бойынша талдамалық АНЫҚТАМА
Дата публикации
04 июля 2025