МҚКК «Шалқыма » мәдениет үйі Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізіліп жатырған ішкі талдау нәтижелерін алдын-ала жария талқылау мақсатында өткізілген жиын-хаттамасы

МҚКК «Шалқыма » мәдениет үйі

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізіліп жатырған ішкі талдау        нәтижелерін алдын-ала жария талқылау мақсатында өткізілген жиын-хаттамасы

№1

 

Өткізілген күні:  2025 жылғы  25  маусым

 

Қатысқандар:  МҚКК «Шалқыма» мәдениет үйінің директоры, мекеменің қызметкерлері.

                                                

Күн тәртібі:

 

1.Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізіліп жатқан ішкі талдау нәтижелерімен таныстыру.

2.Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәти желері бойынша жазылып жатырған талдамалық анықтаманы талдау.

      Тыңдалды: МҚКК «Шалқыма»мәдениет үйінің  директоры міндетін атқарушы  А.Төлегенов ішкі талдау барысы және нәтижелері туралы есепті баяндады.

      МҚКК «Шалқыма» мәдениет үйінің 2025 жылға арналған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және алдын алу» үлгілік базалық бағытын іске асыру шеңберінде ауылдық округі әкімдерінің және дербес бөлім басшыларының ішкі талдау жүргізу туралы бекітілген кестесіне сәйкес, бөлім басшысының 2025 жылғы 16 мамырдағы № 94 «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау туралы» бұйрығымен сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу   мақсатында жұмыс тобы мен іс-шара жоспары бекітілгенін сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бағыты бекітілген үлгілік қағидаға сәйкес қамтылғанын, іс-шара жоспары мен ішкі талдау жүргізу кезеңі 2024 жылдың желтоқсан  айы мен 2025 жылдың маусым айлары аралығы етіп бекітілгенін хабарлады. Ішкі талдау төмендегі бағыттар бойынша жүзеге асырылды:                                                          

1.Персоналды басқару, соның ішінде  кадрлардың ауысуы;

2.Мүдделер қақтығысын реттеу;

3.Мемлекеттік қызмет көрсетуі;

4.Бюджет және қаржы қаражатын игеру және бөлу;

5.Бақылау-тексеру функцияларын іске асыру;

6.Әдеп кодексі нормалары мен сыбайлас  жемқорлық заңдарының сақталуы;

7.Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудан туындайтын өзге де мәселелер;

8.Рұқсат беру функцияларын іске асыру;

9.Әдеп кодексі нормалары мен сыбайлас жемқорлық заңдарының сақталуы;

Қамтылған бағыттар бойынша анықталған кемшіліктер болмады.

 

            Жиналыс төрағасы:                                    А.Төлегенов

           

             Хаттама жүргізген:                                     Б.Мамбеткалиев

 

 

МҚКК «Шалқыма » мәдениет үйі Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізіліп жатырған ішкі талдау нәтижелерін алдын-ала жария талқылау мақсатында өткізілген жиын-хаттамасы
Дата публикации
03 июля 2025