«Ойыл ауылдық округі әкім аппараты» мемлекеттік мекемесі Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізіліп жатырған ішкі талдау нәтижелерін алдын-ала жария талқылау мақсатында өткізілген жиын хаттамасы №1

«Ойыл ауылдық округі әкім аппараты» мемлекеттік мекемесі

                                                             

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізіліп жатырған ішкі талдау нәтижелерін алдын-ала жария талқылау мақсатында өткізілген жиын хаттамасы №1

      

Өткізілген күні: 2025 жылғы 17 маусым                                                

Қатысқандар: округ әкімі, мемлекеттік қызметшілер, мекеменің барлық қызметкерлері.    

Шақырылғандар: Аудан әкімдігінің веб-сайтында және округтің әлеуметтік парақшаларында 17.06.2024 жылы сағат 10:00-де жария талқылау өтетіндігі туралы хабарлама жарияланды.      

 

Күн тәртібі:                               

  1. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізіліп жатқан ішкі талдау нәтижелерімен таныстыру.
  2. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша жазылып жатырған талдамалық анықтаманы талдау.

    

Тыңдалды:   

Ойыл ауылдық округінің әкімі А.Ақбалашұлы ішкі талдау барысы және нәтижелері туралы туралы есепті баяндады.

Қызылқоға ауданы әкімі аппараты 2025 жылға арналған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және алдын алу» №4 үлгілік базалық бағытын іске асыру шеңберінде ауылдық округі әкімдерінің және дербес бөлім басшыларының ішкі талдау жүргізу жүргізу туралы бекітілген кестесіне сәйкес, бөлім басшысының 2025 жылғы 16    мамыр  №94 «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау  жүргізу туралы» бұйрығымен сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу мақсатында жұмыс тобы мен іс-шара жоспары бекітілгенін, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бағыты бекітілген үлгілік қағидаға сәйкес қамтылғанын, іс-шара жоспары мен ішкі талдау жүргізу кезеңі 2025 жылдың мамыр және маусым айлары аралығы етіп бекітілгенін хабарлады. Ішкі талдау төмендегі бағыттар бойынша жүзеге асырылды: 

  1. Персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы;
  2. Мүдделер қақтығысын реттеу;
  3. Мемлекеттік қызмет көрсету;

4.Бюджет және қаржы қаражатын игеру және бөлу;

5.Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері;

  1. Әдеп кодексі нормалары мен сыбайлас жемқорлық заңдарының сақталуы;
  2. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудан туындайтын өзге де мәселелер.

         Хаттама жүргізуші: Н.Мырзагалиева

  1. Мемлекеттік қызметтерді көрсету барысында заңсыз әрекеттер мен талап ету фактілеріне жол бермеу, сондай-ақ өтініштерді уақытылы және заңға сәйкес қарау

         2.Округтегі барлық бөлімшелерде қызмет көрсету үдерістеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы талдау жүргізу, ішкі бақылау тетіктерін күшейту және анықталған тәуекелдер бойынша алдын алу шараларын қабылдау ұсынылды.

  1. Мемлекеттік қызметкерлердің Әдеп кодексін сақтауын қатаң бақылау, тұрғындармен қарым-қатынаста ашықтық пен сыпайылық қағидаларын ұстану міндеттелсін.

         4.Осы жиын хаттамасы «Ойыл ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-нің веб-сайтына және әлеуметтік желілеріне жариялансын.

 

Жиналыс төрағасы                                                               А.Ақбалашұлы

 

Хаттама жүргізген                                                                Н.Мырзагалиева

 

«Ойыл ауылдық округі әкім аппараты» мемлекеттік мекемесі Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізіліп жатырған ішкі талдау нәтижелерін алдын-ала жария талқылау мақсатында өткізілген жиын хаттамасы №1
Дата публикации
01 июля 2025