Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізіліп жатырған ішкі талдау нәтижелерін алдын-ала жария талқылау мақсатында өткізілген жиын хаттамасы №1

«Миялы ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізіліп жатырған ішкі талдау нәтижелерін алдын-ала жария талқылау мақсатында өткізілген жиын хаттамасы

№1

 

Өткізілген күні: 2025 жылғы 17 маусым                                               

Қатысқандар: аудан әкімі аппаратының бас маманы және Миялы ауылдық округі әкімінің аппаратының барлық қызметкерлері.

Шақырылғандар: Аудан әкімдігінің веб-сайтында және бөлімнің әлеуметтік парақшаларында 17.06.2025 жылы сағат 10:00-де жария талқылау өтетіндігі туралы хабарлама жарияланды.

 

Күн тәртібі:

  1. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізіліп жатқан ішкі талдау нәтижелерімен таныстыру.
  2. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша жазылып жатырған талдамалық анықтаманы талдау.

 

Тыңдалды:

Миялы ауылдық округінің әкімі А.Багдаров ішкі талдау барысы және нәтижелері туралы туралы есепті баяндады.

Қызылқоға ауданы әкімі аппараты 2024 жылға арналған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және алдын алу» №4 үлгілік базалық бағытын іске асыру шеңберінде ауылдық округі әкімдерінің және дербес бөлім басшыларының ішкі талдау жүргізу жүргізу туралы бекітілген кестесіне сәйкес, бөлім басшысының 2024 жылғы 25 сәуірдегі  №58 «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау  жүргізу туралы» бұйрығымен сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу мақсатында жұмыс тобы мен іс-шара жоспары бекітілгенін, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бағыты бекітілген үлгілік қағидаға сәйкес қамтылғанын, іс-шара жоспары мен ішкі талдау жүргізу кезеңі 2024 жылдың шілде айынан бастап 2025 жылдың маусым айын қоса алғандағы аралығы етіп бекітілгенін хабарлады. Ішкі талдау төмендегі бағыттар бойынша жүзеге асырылды:

  1. Персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы;
  2. Мүдделер қақтығысын реттеу;
  3. Мемлекеттік қызмет көрсету;
  4. Рұқсат беру функцияларын іске асыру;
  5. Бақылау-тексеру функцияларыніскеасыру
  6. Бюджет және қаржы қаражатын  игеру  және  бөлу
  7. Бөлімге келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері;
  8. Әдеп кодексі нормалары мен сыбайлас жемқорлық заңдарының сақталуы;
  9. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудан туындайтын өзгеде мәселелер.

Қамтылған бағыттар бойынша анықталған кемшіліктер мен ұсыныстарды таныстырды.

Екінші мәселе бойынша округ әкімі аппаратының бас маманы А.Қабиеваның ұсынысы: талдау барысында анықталған заң бұзушылықтар бойынша, оның ішінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің қаралуына байланысты, бөлім қызметкерлеріне Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің талаптары мен нормаларын түсіндіру бойынша оқыту семинар-кеңестерін өткізуді ұсыныс етті.

Аудан әкімі аппаратының бас маманы Г.Батиховаға айтылған ұсыныстың өзекте мәселе екенін жәнеде басқада дербес бөлімдер мен ауылдық округтердің ұсыныстары негізінде ауданға көшпелі семинар өткізу жоспарланатындығы туралы мәлімдеді.

 

        Күн тәртібіндегі мәселе бойынша тапсырмалар:

 

  1. Ішкі талдау нәтижесі бойынша бөлімнің барлық қызметкерлеріне Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің талаптары мен нормаларын түсіндіру бойынша оқыту семинар-кеңестерін өткізу туралы аудан әкімі аппаратына ұсыныс берілсін. Орындалысы округ әкімі аппаратының бас маманы А.Қабиеваға жүктелсін.
  2. Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің талаптары мен нормаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасын барлық округ қызметкерлері мүлтіксіз сақтасын.
  3. Осы жиынның барысы туралы аудан әкімдігінің сайтына және әлеуметтік желідегі парақшаларына жариялансын.

 

 

Жиналыс төрағасы                                                               А.Багдаров

 

Хаттама жүргізген                                                                 Д.Тоқтарова

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізіліп жатырған ішкі талдау нәтижелерін алдын-ала жария талқылау мақсатында өткізілген жиын хаттамасы №1
Дата публикации
01 июля 2025