Мемлекеттік Қазыналық Коммуналдық Кәсіпорны «Жангелдин» мәдениет үйі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу туралы анықтама

                                                        «БЕКІТЕМІН»

                                                                     МҚКК «Жангелдин» мәдениет үйі

директоры ____________ Т.Бақ

«____» _______________ 2025жыл

 

Мемлекеттік Қазыналық  Коммуналдық Кәсіпорны «Жангелдин» мәдениет үйі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу туралы анықтама

 Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне  ішкі талдау жүргізудің  үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, Мемлекеттік Қазыналық Комуналдық  Кәсіпорны «Жангелдин» мәдениет үйі директорының

жылғы №13     бұйрығымен   сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу үшін жұмыс тобы құрылды.

Жұмыс тобы төмендегідей ақпарат көздері бойынша талдау жүргізді:

1) бөлімшенің қызметін қозғайтын нормативтік-құқықтық актілер;

2) бөлімшеге қатысты мемлекеттік органдардың бұрын жүргізген тексеру нәтижелері;

3) бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар;

4) бөлімшеге келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері;

5) прокурорлық қадағалау актiлерi;

6) ұсынылуына Қазақстан Республикасының заңнамасымен жол берілген өзге де мәліметтер сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің ақпарат көздері болып табылады.

«Жангелдин» мәдениет үйі мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорында штат саны –  16 бірлікті құрайды. Атап айтқанда директор -1,  әдіскер-1,көркемдік жетекші-3,режиссер-1, концертмейстор(сүймелдеуші)-1, 

есепші-1,    сантехник-1,  тазалықшы-1,   қарауыл-3,    от жағушы-3.

  Жұмыстан босатылғандардың ешқайсысының сыбайлас жемқорлықпен байланысы жоқ. «Жангелдин» мәдениет үйінде жұмысқа қабылдау, аудандық жұмыспен қамту орталығы жолдамасы арқылы жүргізіледі.

МҚКК «Жангелдин» мәдениет үйі мекемесінің міндеттеріне

1) Қазақстан Республикасының Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің  Жарлықтарына, Үкімет қаулыларына, жоғары тұрған өкілетті және атқарушы органдардың, облыс, аудан, ауылдық округ әкімдерінің нормативтік құқықтық актілерін орындау мақсатында жұмысты ұйымдастыру;

2)   мәдениет үйі мекемесінің құқықтық актілер жобасын әзірлеу;

3) Заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін, арыздарын және шағымдарын тіркеу және қарау;

          4) «Жангелдин» мәдениет үйі мекемесінің бюджеттік бағдарламалар жобаларын әзірлеу;

5) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте сай мәдени қызметтер ;

6) «Медиация туралы» Қазақстан Республикасының Заңын орындау бойынша жұмысты  ұйымдастыру;

 «Жангелдин» мәдениет үйі мекемесінің өз қызметін атқаруда келесі нормативтік құқықтық актілер қолданады:

- Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V Еңбек кодексі;

- Қазақстан  Республикасы   Президентінің    2015 жылғы                            29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы  Әдеп кодексі;

- Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 416-V «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» заңы;

- Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 221-III «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» заңы;

- Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы №434-V «Мемлекеттiк сатып алу туралы» заңы;

- Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148-II «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңы;

- Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 221-III «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» заңы;

«Жангелдин» мәдениет үйі  мемлекеттік мекемесінің ұйымдастырушылық - басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін тәуекелдер анықталған  жоқ.  

 «Жангелдин» мәдениет үйі мемлекеттік мекемесінің 2025 жылғы 6 айында мекеменің қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілер  сыбайлас жемқорлыққа тәуекелдеріне, ішкі талдау жүргізу кезінде құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін дискрециялық өкілеттік пен нормалар анықталған жоқ.

 «Жангелдин» мәдениет үйі мемлекеттік мекемесінде мүдделер қақтығысы орын алған жоқ. Мәдени  қызметшілерден шағым  түскен  жоқ.

 «Жангелдин» мәдениет үйі мемлекеттік мекемесінде 2025 жылдың 6 ай бойынша  жалпы саны –  58  мәдени шара  көрсетілді.

         еҚазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа  қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 22-бабына сәйкес барлық мемлкеттік органдар, ұйымдар,  квазимемлкеттік сектор субьектілері  мен лауазымды адамдар өз құзыреті шегінде  сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес  жүргізуге міндетті екендігін ескере отырып, МКҚК «Жангелдин» мәдениет үйі мекемесі   www. adaldyk.kz   тіркелді.

«Жангелдин» мәденет үйі мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік қызметтердің тиісті заңдылықтарын халыққа түсіндіру мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарына материалдар жариялаудың медиа-жоспары жасақталған.

 

МҚКК «Жангелдин» мәденет үйі әдіскері __________ М.Жумашева

«____» _______________ 2025жыл

Мәдениет үйінің көркемдік  жетекші          __________  Ә.Құлбатыров

«____» _______________ 2025 жыл

«Жангелдин» мәденет үйі жанындағы «Халықтық»

 театры режиссеры            _________  Б.Асан

«____» _______________ 2025 жыл

 

«Халықтық»  театрының  көркемдік  жетекшісі __________  Г.Тасқынбайқызы

«____» _______________ 2025 жыл

Мәдениет  үйінің  есепшісі ___________ Д.Ихсанова

«____» _______________ 2025 жыл

 

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау жөніндегі

КЕСТЕ

 

№

Мемлекеттік орган, ұйым, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің атауы

Талдау жүргізу мерзімі

Ішкі талдау нәтижесінде анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туралы қысқаша мәлімет

Анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жоюға бағытталған шаралар

Жүргізілген талдаудың интернет сайтқа орналасқандығы жөнінде сілтеме немесе скриншот

1

МҚКК «Жангелдин» мәдениет  үйі

11.06.2025ж.

Сыбайлас жемқорлық  тәуекелдеріне  ішкі талдау  жүргізу үшін қызметкерлерден жұмыс тобы  құрылды

-

 

 

 

Мемлекеттік Қазыналық Коммуналдық Кәсіпорны «Жангелдин» мәдениет үйі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу туралы анықтама
Дата публикации
03 июля 2025