Мемлекеттік Қазыналық Коммуналдық Кәсіпорны «Самал» мәдениет үйі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу туралы АНЫҚТАМА

                                                             «БЕКІТЕМІН»

                                                             МҚКК «Самал» мәдениет үйі

  директоры ____________ М.Ерекенова

«____» _______________ 2025жыл

 

 

Мемлекеттік  Қазыналық  Коммуналдық  Кәсіпорны «Самал» мәдениет үйі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу туралы АНЫҚТАМА

 

 Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне  ішкі талдау жүргізудің  үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, Мемлекеттік Қазыналық Коммуналдық кәсіпорны «Самал» мәдениет үйі директорының 27.06.2025  жылғы №72 бұйрығымен   сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу үшін жұмыс тобы құрылды.

Жұмыс тобы төмендегідей ақпарат көздері бойынша талдау жүргізді:

1) бөлімшенің қызметін қозғайтын нормативтік-құқықтық актілер;

2) бөлімшеге қатысты мемлекеттік органдардың бұрын жүргізген тексеру нәтижелері;

3) бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар;

4) бөлімшеге келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері;

5) прокурорлық қадағалау актiлерi;

6) ұсынылуына Қазақстан Республикасының заңнамасымен жол берілген өзге де мәліметтер сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің ақпарат көздері болып табылады.

«Самал» мәдениет үйі Мемлекеттік Қазыналық Коммуналдық Кәсіпорында штат саны – 14 бірлікті құрайды.  Атап айтқанда директор -1,  әдіскер-1, көркемдік жетекші-2, режиссер-3,есепші-1,сантехник-1,тазалықшы-2,қарауыл-3 адам.

  Жұмыстан босатылғандардың ешқайсысының сыбайлас жемқорлықпен байланысы жоқ

  «Самал»мәдениет үйінің сантехник қызметіне мансап орталығының №5813721 жолдамасымен  Абдуллин Айбек 29.01.2025 жылдың  №20 бұйрығымен сантехник қызметіне 3 ай сынақ мерзімге жұмысқа қабылданып,2025 жылдың 26 мамыр айында мекеме басшысының №66 бұйрығымен сантехник қызметінен өз арызы негізінде жұмыстан босатылды.

   Аудандық мансап орталығының №6043366 жолдамасымен  келген  А.Тулеуов 09.06.2025 жылдың №70 бұйрығымен «Самал» мәдениет үйінің сантехник бос орнына   3 ай сынақ мерзімге жұмысқа қабылданды.

 «Самал» мәдениет үйінде жұмысқа қабылдау, аудандық жұмыспен қамту орталығы жолдамасы арқылы жүргізіледі.

 

 

 

 

 

 

 

МҚКК «Самал» мәдениет үйі мекемесінің міндеттеріне

1) Қазақстан Республикасының Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің  Жарлықтарына, Үкімет қаулыларына, жоғары тұрған өкілетті және атқарушы органдардың, облыс, аудан, ауылдық округ әкімдерінің нормативтік құқықтық актілерін орындау мақсатында жұмысты ұйымдастыру;

2)   мәдениет үйі мекемесінің құқықтық актілер жобасын әзірлеу;

3) Заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін, арыздарын және шағымдарын тіркеу және қарау;

          4) «Самал» мәдениет үйі мекемесінің бюджеттік бағдарламалар жобаларын әзірлеу;

5) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте сай мәдени қызметтер ;

6) «Медиация туралы» Қазақстан Республикасының Заңын орындау бойынша жұмысты  ұйымдастыру;

 «Самал» мәдениет үйі мекемесінің өз қызметін атқаруда келесі нормативтік құқықтық актілер қолданады:

- Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V Еңбек кодексі;

- Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы                                 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы  Әдеп кодексі;

- Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 416-V «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» заңы;

- Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 221-III «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» заңы;

- Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы №434-V «Мемлекеттiк сатып алу туралы» заңы;

- Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148-II «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңы;

- Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 221-III «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» заңы;

«Самал» мәдениет үйі  мемлекеттік мекемесінің ұйымдастырушылық - басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін тәуекелдер анықталған  жоқ.  

 «Самал» мәдениет үйі мемлекеттік мекемесінің 2024 жылғы 29 желтоқсан айында мекеменің қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілер  сыбайлас жемқорлыққа тәуекелдеріне, ішкі талдау жүргізу кезінде құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін дискрециялық өкілеттік пен нормалар анықталған жоқ.

 «Самал» мәдениет үйі мемлекеттік мекемесінде мүдделер қақтығысы орын алған жоқ. Мәдени  қызметшілерден шағым  түскен  жоқ.

         еҚазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа  қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 22-бабына сәйкес барлық мемлкеттік органдар, ұйымдар,  квазимемлкеттік сектор субьектілері  мен лауазымды адамдар өз құзыреті шегінде  сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес  жүргізуге міндетті екендігін ескере отырып, МКҚК «Самал» мәдениет үйі мекемесі   www. adaldyk.kz   тіркелді.

«Самал» мәденет үйі мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік қызметтердің тиісті заңдылықтарын халыққа түсіндіру мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарына материалдар жариялаудың медиа-жоспары жасақталған.

 

 

 

 

 

МҚКК «Самал» мәдениет үйі әдіскері __________ Г.Қамза

«____» _______________ 2025жыл

 

 

Халық театры режиссеры_________  Е.Измуханов

«____» _______________ 2025 жыл

 

Көркемдік  жетекші  __________  Қ.Үктібай

«____» _______________ 2025жыл

 

Халықтық отбасылық ұжым режиссеры __________ Қ.Қарабалина

«____» _______________ 2025 жыл

 

 

Халықтық отбасылық ұжым көркемдік жетекшісі ______Д.Жәкенов

«____» _______________ 2025 жыл

 

 

«Самал» мәдениет үйі есепшісі ___________ А. Әбішева

«____» _______________ 2025жыл

 

 

Мемлекеттік Қазыналық Коммуналдық Кәсіпорны «Самал» мәдениет үйі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу туралы АНЫҚТАМА
Дата публикации
01 июля 2025